Латын әліпбиіне байланысты сұрақтар Президент мақұлдаған латын графикасына негізделген әліпби жобасының алдыңғы акутты жобадан басты айырмашылықтары неде?


Әліпби және оның емле ережелеріне арналған мобильдік қосымшалар дайындала ма?



бет6/24
Дата23.01.2022
өлшемі37,31 Kb.
#113512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Латын сұрақ жауап (1) (2)
Баяндама Латын, латын баяндама орыс тілінде, 04.05, 1634707827 (1)
8. Әліпби және оның емле ережелеріне арналған мобильдік қосымшалар дайындала ма?

Мобильді қосымшалар дайындау биылғы жоспарда жоқ болғанымен, болашақта қолға алынады. Оның құрылымы, жүйесі, қолдану ерекшелігі қандай болатыны алдағы уақытта анықталатын болады. Ал мобильді қосымшаға енгізілетін мәтіндер, тапсырмалар, емле ережелеріне қатысты түсіндірмелерді Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдары, мамандар даярлап береді. Мамандар даярлаған мәтінді немесе тапсырмалар топтамасын ІТ мамандары мобильді қосымшаға енгізеді.



9. Қазір мұғалімдер мен әдіскерлердің бәрі кирилл әліпбиіне маманданған. Ал жаңа әліпбиге мамандарды дайындау қалай жүзеге асырылады?

Халық кирилл әліпбиімен жазып маманданғанымен, латын әліпбиін білмейтін адам кемде-кем. Себебі, сонау кеңестік кезеңнің өзінде кез келген мектепте не ағылшын, не неміс тілі пән ретінде оқытылды. Егемендік алғаннан кейін мектептер мен ЖОО-да ағылшын тілі міндетті оқытылатын пән ретінде тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Яғни біздің қоғам 100 пайыз латын әліпбиімен жақсы таныс. Сондықтан латын әліпбиіне негізделген жаңа қазақ әліпбиін меңгеріп кету көп қиындық тудыра қоймайды. Дегенмен қазіргі қолданыстағы кирил жазуы мен алдағы бекітілетін латын әліпбиінің арасында 11 таңбада айырмашылық бар. Соғын сәйкес емле ережелерінде де өзгерістер орын алады. Осыны меңгеріп шығу үшін арнайы оқыту курстары ұйымдастырылатын болады. Оқыту курстарында ең алдымен тренерлер, яғни латын әліпбиі мен емле ережелерін үйрететін мамандар даярланатын болады.



10. Жаңа әліпби оқушыларға мектепте, студенттерге колледждер мен университеттерде оқытылады. Ал ересек адамдар жаңа әліпбимен жазуды қай жерде үйренеді?

Ересек адамдарға латын әліпбиі мен емле ережелерін меңгертуге арналған кітапшалар, нұсқаулықтар даярланатын болады. Егер курсқа қатысып үйренгісі келсе, оған шектеу жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет