Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева


Фосфор жəне оның қосылыстары



бет24/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы

Фосфор жəне оның қосылыстары




Табиғатта таралуы. Фосфор көп тараған элементтер қата- рына жатады, алайда ол тек қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысындағы фосфордың массалық үлесі 0,08 %-ды құрайды. Негізгі минералдары: фосфорит Са3(РО4)2 жəне апатит Са5(РО4)3Х, мұндағы Х = F (Cl сирегірек немесе OH).
Қасиеті. Фосфордың бірнеше аллотропиялық түрі бар, олар қасиеттері бойынша ерекшеленеді.

    1. кесте

Фосфордың аллотропиялық түр өзгерісінің сипаттамасы мен қасиеттері



Ақ фосфор

Қызыл фосфор

Қара фосфор

Жұмсақ кристалдық зат. Р4 молекуласынан тұрады. Суда ерімейді, күкірткөміртекте ериді, улы, тез тұтанады.
Қыздырғанда қызыл фосфорға айналады.
P

P


P P
Молекулалық кристалдық торы бар.

Қызғылт ұнтақ, улы емес, су мен
күкірткөміртекте ериді. Атомдық кристалдық торы бар. Ұшқыш емес, улы емес, жанғыш емес.
P P
P P P P P P
Бұл Р4 тетраэдрін
созғанда алынатын бейорганикалық полимер.

Неғұрлым тұрақты модификация.
Сыртқы пішіні графитке ұқсайды, ұстағанда майлы, жартылай өткізгіштің қасиеттерін көрсетеді. Атомдық кристалдық торы бар. Құрылымы бойынша бейорганикалық полимер болып табылады. Ұшқыш та, улы да емес.



Фосфор азотпен салыстырғанда белсендірек. Фосфордың хи- миялық белсенділігі оның қандай аллотропиялық түр өзгерісінде болатынына байланысты. Мысалы, ақ фосфор қара фосфорға қарағанда белсендірек болып келеді. Ақ фосфорды химиялық реакция теңдеулерінде оның молекуласының құрамына сайкелетін Р4-пен белгілейді. Қызыл жəне қара фосфор модификацияларын

Р таңбасы арқылы жазады. Егер модификациясы белгісіз немесе кез келгені болса, ол жағдайда да осы таңба қолданылады.



  1. Бейметалдармен əрекеттесуі. Фосфор көптеген бейметал- дармен – оттекпен, күкіртпен, галогендермен əрекеттеседі. Фос- фордың артық мөлшері немесе жетіспеушілігіне байланысты фосфордың (III) немесе (V) қосылыстары түзіледі, мысалы:

P4 + 5O2 (артық мөлшері) = P4O10 немесе (4P + 5O2 = 2P2O5) P4 + 3O2 (жеткіліксіз) = P4O6 немесе (4P + 3O2 = 2P2O3)


2P + 5Cl2 (артық мөлшері) = 2PCl5 2P + 3Cl2 (жеткіліксіз) = 2PCl3
Сутекпен фосфор əрекеттеспейді.

  1. Металдармен əрекеттесуі. Фосфорды металдармен қыз- дырғанда фосфидтер түзіледі:

2Р + 3Са = Са3Р2


Кейбір металдардың фосфидтері сумен əрекеттесіп, газ тəрізді


фосфин РН3 түзеді:

Mg3P2 + 6H2O = 3Mg(OH)2 + PH3



  1. Сілтілермен əрекеттесуі. Сілті ерітіндісінде ақ фосфорды қыздырғанда ол диспропорцияланады:

P4 + 3NaOH + 3H2O = PH3 + 3NaH2PO2





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет