12. Ғалымдардың айтуынша, кісі есімдерін, географиялық атауларды жаңа әліпбимен жазуда кейбір өзгерістер болмақ. Осылардың ережесі мен стандарты жасала ма?
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тарапынан кісі есімдерінің, географиялық атаулардың жаңа латын әліпбиіне сай дұрыс жазылуына байланысты ережелер әзірленіп жатыр. Жаңа сөз басында айтып өткеніміздей, орыс тілінің 9 әрпі (ю, я, ъ, ь, ц, ч, щ, э, ё) әліпби құрамына алынбағандықтан, олардың кісі есімдерінде, географиялық атауларында кездескен жағдайда қалай жазылады деген сұрақтарға жауап боларлық ереже дайындалуда. Яғни, Ереже республиканың барлық құжаттаушы мекемелерінің күнделікті жұмысында, түрлі құзырлы органдардың, банк ісі, нотариус, білім беру және басқа да аты-жөндерді, географиялық атауларды дұрыс жазу талап етілетін мекемелерде басшылыққа алынатын нормативтік құжат және практикалық құрал болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |