Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Əрекеттің тоқтап қалуын қалай еңсереміз?



Pdf көрінісі
бет15/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Əрекеттің тоқтап қалуын қалай еңсереміз?
Əрекет мына үш жағдайда тоқтап қалады:
1.
Адам өзінің не қалайтынын нақты білмеген кезде. Бір танысым
жылаудың аз-ақ алдында тұрып былай деді: «Мен кəсіби «Stand up»
əртісі болғым келеді. Құрылыс компаниясын да ашқым келеді.
Сёрфинг жаттықтырушысы да болсам деймін. Не істеуге болады?» Дей
тұра, қазір ол бір орнынан жылжымай, өмірін босқа өткізіп жатыр. Бір
жылдан астам уақыт сол қалпында тоқтап тұр.
2.
Алда ұзақ əрі қиын жолдар. Мұндай жолды жүргің де келмейді.
Мəселен, жұмыстың 150 беттік есебін жазу, дипломдық жұмыс жазу,
50 килограммға арықтау, үлкен жөндеу жұмысын жүргізу.
3.
Шұңқырдың түбінде жатқандай сезінсең, бұл кезде шығу да қиын
көрінеді.
Не істейміз?
Бірінші құпия
Əрекеттің не себепті тоқтап қалатынын түсінуге тырыстым. Əлемнің
ең ықпалды, табысты адамдарының не айтатынына құлақ түрдім.
Сөйтіп, керемет техника таптым. Оны былай сипаттауға болады: «Ұзақ
уақыт бойы бір сарынды өмірден шыға алмай қалатын кездер болады.
Мұндай кезде болар-болмас болса да əрекет жасаңыз. Əрі оны тұрақты
жасау керек».
Не сиқыры бар?
Бір жыл бұрын танымал ұстазбен кездесу бақыты бұйырды. Бұл
бейресми кездесу болатын. 5 адам ғана жиналдық. Арамыздағы біреуі
10 миллион қарызы бар екенін айтып шағымданды. Ұстаздан бұл
батпақтан қалай шығу керек екенін сұрады. Ұстаз: «Күнде таңертең
жүгіруді баста», – деді. Біз ұстазға бұрылып, таңдана қарадық. Бұның
қалай көмектесетінін түсінбей, аң-таң болдық.
Араға жыл салып қарызға батқан əлгі жігітті кездестірдім. Ол
əңгімесін былай бастады: «Жүгіруді бастау қиынға соқты. Бірақ күнде
таңертең өзімді жеңе білдім. Екі айлық темірдей тəртіптен кейін миым
өз жұмысын қайта бастағандай күй кештім. Менің ортам да өзгере
бастады. Ойлау жылдамдығым да артты. Өз өмірімді өзгертуге


мүмкіндіктер пайда болды. Осылайша бір жылдан кейін барлық
қарызымнан құтылдым. Қазір өз ісімді бастағалы жатырмын».
Күнделікті əрі тұрақты жасалатын азғантай əрекет өміріңді түбегейлі
өзгерте алады.
Кез келген тығырықтан шығатын жол – тұрақтылық пен тəртіпке
негізделген азғантай əрекет.
Екінші құпия
Əрекеттің тоқтап қалу себебі – адам өзінің не қалайтынын нақты
білмеуі. (Жоғарыда айтылғандай, бір адамның «Stand up» əртісі,
құрылысшы əрі сёрфинг жаттықтырушысы болғысы келуі). Мұндай
кезде қалаған кез келген істі бастап кету керек. Əрине, ол мақсатқа
жетелейтін əрекет болуы шарт. Қарапайым заңдылық: кез келген қате
əрекеттің өзі жаңа дем сыйлайды. Бұл құнарлы топырақ қызметін
атқарып, серпіліс береді.
«Stand up» əртісі болғысы келетін жігіт өмірінде сахнаға шығып
көрмепті. Бірақ адамдардың езуіне күлкі сыйлағысы келеді. Ол өз
арманын бес жыл аялап жүргенімен ештеңе істемейді. Мен оған:
– Неге сіз «Stand up» кафесінде өнер көрсетіп көрмедіңіз? Жоқ дегенде бір рет сахнаға
шықсаңыз, сізге оның ұнайтынын не болмаса ұнамайтынын білер едіңіз ғой? – деген
ұсыныс айттым.
– Мен күлкілі мəтін жаза алмаймын.
– Авторлардың көмегіне жүгініңіз. Оның үстіне ғаламторда да əзілдер толып тұр.
– Мəссаған! Дұрыс айтасыз! Мен мұны бұрын-соңды ойламаппын ғой.
Қазір ол əзіл жазып беретін автор тауыпты. Сахнаға шығуға дайындық
үстінде.
Бəлкім, алғашқы шығуы бірден сəтті бола қоймас. Бəлкім, бірден
жұлдызы жанар. Бұл маңызды емес.
Маңыздысы – əрекеттен жаңа ақпараттарға жол ашылады. Жігіт те
əрекетсіз құр босқа ауыз толтырып айта беруден арылып, шындап
кіріседі.
Ешқашан бір нəрсені жасап көрместен өз ісіңді табу қиын. Ол уақытта
«Менікі ме əлде емес пе?» деп болжау ғана болады.
Ізгілерден қалған сөз бар: «Адамдар апта ішінде орындауға болатын
армандарын өмірлік арманға айналдырып тастаған».
Айлар бойғы «қайғыңнан» бірер аптада шығуға болады. Бұл – факт.
Үшінші құпия


Қорқынышты жеңіп, əрекет еткен сайын өз-өзімізге деген бағамыз
артады. Автоматты түрде өзімізді құрметтей бастаймыз. Ішкі бағамыз
өскен сайын біз бұдан да сапалы мүмкіндіктер һəм оқиғаларды
тартамыз.
Сондықтан сəттілік пен əрекет тікелей байланысқан. Ең жолы болғыш
адамдар – əрекеттен қорықпайтын адамдар. Бұл заңдылық тура
жолдағы адамдармен де, теріс жолдағы адамдармен де орындалады.
Сет Годин бұл ақиқат жайлы былай депті:
Баз біреулер ерік-жігерді аңыз көреді. Аты бар, заты жоқ екеніне
сенеді. Бізді жолы болғыштардың жетістігі арбап тастаған. Лайық
болмаса да табысқа жеткендер көп деп ойлаймыз. Біз мұндай
адамдардың тым сирек кездесетінін ұмытып кетеміз.
Ал қалғандары үшін ерік-жігер – табысқа апарар бірден-бір қасиет...
Ерік-жігер жайлы айтыла бермейтін сыр осы. Жолы болғыштық ерік-
жігерден тартымдырақ болғанымен, оны таңдауға болмайды. Ал ерік-
жігерге қашан да қолжетімді
18
.


18
Бұл сөздің иесі – Вальдшмидт Д
 
Будь лучшей версией себя: Как обычные люди становятся
выдающимися. М.: Манн, Иванов жəне Фербер, 2015.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет