Ландшафттану физикалық географияның саласы ретінде: зерттеу нысаны мен мәні, зерттеу әдістері. Ландшафттану


Геожүйе қызметінің буындарының бірі ретіндегі кіші биологиялық айналым



бет6/17
Дата11.07.2020
өлшемі55,48 Kb.
#75097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
шпооор Ландшафттану

Геожүйе қызметінің буындарының бірі ретіндегі кіші биологиялық айналым.

Биологиялық айналым — тіршілікте үздіксіз жүріп жататын биологиялық құбылыстардың кеңістікте белгілі бір тәртіппен қайталануы. Табиғатта болатын биологиялық айналымның сұлбасын былай көрсетуге болады:

  • продуценттер (жасыл өсімдіктер) күннің жарық энергиясын сіңіруінің нәтижесінде органикалық заттарды (бастапқы өнімді) түзеді. Ол заттар негізгі тіршілік тірегі болып саналады;

  • консументтер (жануарлар) дайын органикалық заттарды пайдаланып, оларды бір түрден екінші түрге айналдырады да, Жер бетінде тіршіліктің дамуына және олардың ұрпақтарының үнемі алмасып отыруына жағдай жасайды;

  • редуценттер (микроорганизмдер) органикалық заттарды минералды заттарға ыдыратады, соның нәтижесінде табиғатта қажетсіз қалдықтардың жиналуына жол бермейді.

Биологиялық айналым нәтижесінде табиғаттағы тіршіліктің дамуына қажетті элементтер топырақтан, ауадан және судан тірі организмдерге таралады және қайтадан топыраққа, ауаға, суға оралады

  • Кіші немесе биологиялық зат айналымы бұл - өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер және топырақ арасындағы зат айналымы. Биологиялық айналымның мәні екі қарама-қарсы, бірақ бір-бірімен байланысты процестердің нәтижесінде - органикалық заттардың түзілуі және олардың бұзылуы жүреді. Органикалық заттардың түзілуінің алғашқы этапы жасыл өсімдіктердегі фотосиндезбен, яғни көмір қышқыл газ, су, жай минералдық қосындылар және Күн энергиясының қатысуымен тірі заттардың түзілуі. Өсімдіктер (продуценттер) топырақтан күкірт, фосфор, кальций, калий, магний, марганец, кремний, мыс және басқа элементтердің ерітінділерін сіңіреді. Өсімдік қоректі жануарлар (I реттік консументтер) осы элементтердің қосылыстарын қорек ретінде пайдаланады. Жыртқыштар (II реттік консументтер) осы өсімдік қоректі жануарлармен қоректеніп одан да күрделі құрамды (белок, май, амин қышқылдары және басқа заттар) заттарды сіңіреді. Ыдыратушы микроорганизмдер (редуценттер) өлген өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын ыдыратып нәтижесінде топыраққа, суға жай минералдық қосылыстар түседі. Оны өсімдіктер сіңіріп, қайтадан биологиялық айналымның келесі орамы басталады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет