Жану реакцияларына қандай реакциялар жатады? Мысал келтіріңіздер.
Бертолле тұзының ыдырауы нəтижесінде көлемі 6,72 л (қалыпты жағ- дайда) оттек алынды. Алғашқы заттың массасын есептеңіздер.
Қандай жағдайда: 1 моль сутек асқын тотығы Н2О2 немесе 1 моль ка- лий хлораты КС1О3 ыдырағанда көп мөлшерде оттек бөлінетінін есеп- теңіздер.
Күкірттің жəне оның сутекті қосылыстарының құрылысын сипат- таңыздар.
Егер күкірт қышқылының тотықсыздану өнімі күкірт диоксиді жəне күкіртсутек болса, концентрлі күкірт қышқылының күміспен жəне каль- циймен реакция теңдеуін жазыңыздар.
Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңыздар:
S →FeS→H2S→SO2→Na2SO3→Na2SO4→BaSO4.
Берілген реакцияларға электрондық баланс əдісін қолданып, коэффи-
циенттерін койыңыздар. Қандай реакцияларда күкірттің қосылыстары тотықтырғыштар, ал қайсысында тотықсыздандырғыштар болатынын көрсетіңіздер:
а) H2SO3+ HI→S + I2+ H2O;
ə) Na2SO3+ K2Cr2O7+ H2SO4→ Na2SO4+ Cr2(SO4)3+ K2SO4+ H2O;
б) Na2S + KMnO4+ H2O → S + MnO2+ NaOH + KOH.
Мыс сульфатының гидролизін түсіндіріңіздер.
Қышқылдардың Н2S, Н2SО3, Н2SО4 химиялық қасиеттерін салысты- рыңыздар. Жауаптарыңызды реакция теңдеулерімен дəлелдеңіздер.
Жылу электр станциялары мен өнеркəсіп орындарынан күкірт (IV) ок- сидінің бөлінуінің қандай қаупі бар? Сəйкес реакция теңдеулерін жа- зыңыздар.
Тотығу дəрежелері -2, +4, +6 тең селен мен теллур қосылыстарының формулаларын жазыңыздар.
Тірі ағзадағы күкірттің алатын орны қандай?
Элементтердіңжалпысипаттамасы:Периодтық жүйенің V тобының негізгі топшасын азот N, фосфор P, күшəн As, сүрме Sb жəне висмут Bi құрайды. Бұл топша элементтері атомдарының валентті электрондық конфигурациясы – ns2np3, яғни олардың бес валентті электрондары бар, сондықтан олар -3-тен +5-ке дейінгі тотығу дəрежелерін көрсете алады.
V А топшасы элементтері атомдарының негізгі сипаттамалары
кестеде келтірілген:
кесте