19. Әліпби нұсқасын дайындауда халықаралық тәжірибелер, атап айтсақ, Әзербайжанның, Өзбекстанның, Түркіменстанның жалпы әлемдік тәжірибелер ескерілді ме?
Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін түзуде және оның емле ережелерін әзірлеуде халықаралық тәжірибелер толығымен ескерілді. Әсіресе, латын әліпбиіне көшкен түркі халықтарынан ішінен Түркиә, Әзербайжан, Өзбекстан Республикасының ғалымдары біз ұйымдастырған ісшараларға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, баяндама жасаған болатын. Өткен жылы халықаралық деңгейде екі үлкен семинар ұйымдастырылды. Оған 9 мемлекеттен шетелдік ғалымдар мен әдіскерлер қатысты. Тәжірибе алмасу барысында әсіресе Әзербайжан Республикасы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы И.Насими атындағы Тіл білім институтының Түркі тілдері бөлімінің директоры Елчин Ибрахимов мырзаның пікірі маңызды болды. Ғалым әліпбидің құрамы аралас графикадан түзілген жағдайда алда қандай қиындықтар кездесетінін атап көрсетті. Мәселен, әзербайжан халқы бүгінде өздерінің әліпби құрамындағы Ә таңбасы латын графикасына сай болмауына байланысты, оның көп бағдарламада оқылмай, танылмай жатқандығын ашып айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |