Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет20/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Селен жəне теллур




Табиғатта таралуы. Табиғатта селен мен теллурдың мөлшері көп емес; бұл элементтердің жер қыртысындағы массалық үлесі 6∙10-5 жəне 1∙10-6 %-ды құрайды. Оларды шашыраңқы эле- менттерге жатқызады: селен мен теллурдың өздерінің кендері жоқ, күміс, мыс, қорғасын, күкірт жəне басқа элементтердің таби- ғи қосылыстарындағы қоспалар ретінде кездеседі.
Қасиеттері. Селен мен теллурдың бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері бар, олардың ішіндегі тұрақтылары сұр кристалды селен жəне күміс сұр түсті металдық жылтыры бар кристалды теллур.
Селен мен теллурдың химиялық қасиеттері күкіртке ұқсас, алайда оларға əлсіз тотықтырғыштық жəне күшті тотықсыз- дандырғыштық қасиет тəн. Тотығу дəрежелері: -2; +4; +6. Селен мен теллур галогендермен, оттекпен əрекеттеседі, мысалы: Se + 2Hal2 = SeHal4.
Металдармен əрекеттесіп:

  • 2Cu + Se = Cu2Se – селенидтер;

  • 2Ag + Te = Ag2Te – теллуридтер;

  • сумен: Se + H2O ¹, бірақ Te + 2H2O = TeO2 + H2;

  • сілтілермен: 3Se + 6KOH ↔ 2K2Se + K2SeO3 + 3H2O;

  • концентрлі қышқылдармен: Se + 4HNO3 = H2SeO3 + 4NO2 + H2O түзеді;

  • сұйытылған қышқылдармен, тотықтырғыштармен селен əрекеттеспейді.

Селен мен теллур сутекпен əрекеттесіп, күкіртсутектің қа- сиетіне ұқсастығы бар қосылыстар түзеді. H2O – H2S – H2Se – H2Te – H2Po қатарында:

    • Иондық радиустардың Э2- өсуі байқалады, сондықтан Э–Н байланысының энергиясы мен ұзындығы төмендейді.

    • Гидридтерінің тұрақтылығы төмендейді.

    • Қышқыл күші артады.

    • Тотықсыздандырғыштық белсенділігі артады.



H2Se, H2Te, H2Po – жағымсыз иісі бар түссіз улы газдар. Оларды жай заттардан:

H2 + Se = H2Se H2 + Te = H2Te


жəне селенидтер мен теллуридтердің сумен, сұйытылған қыш- қылдармен əрекеттесуі арқылы алады:

Al2Te3 + 6H2O = 3H2Te + 2Al(OH)3 FeSe + 2HCl = FeCl2 + H2Se


H2Se, H2Te сулы ерітінділері əлсіз қышқылдар болып табыла- ды. Бұл қышқылдардың тұздары селенидтер мен теллуридтер деп аталады.
Селен мен теллурдың, сонымен қатар селенсутек пен теллур- сутектің жануы нəтижесінде селен (IV) оксиді мен теллур (IV) оксиді түзіледі:
Se + O2 = SeO2
2Te + 3O2 = 2TeO2 + 2Н2О
SeO2 жəне TeO2 оксидтері ақ кристалды заттар, сілтілерде жақ- сы ериді:
SeO2 + 2NaOH = Na2SeO3 + H2O (натрий селениті) Сумен əрекеттесіп, қышқыл түзеді:
SeO2 + Н2О = Н2SeO3
TeO2 + Н2О = Н2TeO3
Селенді жəне теллурлы қышқылдар – əлсіз электролиттер, олар тек сулы ерітінді күйінде кездеседі. Селенді қышқылды то- тықтырып, селен қышқылына айналдыруға болады;

Н2SeO3 + CI2 + Н2О = Н2SeO4 + 2HCI


Н2SeO4 – қатты кристалдық зат. Күкірт қышқылы сияқты ұш- қыштығы кем. Органикалық заттарды көмірге айналдырады, өте күшті тотықтырғыш. Ангидриді жоқ. Селен қышқылының тұз- дары – селенаттар, сульфаттарға ұқсас. Əдетте, селенаттардың ерігіштігі сəйкес сульфаттармен салыстырғанда жоғары, ал тұ- рақтылығы төмен болады.
Селен мен теллур SeO2 мен TeO2 оксидтерінен басқа SeO3 жəне TeO3 оксидерін түзеді. Оларға Н2SeO4 селен қышқылы жəне Н2TeO4теллур қышқылы сай келеді. Селен қышқылы кон-
центрлі күкірт қышқылына қарағанда күшті тотықтырғыш болып табылады. Теллур қышқылының күші орташа.
Алынуы. Селенді түсті металлургия мен күкірт қышқылы өнеркəсібінің қалдықтарынан алады:

SeO2 + 2SO2 + 2H2O = Se + 2H2SO4


Қолданылуы. Селен мен теллурды жартылай өткізгішті құ- ралдар өндірісінде жəне металл құймаларына қоспа ретінде қол- данады. Жартылай өткізгіштік қасиеті бар селенидтер мен тел- луридтерді электронды техникада қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет