Күкірттің табиғаттағы рөлі мен оның қолданылуы. Күкірт- тің дүниежүзілік өндірісінің 50 %-ы күкірт қышқылын алу үшін жұмсалады. Күкірттің қалған мөлшері резеңке өндірісінде, жа- санды талшықтар, жарылғыш заттар өндірісінде, ауыл шаруа- шылығында, медицинада пайдаланылады.
Күкірт барлық тірі ағзалардың құрамында маңызды биоген- ді элемент ретінде болады. Өсімдіктер құрамындағы оның мөл- шері – 0,3-1,2 %, жануарларда 0,5-2 %-ды құрайды. Адамның
1 кг салмағында шамамен 2 г-ға жуық күкірт бар. Күкірттің биологиялық маңызы метионин мен цистеин амин қышқылда- рының, яғни пептидтер мен ақуыздардың құрамына кіруімен анықталады. Полипептидті тізбектің дисульфидті байланысы – S
– S – ақуыздардың кеңістіктік құрылымын қалыптастыруға қа- тысады, ал сульфгидрильді топтар (–SH) ферменттердің белсенді орталықтарында маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар күкірт гормон молекулаларында болады. Жүйке тіндерінде, сүйекте, шаш кератинінде күкірттің көп мөлшері бар. Күкірттің бейорганикалық қосылыстары өсімдіктерді минералдық қоректендіруге қажет. Күкірт айналымы белсенді элементтер қатарына жатады.
Күкіртсутек. Күкірт пен сутектің қосылысы күкіртсутек деп аталады. Ол мұнай мен табиғи газда өте жиі кездеседі, сонымен қатар минералды қайнарларда жəне вулкандардан шығатын газ- дарының құрамында болады.
Күкіртсутекті күкіртті металдарға, мысалы темір сульфидіне сұйытылған қышқылдармен əсер ету арқылы алады:
FeS + 2HCl = FeCl2 + H2S
Күкіртсутек – шіріген жұмыртқаның иісі бар түссіз газ. Ол өте улы, тыныс алғанда ол гемоглобинмен байланысып, параличке əкеледі, кейде өлімге де əкелуі мүмкін. Күкіртсутек ауадан ауыр, суда жақсы ериді: судың бір көлемінде күкіртсутектің 2,5 көлемі ериді. Бұл жарық жерде біраз уақыт тұрса айырылып, күкірт бө- лініп шыққандықтан лайланып кетеді.
Химиялық реакцияларда күкіртсутек өзін өте күшті тотық- сыздандырғыш жəне əлсіз қышқыл (сулы ерітінділерде) ретінде көрсетеді.
H2S-тегі күкірттің тотығу дəрежесі 2-ге тең, сондықтан күкірт- сутекке күшті тотықсыздандырғыштық қасиет тəн. Өте күшті то-
тықсыздандырғыш ретінде ол S0, S+4 жəне S+6-ға дейін тотығады. Күкіртсутектің тотығуының өнімі күкірт, күкірт диоксиді, күкірт қышқылы болуы мүмкін, мысалы:
5H2S + 2KMnO4 + 3H2SO4 = 5S + 2MnSO4 + K2SO4 + 8H2O H2S + 2HNO3 = S + 2NO2 + 2H2O
Тотығу деңгейі реакция жағдайына байланысты болады. Мы- салы, оттектің жетіспеушілігінен күкірт пен су түзіледі:
2H2S + О2 = 2S + H2O
ал оттектің артық мөлшерінде күкіртсутек су мен күкірттің (IV)
оксидін түзе жанады:
2H2S + 3О2 = 2SО2 + 2H2O
Күкіртсутектің судағы ерітіндісі күкіртсутекті су деп ата- лады, ол қышқылдың қасиеттерін көрсетеді. H2S – əлсіз екі не- гізді қышқыл. Ол сатылы, негізінен бірінші саты бойынша дис- социацияланады:
2
1
H S → H+ + HS- (K = 6·10-8)
2
HS- → H+ + S2- (K = 10-14)
Күкіртсутек өте əлсіз қышқыл; ол көмір қышқылынан əлсі- зірек. Қыздырғанда H2S күкірт пен сутек түзе ыдырайды:
H2S = Н2 + S
Күкіртсутек екі типті тұз түзеді: орта – сульфидтер, Na2S жəне қышқылдық – гидросульфидтер, NaHS. Бұл тұздарды газ тəрізді күкіртсутекті сілті немесе тұз ерітінділерін жіберу арқылы алуға болады, мысалы:
2NaOH + H2S = Na2S + H2O NaOH + H2S = NaHS + H2O
Күкіртсутектің артық мөлшерін қолданғанда гидросульфид- тер түзіледі.
Барлық гидросульфидтер (NaHS, КHS, Сa(HS)2) суда жақсы ериді. Сульфидтер суда əртүрлі ериді. Сілтілік, сілтілік жер ме- талдарының сульфидтері жəне аммоний сульфиді ериді. Қалған металдардың сульфидтері суда ерімейді, ал кейбір ауыр метал- дардың сульфидтері қышқылдардың өзінде де (азот қышқылынан басқасы) ерімейді. Кейбір сульфидтердің өзіне тəн түстері бар, сондықтан олар сапалық анализде қолданылады. Мысалы, ZnS – ақ, CdS – сары, MnS – ал қызыл, PbS, CuS, FeS – қара тұнбалар. Күкіртсутекті қышқылға жəне оның еритін тұздарына сапалық реакция (сульфид-ионға S2-) ретінде олардың қорғасынның еритін тұздарымен əрекеттесуі қолданылады, мысалы:
Pb(NO3)2 + H2S = PbS↓ + 2HNO3
Бұл кезде қара түсті тұнба түзіледі.
Медицинада күкіртсутек суы ревматизм мен тері ауруларын емдеу үшін қолданылады. Күкіртсутек минералды судың бір құ- рауышы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |