Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет13/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

 Кэмерон Дж
. Путь художника. М.: Гаятри/Livebook, 2015
Бұл əдіс өте қарапайым: күнде таңертең үш таза параққа өзімнің не
сезінгенімді жазып отырдым. Бойымда болып жатқан барлық
өзгерістерді қамтыдым. Біраз уақыт өткен соң жазылған беттерді қайта
оқып шықтым да таңғалдым. Мен науқас екенмін. Сырқатымның
атауы бəріне таныс. Олар: ашу-ыза, қайғы, қызғаныш. Осыдан соң мен
жұмысқа барғым келмейтінімді түсіндім. Мағынасыз жиналыстарға
қатысып, мəнсіз қағаздарды толдыруды, мағынасыз сөздерді тыңдауды
қаламайтынымды түсіндім. Таңнан қара кешке дейін офиста отырғым
келмейтінін түсіндім. Əрине, бұның барлығы күн сайын жүргізіп
отырған зерттеуімнің нəтижесі болатын. Бұл маған қолымды өрмекші
толы ыдысқа сұққандай қорқынышты сезім қалдырды.
Əкені кешіру
Руслан бұл əдісті қолдануды əрі қарай жалғастырады. Бұл қадам оның
барлық қиындығының себебін анықтауға мүмкіндік берді (осының
барлығын маған еш бүкпесіз жасырмай айтқанына ризамын: мүмкін,
сіздің де өміріңізді өзгертіп қалар).
Руслан əкесіне ренжулі екенін түсінеді. Ол кішкентай кезінде əкесі
ішімдікке салынған екен. Бұл реніш тағдырына үлкен дақ түсіріпті.
«Мені эгоист қылған – əкемнің жауапсыздығы. Соған қарап бар
жауапкершілікті өз мойныма алуды таңдадым. Өсе келе өз басыма ғана
жауап беруге дағдыландым. Соның кесірінен əйелім мен қызыма көңіл
бөлуді білмедім».
Оның бұл реніші бар өмірін улағаннан басқа пайда əкелмеді. Соңында
ол əкесін кешірмекке шешім қабылдап, əрекетке көшті. «Кешіруді»


күнделігіне «Əке, мен сізді кешірдім» деп жазудан бастады. Біраз
уақыт өткен соң «кешірдім» деген сөзді «Əке, мен сізді жақсы
көремін!» деп алмастырды. Əрине, бұның барлығы күнделік бетіне
ғана жазылды. Кейін бұл сөзді өмірінде алғаш рет əкесінің өзіне
қоңырау шалып айтты.
Кешірімнің құдіретін көрсететін осы əңгіме мені өзгертті. Реніш –
бойдағы күш-қуатқа кері əсерін тигізбей қоймайтын сезім. Ренішпен
өмір сүретін жанның қашан да басқа істерге қуаты, шыдамы жетпей
жатады. Адамдарды кешіргенде бойымызда энергия пайда болады. Ал
бұл энергияны жаңа өмірімізді жоспарлауға жұмсасақ болады.
Осы мəселеде оқырманыма жақсылап ойлануға кеңес беремін. Ашу,
ыза-кекке жұмсайтын күш-қуатыңызды армандарыңызды орындауға
сарп еткеніміз дұрыс шығар. Меніңше, бұл нағыз данышпандардың
əрекеті болар еді.
Кеудемізді өткенге деген өкпеден босатқанда, өмірімізде небір
ғажайыптар орын алады. Коуч болып жүргенде оған талай куə
болғанмын. Өкпе-реніштен арылған адамдарға қашан да қанат біте
бастайды. Яғни, бойыңызда жеңілдік сезімі пайда болады.
Нені қалайтынымды қалай ұқсам болады?
Қиналған сəттерінде Руслан қолына қойын дəптерін алып, 5-10 минут
бойы тоқтамастан өзін не мазалап жатқанын жазып шығатын. Оны
алаңдататын нəрсе көп еді: əріптестерімен, қызымен, əйелімен, ата-
анасымен қарым-қатынас. «Өзімнен армандарым туралы сұрауға
бірнеше айдан соң ғана батылым барды. Сол кезде ең əуелі неден
бастасам, соған қайта оралғым келетіндігін түсіндім. Газет
редакциясының табалдырығын алғаш аттап, журналист болып жұмыс
жасай бастаған кезге баруды қаладым. Бірақ мəселе менің ол саладан
жырақтап кеткендігім болды. Арада бірнеше жыл өтті ғой. Мен
таныстарыммен қоса, сол саладағы біліктілігімді де жоғалтқандаймын.
Тіпті қазіргі басылымдар жайынан мүлде бейхабар едім.
Дегенмен мен сансыз беттерді өз армандарыммен толтыруды
тоқтатпадым. «Мені бақытты ететін жұмыс күні қандай болуы керек?»
«қандай тақырыптарды қозғар едім?» деген сұрақтар төңірігінде
жазып отырдым. Бір күні күтпеген жерден көптен бері ұмыт болған
ескі танысым хабарласып, бір баспаға бас редактор қажет екендігін
айтты. Осылайша, екі аптадан соң мені жаңа жұмысым күтіп тұрды».


Сене білсеңіз, барлығы дəл осылай жүзеге асады. Алдымен өміріңізді
артық заттардан тазалайсыз (өкініш, реніш, ашу, қорқыныш). Күш-
қуатыңызға еркіндік бересіз. Сосын не қалайтыныңызды анықтағанда
барып өзіңізге ғана тиесілі арман-мақсат, өміріңізде мəн-мағына пайда
болады. Бойыңызда пайда болған сол жаңашыл арманның жарығын
(нұрын) бағытына қарай бұрасыз. Осы арқылы сіз жаңа
мүмкіндіктерге, адамдарға жолығасыз. Талай оқиғаны бастан кешесіз.
Əрі қарай көп еңбектену керектігі айтпаса да белгілі. Түптің түбі – сіз
жеңіп шығасыз!
Бұл қалай жүзеге асты əрі осыдан соң не болды?
Қазір Руслан – жазушы, редактор жəне шығармашылық тренері. Ол
əңгімелер, романдар жазады, адамдардың шығармашылық бағытта
дамуына көмектеседі. Сурет салу, мəтін жазу, музыка саласында өз
қабілетін шыңдайды.
Русланның күлімсіреп жүретін сəттерін жиі байқаймын. Оқиды,
жазады, əкесімен де қарым-қатынасы жақсы, əйелімен де, қызымен де
тіл табысқан, ең бастысы, ол өзін толыққанды сау, бақытты адам
сезінеді. Бұрынғыдай жүрегі де айнымайтын болған.
Фрирайтинг – оның өмірін өзгертуге себепші болған бір ғана құрал. Ең
бастысы, бұл техника кəдеге жарады.
Ол Марк Левидің
13
«Гениальность на заказ» кітабында жинақталған
фрирайтингтің алты түрін қолданып көрді.
13
 Леви М
. Гениальность на заказ. М.: Манн, Иванов и Фербер, 2015.
«Фрирайтингтен соң менде жаңа идеялар, жаңа мүмкіндіктер пайда
болғанын байқадым. Осы уақытқа дейін ішкі əлемімде небір
мүмкіндіктер өзара арпалыста жатқанын түсіндім. Сонымен қоса ол
мидағы артық ойлардан арылтады. Қандай жағдайда да фрирайтингке
жүгінсеңіз болады».
Фрирайтинг күйзеліс, уайым, күйгелектік, қорқыныш секілді
сезімдерден арылуға көмектеседі. Тағы бір қызықты əсері – ішкі
критиканы əлсіретіп, өзімізді сынап, мінеуден арылтады.
Ол үшін үнемі не ойлайсыз соны ғана жазып отыру керек. Жазғаныңыз
басқа тілден енген немесе паразит сөз болуы маңызды емес.
Фрирайтингті жасағанда барлық ойлар мен идеяларды қабылдай
беруге болады. Сізге «бизнес тұтынушысыз да жүре береді»,
«телебағдарламалар көрерменсіз де жұмыс жасай алады» деген ой


келеді делік. Əрі қарай өзіңізге «Қалай?» деген сұрақ қойып алып
жазуды жалғастырыңыз. Сонда ғана тың идеяларға жол ашылады.
Бірақ ережелердің үнемі сақтала бермейтіндігін есте ұстаған жөн.
Өзіңді тану, не алаңдататынын анықтау жəне ішкі əлеміңізге зер салу
өте маңызды. «Қай жерім ауырады? Нені уайымдаймын? Өзімді
қайтсем дамытамын?» деген сұрақтарға жауап тауып көріңіз.
Сұрақтардың жауабын табу үшін 10 минутыңызды бөліп, қолыңызға
парақ пен қалам алып жазу ғана қалды.
Көшбасшының басты қасиеттерінің бірі – қателескенін мойындау, осал
тұстарын көрсетуден қорықпау. Русланның бойынан дəл осы қасиетті
көремін. Шынайы, ақтарыла айтқан əңгімесі үшін оған тағы да алғыс
білдіргім келеді.
Сонымен Марк Левидің «Гениальность на заказ» кітабынан
фрирайтингтің алты түріне тоқталсақ:
1.
Уақытты шектеңіз. Мысалы, таймерді 15 минутқа қойып, уақыт біткенше тоқтамай
жазыңыз.
2.
Шектен тыс күш жұмсап, өзіңізге артық салмақ салмаңыз.
3.
Тез əрі үздіксіз жазу. Бұл ішкі критикаға көз жұма қарауға үйретеді.
4.
Қалай жаза аласыз, солай жазыңыз жəне не ойлайсыз, соны жазыңыз. Сөз таңдап
отырудың қажеті жоқ.
5.
Біртүрлі (ақылға қонымсыз) ойларыңызды дамытуға тырысыңыз.
6.
Егер идея таусылды десеңіз, сұрақ қойыңыз. Мысалы: «Дəл осыны бейтаныс адамға
қалай жеткізер едім?»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет