Латын емтихан жауаптары Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Араб әліпбиінің басқа әліпбилерден ерекшелігі



бет33/42
Дата26.01.2023
өлшемі2,56 Mb.
#166496
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Байланысты:
Латын эмтихан жауабы дайын (копия) (копия)

11.Араб әліпбиінің басқа әліпбилерден ерекшелігі



12. Тұңғыш рет көне түркі (орхон-енисей) жазуларының оқылу кілтін тапқан ғалым туралы не білесіз? Өз ойыңызды «INSERT» әдісі арқылы сипаттаңыз.

Тұңғыш рет көне түркі (орхон-енисей) жазуларының оқылу кілтін тапқан ғалым

Ашқан жаңалығы

Түрік тілінің қазіргі жағдайы

Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен.
Томсен(Thomsen) Вильгельм Людвиг Петер (1842 – 1927) – дат түркітанушысы. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін алғаш оқыған, Копенгаген ун-тінің проф. (1887 – 1913),

В.Томсеннің ең алғашқы оқыған сөздері «Түрк» және «Тәңір» болды.
оның құрамындағы дыбыс таңбаларының саны мен артикулляциялық-акустикалық жуан-жіңішкелік белгілеріне сәйкес фонетикалық жүйесінің классификациясын жасап және әрбір таңбаның төрүк тілдеріндегі үндестік заңына қарай сөйлеу тактісіндегі комбинациялық орнына байланысты мағынасын анықтаған.

Сонымен қатар, Академия тарапынан түркологияға елеулі үлес қосқан зерттеушілерге арналған, «Вильгельм Томсен» атындағы медаль шығарылған.
Қазіргі таңда Халықаралық Түркі академиясында көне түркі жазуын зерттеп, аударумен айналысатын «Түркология, алтаистика және моңғолтану» бөлімі қызмет істейді.




13. Қазақ тілі вокализмін зерттеуші ғалымдар. Концептуалды кесте дайындаңыз.

В.В. Радлов

Аса көрнекті түріктанушы ғалым В.В.Радлов өзінің он томдық шығармалар жинағының «Түрік тайпалары қазақ халықтық әдебиетінің үлгілері» деген үшінші томын түгелдей қазақ фольклорына арнады. Ол қазақтардың шешендік өнерінің зор екенін, олардың табиғи дарынының молдығын және осының аркасында әрқашанда ырғаққа және тіпті жай сөйлескеннің өзінде ұйқасқа мән беретінін ерекше атап өткен. В.В.Радлов қазақтардың жоғары поэтикалық мәдениетін атап көрсетті. Ол халық жадының қаншалықты күшті және қазақ тілі мен оның поэзиясы дамуының деңгейі қаншалықты жоғары екеніне көзбен көріп көз жеткізді. Қазақтардың ауызша халық шығармашылығының, фольклорлық жанрының байлығына қайран қалған ол қазақ әдебиетін дидактикалық, эпикалық және лирикалық жанрларға бөлген.



Н.Сауранбаев
Қазақ тілін білімінің негізін салушы, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор. 



Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің тарихы мен синтаксисіне, әдеби тіл тарихы, түркітану, диалектология, орфография, жазу, емле, сөздік түзу мәселелеріне арналған. Морфология саласында ол қазақ тіліндегі етістік категориясының жасалу тәсілдері мен тарихи даму жолдары, көсемше тұлғалары, олардың мағыналары, синтаксистік қызметі жайында және қазақ тілі грамматикасының, оның ішінде морфологиясы, орфографиясы мен алфавиті жайында ғылыми еңбектер жариялады..



Ғ.Айдаров
Ғалым, филология ғылымының докторы.



Орта Азия халықтарының тілі мен әдебиеттерін зерттеген. Ол көне Орхон-Енисей ескерткіштерін оқыған. Оқулықтар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазды. Ол қазақ тілі мен әдебиетін зерттеген. Айдаров 250-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектер мен оқулықтар жазған. Ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап,олардың тілін лингвист тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.



Ыбырай Алтынсарин
қазақ халқының ағартушысы.Қазақ мектебінің негізін қалашыларының бірі.

Ы. Алтынсариннің 1871 жылы Оринборда жарық көрген «Начальное руководство к обучению киргиз-русскому языку» атты еңбегі қазақтарға орыс тілі грамматикасын түсіндіретін ең бірінші оқу құралы ретінде зор қзмет атқарды. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А. Байтұрсыновтың ағартушылық жолға құлшына кірісіп, сауаттылықты жою жолында қазақ тілін жан-жақты талдауына Ы. Алтынсариннің осы еңбегі де үлгі болған сияқты. Ташкентте, Орынборда, Алматыда жоғары орындарында профессор қызметін атқару. Қазақ тілі мен әдебиетін терең зерттеуге ғалымға мүмкіндік жасады, ұстаздық пен қоғамдық жұмыстарда жүріп, ол зерттеу жұмыстарын тоқтатпаған.



А. Байтұрсынов
Қазақтың әлібиінің қалыптастырушы "Әліппе"кітабының авторы.



Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ахмет Байтұрсынов.


И.Ильминский





И.Ильминскийдің зерттеуі Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). Н.И. Ильминский тіл алды ашық ä (ә) дауыстысын дербес фонема түрінде қарамай, а дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды.



Қ.Жұбанов

азақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі — совет дәуірі тұсынан басталды. Совет дәуірі кезінде жаңа ғылым — қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін зерттейтін дербес Институт ұйымдасты және көптеген маман-кадрлар шықты. қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған — фонетика саласында едәуір жұмыс істелді. Фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт­теу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет