Латын сессия жауаптары 2023 Руникалық көне түркі графикасы


Латын граикасына негізделген қазақ жазуы-1929-1940жж. Қазақ жазба тілінде қолданылған 29 әріптен тұрған



бет24/41
Дата26.12.2023
өлшемі91,3 Kb.
#199369
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
Латын сессия жауаптары 2023

49.Латын граикасына негізделген қазақ жазуы-1929-1940жж. Қазақ жазба тілінде қолданылған 29 әріптен тұрған.
Бір мың тоғыз жүз он үшінші жылы Стамбулда өткен кеңесте Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиін мұсылман елдері түрік, иран,араб елдері үлгі етіп жазуға уағдалстты.Реми түрде бір мың тоғыз жүз жиырма төртінші жылы қазақ жазуы бекітілгенімен, әліпбиге берілген жоғары бағаға қарамастан түркі халықтарынан әзербайжан жазуы 1922 жылы көшкеннен бастап басқа да түркі жазулары әре-сәре күйде қалды.
Осылайша бір мың тоғыз жүз жиырма алтыншы жылы жиырма алтыншы ақпан мен бесінші наурызда Бакуде түркітанушылар сьезінде жазу мәселесі талқыланды.Құрылтайдың нәтижесінде қазақ жазуын латын графикасына көшіруге шешім қабылданды.
Нәтижесінде ,бір мың тоғыз жүз жиырма тоғызыншы жылы қазақ жазуының араб әліпбиінен латын қаріпіне түпкілікті көшкенін мәлімдейтін «Жаңа алфавит» туралы бұйрық шықты.Бұл жаңа алфавитте 29 әріп болады.Алфавитте қазақ тіліне тән тоғыз дауысты дыбыс және жиырма дауыссыз фонемсына әріп арналды. Жаңа жазудың графикасы мен орфографиясын және де жаңа емле принциптерін айқындау үшін бір мың тоғыз жүз жиырма тоғызыншы жылы екінші-төртінші маусым аралығында Қызылордада ғылыми орфографиялық конференеция өтті. Конференцияға Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, Әлібаев,Байманов сынды кісілер қатысты.
СССР Ғылым какдкмиясының Қазақстандағы филиалының қазақ тілі секторы С.А.Аманжоловтың басшылығымен жасалды да, 1940 жылы латын графикасының емле ережелері жарық көрді
Қазіргі таңда қазақ жазуы біршама тұрақтанған, қалыптасқан, реформаланған кезде оның ауыр жүгі қазақ тіл білімінің аға буынына батқаны айтпасақта белгілі.Тұрақты емлесі жоқ жазу айналасы отыз жылдың ішінде үш рет ауыстырылды (бір мың тоғыз жүз он екі, бір мың тоғыз жүз жиырма тоғыз, бір мың тоғыз жүз қырық).Емле режелеріне бірнеше рет реформа жасалынды. Алғашқы емле бір мың тоғыз жүз қырықыншы жылы жобаланып,бір мың тоғыз жүз елу жетінші маусымда бекітілгенге дейін бүкіл қалың көпшіліктің назарында болды.
50. Ұйғыр жазуы - соғды жазуынан (б.з.б.1ғ.-б.з.9ғ.) бастау алатын ежелгі ұйғыр тайпалары пайдаланған жазу.
Ескі ұйғыр жазуы – біздің заманымыздан бұрынғы бірінші ғасыр мен біздің заманымыздағы он екінші ғасыр аралығында әліпби ретінде жасалынған болатын. Жоғарыдан төмен қарай тік әріптермен солдан оңға қарай таңбаланатын жазудың түрі болып табылады.Керей,Найман, Батыс өңірін мекен еткен Сары ұйғыр тағы да басқа түркі ру-тайпалық ұйымдары ұйғыр жазуын пайдаланған. Ежелгі ұйғыр жазуы Найман мемлекетінің ресми жазуы болған, сол себепті бұл жазу найман жазуы деп те аталған.Дәлірек айтқанда қазақ қоғамдастығында бұл жазуды керей-найман жазуы деп те атайды. Найман хандығында ежелгі ұйғыр жазуын жақсы білетін көшірмешілер (бітікшілер) болған. Аталмыш хандықта Шыңғысханның қол астына болғаннан кейін керей, наймандар ұстаған көшірмешілер ұлы қаған ордасында қызмет етіп қана қоймай , осы аталған жазуды мемлекет ісінде қолданғандығы тарих сахнасынан белгілі. Ескі ұйғыр жазуы Алтын Орда ұлысында да қолданылып, дипломатиялық жазбалар, хан жарлықтары осы ескі ұйғыр әліпбиімен жазылған. Шығыс Түркістан елді мекенінен табылған Жүсіп Баласағұнидің әйгілі «Құтты білік» дастанының бір нұсқасы осы ескі ұйғыр жазуымен таңбаланған.
Екі жүз мың сарбазымен бір мың тоғыз жүз отыз бірінші жылы, хижраша жеті жүз тоқсан үшінші жылы, қазақша қой жылы Тұранның сұлтаны атанған Ақсақ Темір Алтын Орданың билеушісі (Ақ Орданың ханы) Тоқтамысқа қарсы жорығында Ұлытауға келіп тоқтайды. Осы жорығын есте қалдыру мұратымен арнайы дайындалған еңселі тасқа сегіз жол ескі ұйғыр жазуымен, үш жол араб жазуымен жазылған дерек қалдырады. Тасқа қашалған бұл жазба бір мың тоғыз жүз отызыншы жылы Сарысу өзенінің сол жағалауынан Қарсақбай-Аша жерінен табылған.
51.Араб жазуы қазақ жерінде 1929 жылға дейін қолданылып келді. Демек, халқымыздың мың жылдық тарихы-мәдени, әдеби, ғылыми мұрасы, осы араб жазуы арқылы хатталып бізге жетті. Араб жазуымен жазылған мұраларға сипаттама беріңіз.
Араб жазуын тамырын тереңге жайған ертеден бері қолданылып келе жатқан жазу үлгісі десем қате айтпаған болар едім.Оныншы ғасырдан бастап бір мың тоғыз жүз жиырма тоғызыншы жылға дейін шамамен мың жылға жуық қолданылған жазу үлгісі болып табылады. Жиырмасыншы ғасырдың басында араб қаріптерін қолдану арқылы сауат ашып, жазу жазатын жаңаша жазу үлгісімен білім орындары пайда болды.Білім алудың бұл әдісінің кірпішін қалаған танымал тұлға, қоғам қайраткері И.Гаспиринский болатын.
Қазақ-араб әдеби байланыстарының тамыры тереңде жатқандығы М.Б.Салқынбаевтың зерттеулерінде қарастырылған.Араб тілінің түркі тектес халықтарға таралуы, олардың ислам дінін қабылдауымен байланыстырылған. Ғалым У. Тұрар өзінің «Тассаввуф тарихи» еңбегінде сопылық ағымды екіге бөліп қарастырған. Автордың пайымдауынша, араб тілінің енгізілуімен қазақ мәдениетіне таралған ислам діні, адамның өмірдегі сеніміне күшті әсер ететін тура жол. Жалпы, жекелеген зерттеулерде он екінші ғасырдан бастап араб әдебиеті эллиндік дүниенің шеткі аймақтарын жаулап алу кезеңінде араб мұсылмандары құрған жаңа орталықтарда тек қалалық сипатта дамығандығы айтылады. Көне араб тілінің тарихына тоқталған Исматова С.М. бәдәуи поэзиясының даму тарихын талдай келіп, Араб поэзиясы Батыс поэзиясына әсер етті деген, пікір айтады. Орта Азияда ҮІІІ ғ. дамыған араб сарай поэзиясын маңыздылығын түсіндіруде «Шахнаме» туындысына тоқталған. Автор өз еңбегінде, Ежелгі Қытай әдебиеті мен көне Үнді әдебиетінің даму тарихына тоқтала келіп, ежелгі Араб әдебиетінің ҮІ-ҮІІ ғғ. даму тарихына қарастырған. Оның ішінде көшпелі бәдәуилердің рулық қауымдастығындағы өздеріне тән ерекшеліктеріне тоқталып, араб поэзиясының шығу тарихы сипатталған. Автор, өз еңбегінде «Құран – араб әдеби ескерткіші» деген тақырыпта берген тармақта, ислам дінінің енгізілуі Шығыс елдерінің өміріне өзгеріс енгізгені туралы жазған. Араб тілінен бірнеше сүреллерге аударма беру арқылы Құранның жазылу стиліне нақты пікір айтпайды, тек араб әдебиеті тарихындағы үлкен жазба ескерткіш ретінде баға беріп қалдырады. С.М. Исматованың зерттеуінде ежелден бастап «Шахнаме», Қ. Яссауи еңбектері кезеңіне дейінгі хронология қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет