22. Пернетақта мәселесі қалай болмақ?
Әліпби ауыстыруда маңызды мәселелердің бірі – бұл әріптерді пернетақтада орналастыру. Бізде пернетақта мәселесіне жауап беретін Ұлттық комиссия жанынан Техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жұмыс тобы деп аталатын арнайы жұмыс тобы құрылды. Аталған топ бүгінде жаңа қазақ әліпбиіне негізделген пернетақта жобаларының бірнеше нұсқасын қарап, оларды талқылаудан өткізді. Ұсынылған пернетақта жобаларының бірі бүгінгі қолданылып жүрген «Qwerty» пернетақтасына негізделсе, енді бірі қазақ тіліндегі әріптердің қолданылу жиілігіне байланысты жасалған. Бұл пернетақтада қазақ тілінде ең жиі қолданылатын әріптер пернетақтаның ортаңғы бөлігіне орналастырылса, қалған бөліктеріне әріптер рет-ретімен қолданысына қарай орналастырылды. Жаңа пернетақта үлгілері жұртшылықтың назарына әліпби қолданысқа енгізілген соң ұсынылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |