Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет18/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Күкірт оксидтері. Күкірт екі оксид түзеді: SO2 – күкірттің

  1. оксиді (күкіртті газ, күкіртті ангидрид, күкірттің диоксиді) жəне SO3 – күкірттің (VI) оксиді (күкіртті ангидрид, күкірттің триоксиді).

Күкірттің (IV) оксиді. Күкіртті газ – бұл өткір иісті, улы газ. Ауада күкіртті жаққанда түзіледі: S + O2 = SO2. Өнеркəсіпте күкірт диоксидін пиритті күйдіру арқылы алады:

4FeS2 + 11О2 = 2Fe2О3 + SО2


ал зертханада мысқа концентрлі күкірт қышқылымен əсер ету ар- қылы алады:

Cu + 2H2SO4 = CuSO4 + SO2 + 2H2O


Суда жақсы ериді (бөлме температурасында судың бір көле- мінде күкірт диоксидінің 40 көлемі ериді), бұл кезде күкіртті қышқыл H2SO3 түзіледі.
Күкірт диоксиді – қышқылдық оксид, негіздермен əрекеттесіп,
тұздардың екі түрін түзеді:

  • қышқылдық (гидросульфиттер), мысалы: SO2 + NaOH = NaHSO3;

  • орта (сульфиттер), мысалы: SO2 + 2NaOH = Na2SO3 + Н2О;

  • негіздік оксидтермен: SO2 + СaO = СaSO3;

  • сумен: SO2 + H2O = H2SO3.

Күкіртті қышқыл тек ерітінді түрінде кездеседі, екі негізді
қышқылға жатады, сатылы диссоциацияланады:

H SО  H+ + HSО - – гидросульфит ионы


2 3 3
HSО -  H+ + SО 2- – сульфит ионы
3 3

Күкіртті қышқылға қышқылдардың барлық жалпы қасиеттері тəн.


Тотығу-тотықсыздану үдерістерінде күкірт диоксиді тотығу- тотықсыздану екіжақтылығын көрсетуі мүмкін, себебі күкірт бұл қосылыста аралық тотығу дəрежесін көрсетеді. Күшті тотықсыз- дандырғыштармен SO2 тотықтырғыштық қасиет көрсетеді, мысалы:
SO2 + 2H2S = 3S + 2H2O

Тотықсыздандырғыш ретінде SO2 күшті тотықтырғыштармен əрекеттеседі, мысалы:


SO2 + Br2 + 2H2O = H2SO4 + HBr


Күкірт оксиді тігін өнеркəсібінде əртүрлі заттарды ағарту үшін кең қолданылады. Сонымен қатар оны зиянды микроорга-

низмдерді жою үшін де пайдаланады. Күкірт диоксиді көп мөл- шерде күкірт қышқылын алуға қолданылады.


Күкірт (VI) оксиді. Күкірт ангидриді SO3 – 17°С температурадан төмен температурада ақ кристалдық затқа айналатын түссіз ері- тінді. Ылғалды өзіне өте жақсы сіңіреді.
Күкірт диоксидін жоғары температурада жəне катализатордың қатысуында тотықтырғанда SO3 түзіледі:

2SO2 + О2 = 2SO3


Нағыз қышқылдық оксид ретінде күкірт ангидриді негіздер- мен əрекеттесіп, екі түрлі тұз түзеді:

  • қышқылдық (гидросульфаттар), мысалы: SO3 + NaOH = NaHSO4 ;

  • орта (сульфаттар), мысалы: SO3 + 2NaOH = Na2SO4 + Н2О;

  • негіздік оксидтермен: SO3 + СaO = СaSO4;

  • сумен: SO3 + H2O = H2SO4 – суда еру кезінде жылу бөлінеді

(∆Н°298 = -62,7 кДж/моль) жəне күкірт қышқылы түзіледі.
Күкірт ангидридінің ерекше қасиеті деп оның күкірт қышқы-
лында жақсы еру мүмкіндігін атауға болады, нəтижесінде олеум түзіледі: H24 + SО3 = H24·nSО3(олеум). n=1-ге тең болғанда пирокүкірт қышқылының түссіз кристалдары түзіледі: H24 + SО3 = H2S2О7.
Күкірт (VI) оксидіне күшті тотықтырғыштық қасиет тəн (SO2-
ге дейін тотықсызданады):

3SO3 + H2S = 4SО2 + H2O


Таза күйінде күкірт ангидридінің практикалық маңызы жоқ.
Ол күкірт қышқылы өндірісінде аралық өнім болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет