45.Консонантты жазу
Консонантты жазу,яғни,Дауыссыз жазу (латын тілінен cōnsonāns, cōnsonantis «дауыссыз дыбыс») — тек дауыссыз дыбыстарды немесе басым дауысты дыбыстарды беретін фонетикалық жазу түрі.
Шетел әдебиетінде дауыссыз жазу жүйелерін «әбжәд» деп те атайды (ағылш. abjad; араб тіліндегі әліпби атауынан кейін – أبجد «abjad»). «Әбжәд» терминін абугидамен бірге Питер Дэниэлс енгізген. Бұл арқылы зерттеуші дауыссыз әріптің өзін білдірсе, екіншісі дауыссыз әріпке сәйкес келеді. Дауыссыз жазу көбінесе буындық жазудан толық фонетикалық жазуға ауысады, бірақ негізгі морфологиялық механизмі түбірдің дауыссыз «қаңқасын» сақтайтын, бірақ айтарлықтай өзгеретін аблаут болып табылатын тілдерде қолдану үшін соңғысына қарағанда ыңғайлырақ. дауысты дыбыс, мысалы, семит тілінде. Толық дауыссыз жазудың мысалдары - угарит және финикиялық жазу, жартылай дауыссыз жазудың мысалдары - кейбір дауысты дыбыстардың белгілері бар қазіргі иврит және араб жазуы.
46. Латыннегізді қазақ әліпбиіне көшкендегі тиімділігі.Жаңа емледегі жаңалықтар.
Экс-президент Н.Назарбаев 2006 жылы латын графикасына көшу жайлы алғаш сөз қозғағалы, бұл мәселе еліміздегі талқыланып жатқан ең ауқымды мәселе болып табылады. 2017 жылдан бастап филолог мамандар әліпбидің көптеген түрлерін ұсынып жатты.Бірақ, ондағы шикілік толығымен жойылмағандықтан латын әліпбиіне көшу заң жүзінде бекітілген жоқ. Ал қоғам бұл күні латын әліпбиі не себепті қажет екенін талқылап, бірі даттаса,бірі жақтап даурығуда. Латын әліпбиіне көші саяси жағынан шынымен қазақ елінің озық шет елдермен қарым-қатынас жасап, алға дамуына себепкер болады. Менің ойымша бұл бірінші презиленттің маңызды идеяларының бірі және тіліміздің келешегі үшін, тілдік құндылықтарды қолдау мақсатында дер кезінде жасалған ғылыми шара деп білеміз. Біз мұны қазіргі кирилл-қазақ әліпбиіне немесе орыс тіліне яки ұлтына деген теріс көзқарас деп емес, халықмыз кезінде мәжбүрлі түрде қабылдап, өзі таңдамаған кейбір кіріс әріптерден арылтып, таза қазақ әліпбиін жасауға жасалған игі қадам деп түсінеміз. кешегі озбыр жүйенің озбыр саясатымен таңылған, өз еркімізден айырған биліктің қалдықтарынан арылу деп білеміз . Латын әліпбиіне көшуді түптеп келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлау, оның қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беру, жазу арқылы тіліміздің ішкі болмысына жасалған зорлық-зомбылықтан аулақ болу деп түсіну керек. әліпбиімізді қолданып, қазақша айтылу мен жазу талаптарын жүйелеу деп түсінген жөн.Сондықтан, қазақ тілінің ерекшелігіне қазіргі қолданыстағы графикаға қарағанда латын графикасы тиімді болғандығын да естен шығармау маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |