Табиғатта таралуы. Кремний жер бетінде таралуы жағынан оттектен кейінгі екінші элемент (29,5 %). Кремний диоксиді не-
месе кремнезем SiO2 түрінде кең тараған. Табиғатта ол кварц ми- нералы түрінде жəне оның басқа түрлерінде (кварц құмы, тау хрусталі, кремень, яшма, агат, опал жəне т.б.) де кездеседі. Крем- незем – кез келген құмның негізгі құрам бөлігі.
Кремнийдің көп мөлшері жер қыртысында силикаттар (крем- ний қышқылының тұздары) жəне алюмосиликаттар түрінде кезде- седі. Табиғи силикаттарға асбест жəне тальк минералдары жата- ды. Көптеген табиғи минералдарды алюмосиликаттар құрайды. Олар: далалық шпат, каолин, слюда, нефелин.
Табиғатта алюмосиликаттар жеке жəне қоспа түрінде де кез- деседі. Мысалы, тау жынысы – гранит далалық шпат, слюда жəне кварц кристалдарының қоспасынан тұрады. Таза каолин – бұл ақ балшық, ал темірі бар каолин – жай балшық.
Қасиеттері. Кремний – металдық жалтыры бар, сұр түсті ұнтақ зат. Ол алмаздың құрылымына ұқсас, бір тұрақты алло- тропиялық түр өзгерісін түзеді. Алмаздан өзгешелігі, кремний жартылай өткізгіш болып табылады. Бұл атомдардың арасын- дағы кейбір ковалентті байланыстардың жеңіл үзілуімен жəне осының əсерінен кристалдағы электрондар қозғалысының пайда болуымен түсіндіріледі.
Кремний химиялық қасиеттері бойынша бейметалл, алайда кейде ол металдық қасиет те көрсете алады.
Бейметалдармен əрекеттесуі. Кремний біршама салғырт ке- леді. Кəдімгі жағдайда ол тек фтормен ғана əрекеттеседі: Si + 2F2
= SiF4.
Металдармен əрекеттесуі. Металдармен қыздырғанда сили-
цидтер түзеді, мысалы магний силициді: Si + 2Mg = Mg2Si. Кейбір силицидтер қышқыл əсерінен ыдырайды, бұл кезде силан SiН4 газы бөлініп, металл тұзы түзіледі:
Mg2Si + 2Н2SО4 = SiН4 + 2MgSО4
Қышқылдармен жəне сілтілермен əрекеттесуі. Кремний кон- центрлі сілті ерітінділерінде еріп, кремний қышқылының тұзда-
рын жəне сутек түзеді: Si + 2КОН + Н2О = К2SiО3 + 2Н2. Фторсутекті қышқылдан басқа қышқылдар кремнийге əсер етпейді.
Тотығуы. Кремний оттекте жанып, кремний (IV) оксидін не- месе кремнезем түзеді:
Si + О2 = SiО2
Кремний (IV) оксиді – суда ерімейтін, түссіз кристалдық зат. SiО2 – қышқылдық оксид. Бұл салғырт қосылыс. Сілтілермен тек концентрлі ерітінділерін қайнатқанда ғана əрекеттеседі:
SiО2 + 2КОН = К2SiО3 + Н2О
Негіздік оксидтермен жəне карбонаттармен, мысалы содамен, балқытуға болады:
SiО2 + Na2CO3 = Na2SiO3 + CO2
Кварц құмы түріндегі кремнезем жай жəне кварц шынысы, цемент, керамика, фарфор жəне басқа да материалдар өндірісінде қолданылады. Кремнеземнің кейбір түрлерінен (яшма, агат, опал) əшекейлік бұйымдар жасалады.
Кремний қышқылы Н2SiО3 əлсіз екі негізді қышқылдарға жа-
тады. Суда аз диссоциацияланып, ериді: Н SiО ↔H+ + HSiO -.
2 3 3
Оны оксидтің сумен əрекеттесуі нəтижесінде алуға болмайды, кремний қышқылының калий немесе натрий тұздарына қышқыл- мен əсер етіп алады:
К2SiО3 + 2НС1 = Н2SiО3 + 2КС1
Н2SiО3 – əртүрлі поликремний қышқылдарының қарапайым бір түрі, оның құрамы хSiО2·уН2О формуласымен сипатталады. Кремний қышқылы – əртүрлі поликремний қышқылдарының қоспасы. Кремний қышқылы кепкенде силикагель – тиімді ад- сорбент болатын жоғары кеуекті зат түзіледі. Оны су буының жəне газдардың сіңіргіші ретінде, əртүрлі қоспалардан суды, ері- тінділерді, майларды тазартуға қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |