Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет27/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Күшəн, сүрме, висмут




Табиғатта таралуы. Жер қыртысындағы күшəннің, сүрменің жəне висмуттың мөлшері көп емес, бұл элементтердің массалық үлестері 5·10-4, 4·10-5 жəне 2·10-5 %-ға сай келеді. Олар табиғатта күкіртпен қосылыстары түрінде кездеседі: As2S3, Sb2S3 жəне Bi2S3. Қасиеттері. Күшəннің бірнеше модификациясы бар: сары, қара. Алайда тұрақтысы – сұр түстісі немесе металдық күшəн, ол
электр тогын жақсы өткізеді.
Сүрме екі модификациялық түрде кездеседі: металдық моди- фикациясы электр тогын өткізеді, күміс жалтыры бар; сүрменің сары аллотропиялық түрінің тұрақтылығы төмен жəне тез ме- талдық түрге ауысады.
Висмут – қызғылттау күміс түсті металл, майысқақ, тез май- даланады, электр тогын өткізеді.
As – Sb – Bi қатарында металдық қасиеттері артып, бейметалдық қасиеттер əлсірейді. Мысалы, күшəн бейметалл болса, сүрме ме- талл мен бейметалдың аралық өнімі деп есептелсе, ал висмут тек металдық қасиет көрсетеді. Бұл элементтердің оттекпен қыздыру арқылы əрекеттесуі нəтижесінде +3 тотығу дəрежесін көрсететін оксидтері түзіледі: As2О3 – қышқылдық оксид, Sb2О3 – екідайлы
оксид жəне Bi2О3 – негіздік оксид. Күшəннің (III) оксиді суда еріп,
күшəндау қышқылын түзеді:

As2О3 + 3Н2О = 2Н2AsО3


Sb2О3 жəне Bi2О3 оксидтері суда ерімейді.
Күшəн, сүрме жəне висмут аталған оксидтерінен басқа тотығу
дəрежесі +5-ке тең оксидтер де түзеді: As2О5, Sb2О5 жəне Bi2О5. Күшəннің (V) оксиді қышқылдық қасиет көрсетеді, ол суда еріп күшəн қышқылын түзеді:

As2О5 + Н2О = Н3AsО4


Сүрменің (V) оксиді, əсіресе висмуттың (V) оксиді – тұрақсыз қосылыстар.


Бұл элементтердің оттекті қосылыстарындағы тотығу-то- тықсыздану белсенділіктері төмендегі сызбанұсқа арқылы си- патталады:

As3+← Sb3+← Bi3+ As5+→ Sb5+→ Bi5+


тотықсыздану қасиеттері күшейеді тотығу қасиеттері күшейеді


Висмутаттар күшті тотықтырғыштар болып табылады, мы- салы натрий висмутаты NaBiO3:
2Mn(NO3)2 + 5NaBiO3 + 16HNO3 = 2HMnO4 + 5Bi(NO3)3 +
5NaNO3 + 7H2O
Сүрме мен висмут металдардың кернеу қатарында сутектен кейін орналасқан элементтер, сондықтан оларға сұйытылған қышқылдар əсер етпейді. Күшəн, сүрме жəне висмут концентрлі азот қышқылымен əрекеттеседі:

2As + 5HNO3 + 2H2O = 3H2AsO4 + 5NO Sb + 5HNO3 + H2O = H[Sb(OH)6] + 5NO2 Bi + 6HNO3 = Bi(NO3)3 + 3NO2 + 3H2O


Концентрлі күкірт қышқылы сүрме мен висмутты қыздырғанда тотықтырады, мысалы:

2Bi + 6H2SO4 = Bi2(SO4)3 + 3SO2 + 6H2O




Алынуы.
Күшəнді FeAsS күшəнді колчеданды жəне темір диарсенидін
FeAs2 ауасыз қыздыру арқылы алады:

FeAsS = FeS + As FeAs2 = FeAs + As


Сүрмені оның сульфидін темірмен балқыту арқылы алады: Sb2S3 + 3Fe = 2Sb + 3FeS


Висмутты табиғи сульфидті жандыру арқылы:

2Bi2S3 + 9O2 = 2Bi2O3 + 6SO2


Одан кейін оның оксидін көмірмен тотықсыздандыру арқылы алуға болады:
Bi2О3 + 3С = 2Bi + 3СO
Висмутты сонымен қатар қорғасын кендерін қайта өңдеуде қосалқы өнім ретінде бөліп алуға болады.
Қолданылуы. Күшəн, сүрме мен висмутты құйма өндірісінде қолданады. Металл сүрме баспа жұмыстарында қолданатын қор- ғасын мен қалайы құймасының құрамына кіреді. Висмутты маг- нитті қасиеттері бар құймалар, тез балқитын құймалар алу үшін қолданады. Күшəн, сүрме мен висмуттың кейбір қосылыстарының жартылай өткізгіштік қасиеттеріне байланысты электронды тех- никада кеңінен пайдаланады.
Сүрме, висмут, əсіресе күшəннің қосылыстары улы. Күшəн- нің кейбір қосылыстарын пестицидтер (ауылшаруашылық өсім- діктерін қорғауға қолданатын заттар) ретінде қолданады. Күшəн қышқылының кальций жəне натрий тұздары инсектицидтер
– зиянды жəндіктермен күресуге пайдаланылатын пестицидтер болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет