Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет28/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Бақылау сұрақтары мен жаттығулар



  1. Қосылыстардың: N2, NH3, NH4Cl, N2O, NO2 арасында қандай химиялық байланыстар бар?

  2. Азоттың валенттігі 4-тен, тотығу дəрежесі +5-тен жоғары болмауын, ал осы топшаның басқа элементтерінің валенттігі 5-ке, тотығу дəрежесі +5- тен жоғары болмауын қалай түсіндіресіздер?

  3. Неге аммиак ерітіндіде негіздік қасиет, ал НС1 мен Н2S қышқылдық қасиет көрсетеді?




  1. Берілген реакциялардың тепе-теңдік константаларының формуласын құрастырыңыздар:

а) NО2 + NО↔ N2О3;
ə) N2O3 + H2O↔2HNO2. Тепе-теңдікті: а) оңға; ə) солға ығыстыруға мүм- кіндік беретін əдістерді ұсыныңыздар.

  1. НС1-дың фосфинмен əрекеттесуі мүмкін бе? Бұл үдерістің механизмі қандай? Бұл жағдайда химиялық байланыстың қандай типі түзіледі?

  2. Аммиактың қышқылдық-негіздік жəне тотығу-тотықсыздану қасиеттері қандай? Мысал келтіріңіздер.

  3. Аммоний катионына қандай реакция сапалық реакция болады?

  4. Азот изотоптарының 14N,15N айырмашылықтары неде?

  5. Тірі ағзада азот қандай рөл атқарады?

  6. 17 т аммиак алуға қажетті азот пен сутектің (қалыпты жағдайда) көлемін есептеңіздер.

  7. Кальций нитратын аммоний карбонатымен əрекеттестіру арқылы аммо- ний нитратын алуға болады. Бұл реакцияның теңдеуін құрастырыңыздар жəне оның неліктен аяғына дейін жүретінін түсіндіріңіздер.

  8. Орта жəне қышқылдық фосфаттар гидролизінің айырмашылығы неде?


  9. 4
    Натрий висмутаты қышқылдық ортада Mn2+ ионын MnO - ионына дейін

тотықтырады. Реакция теңдеуін жазыңыздар.

  1. Фосфордың а) жай суперфосфаттағы, ə) қос суперфосфаттағы, б) пре- ципитаттағы массалық үлесін анықтаңыздар.

  2. Тірі ағзадағы фосфордың атқаратын рөлі қандай? Табиғаттағы фосфор айналымының ерекшелігі неде?

  3. Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңыздар:

P → Ca3P2→ PH3→ P2O5→ HPO3→ H3PO4→суперфосфат.

  1. Электрондық баланс əдісін қолданып, реакция теңдеулерін теңесті-

ріңіздер:
а) P + CuSO4 + H2O → H2SO4 + Cu + H3PO4;
ə) As + HNO3 + H2O →H2AsO4 + NO;
б) Bi + HNO3→Bi(NO3)3 + NO2 + H2O.



Элементтердің жалпы сипаттамасы: Периодтық жүйенің IV тобының негізгі топшасын көміртек С, кремний Si, германий Ge, қалайы Sn жəне қорғасын Pb құрайды. Олардың валентті электрондық конфигурациясы – ns2np2. Бұл элементтер атомдары- ның сыртқы энергетикалық деңгейінде бос р-орбиталі бар, сон- дықтан сыртқы энергетикалық деңгейдің бір s-электроны осы р-орбитальге өте алады (атомның қозған күйі).
Бұдан олардың тотығу дəрежелерінің -4, +2, +4-ке тең бола- тынын көруге болады. IV А топшасы элементтерінің жалпы си- паттамалары 11-кестеде келтірілген.



    1. кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет