32.Қазақ жазуындағы емле ұстанымын таңдау қағидаты (Байтұрсын принципі) Жазу, әліпби, тіл теориясығ емле сынды бір төбе маңызды мәселелнердіңғ басын ашып берген бірден бір ғалым ол Ахмет Байтұрсынұлы. Ғалымның қазақ тіл білімінің өзге салаларындағы еңбегі бөлек бір төбе.
Бүгін емле ұстанымына тоқталып, ғалым еңбегінің күні бүгінге дейін негіз болып келе жатқандығының себептерін келтіремін.
•«Емле ол жазу үшін шығарылған нəрсе, жазу болса,тіл үшін шығарылған нəрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек»- дей келе, өзіндік жазу принциптерін қарапайым халық тіліне сүйеніп орындаған.
•“... сондағы естілуінше жазу”-деп, позициялық әсерді қарастырған екен. Мысалы, біз күні бүгінге дейін қолданып келе жатқан ғалымның «шартты рай» жұрнақтарын айта аламын. Дәлел:-са; -се, -ма; –ме; -ша; -ше; жұрнақтарын тәуелсіз позиция ретінде қарастырып,
кешше-кешсе, пішше-пішсе дегендегі алдыңғы позицияны әлсіз деп қарастырған. Қоса кететін жайт бүгінгі орыс жазуының нормасында, аталған А.Байтұрсынұлының емлені позицияға бөліп қарастыруы танылып келеді.
•Һ –әріпінің төл дыбыс ретінде сақталып қалуыны маңызын қарастыра кеткен екен. Ол кісі «һ» дыбысының қолданылаты жері аз болса да, төл дыбысымыз болғасын, алып тастасақ орыны білініп қалады деген пікірін алға тартқан.
•Бүгінде көп талқыға ілініп жүрген «і» және де «ы» дыбымтары жайлы да өзіндік тұжырым қалдырған. «Ы» дыбысын жазу міндетті еместігі туралы «Оқығанда оның жоқтығы кедергі келтірмесе, оны жазудың да қажеті жоқ» тұспалында пікір айтқан. Мысалы: мысық-мсқ, қыр –қр, жылтыр-жлтр сөздері.
Осыған өз пікірімді қоссам, бүгінде «sms» хаттарда жастар көбінесе қолайлы болғандықтан, уақытын үнемдеу мақсатында, осылай «ы» дыбысын ысыруды жиі қолданады.
•Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған емле ұстанымдары:
“1. Кез келген өз түбірі бар сөз, оңаша айтылған кезде қалай естілсе, солай жазылуы.
2. Қалай естіледі, солай жазылуы.
3. Үйлестікпен дүдəмəл естілетін болған дыбыстардың айқын орындардағы естілуінше жазылуы.
4. Қосымшалардың қосылатын сөздерімен бірге жазылуы.
5. Қос сөз, қосар сөз, қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз және қосынды сөз – бəрінің де қосарлық белгімен жазылуы.
6. Жалғаулықтардың бөлек жазылуы орындарынан басқа жағы жалғау ережесінше болуы керек.
7. Үйір айтылатын сын есімдер және зат есімдер бөлек жазылуы тиіс.
8. Көмекші етістіктер менен көсемшелер, бөлек жазылуы тиіс”.
Сөзімді қорытындыласам, бүгінгі қазақ тіл білімінің мамандары осы Байтұрсынов саралап кеткен емле ұстанымдарын алға ала отырып, бұрынғы мен жаңаны жандастырып, тілдегі жүйемізді жаңғыртуда.