Латын сессия жауаптары 2023 Руникалық көне түркі графикасы


Алғашқы қазақ кирил әліпбиі (ХІХ ғ.) (Алғашқы қазақ кирил әліпбиін ХІХ ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасады)



бет25/41
Дата26.12.2023
өлшемі91,3 Kb.
#199369
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
Латын сессия жауаптары 2023
Дойбы 2023ж, aliev tainy semii proroka mukhammada, тест 300 дб, 5 лекц диф псих, Латын сессия жауаптары 2023, Дарис-7 Көміртегі айналымы (копия)
52.Алғашқы қазақ кирил әліпбиі (ХІХ ғ.) (Алғашқы қазақ кирил әліпбиін ХІХ ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасады)
Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының оянуына, білім алуына,елдік әдеби мұраны дамытуға ерең еңбек сіңірген бірден-бір тұлға.Ұлтымыздың ертеңі үшін, халқының білім нәрімен сусындауын мақсат еткен, қарапайым халықты оқу-білімге тартып шырағын жағу Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық, сайып келгенде азаматтық парызы мен қызметі болды.Ағартушының ұлттық жазба әдеби тілді ілгерілетуде екі салада елеулі еңбек етті..Біріншісі ағартушылық қызметі болса, екіншісі жазушылық қызметі болып табылады.Сол атаулы еңбектерінің бірі алғашқы қазақ кирил алфавиті. Ең алғашқы қазақ кирилл алфавитін Ыбырай Алтынсариннің өзі жасап шығарған болатын.Кирилл алфавитінің негізінде «православ миссионерлері» орыс-түзем білім ордаларына арнап «қазақ миссионер» алфавиті жасалынды.Онда диакритикалық таңбалар мен қоса қосарланып жазылатын таңбалар қолданылды. Бір мың тоғыз жүз он жетінші жылға дейін «Миссионерлік әліпби» шектетілген дәрежеде қолданылып келді. Әліпбидің басты ерекшелігі ретінде Ы.Алтынсариннің орыс қаріпіндегі бар таңбалармен ғана шектеліп, қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарын беру де осы жүйені ұстанғандығы.Мысал келтіре кетсем: қант, қағаз, дөңгелек, үзеңгі, айғыр сынды сөздерді кант, кагаз,дунгелек,узенги,айгыр түрінде таңбалаған.Дегенмен ағартушының құрастырған әліпбиінде қазақ халқының тілдік болмысы сақталмаған, дәлірек айтқанда төл дыбыстар дәл әрі айқын берілмеген.Оның орнына басым түрде диакритикалық таңбалар қолданылады. Жай ғана «ң» дыбысын алғанның өзінде , «ң» дыбысының орнына «нг» беріледі.Қорытындылай келгенде қазақтың қолдануына ыңғайсыз жазу түрі болғандығын байқауға болады.
53.Араб графикасына негізделген қазақ жазуы – Х-ХІХ ғғ. қазақ даласында қолданылған, қазақ жазба тіліне қызмет еткен араб алфавитін пайдаланған қазақ жазуы.
Араб жазуы қазақ халқына мыңдаған жылдар бойы қызмет еткен жазу үлгісі.Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы болып табылады.Бұл жазу да үстіміздегі ғасырдың оныншы жылдарынан , жиырмасыншы жылдардың соңына дейін (латын қаріпі) қазақ халқының өркендеуіне, білім алуына жақсы қызмет етті.Ұлт ұстазы болған Байтұрсыновтың қолданысқа енгізген жаңа жазу үлгісі бүгінгі күнге дейін қолданстан шықпай келеді.Оған себепші болып тұрған Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі қазақ бауырластарымыз сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін осы графикамен шығарады.А.Байтұрсынов араб қаріптеріне негізделген қазақ жазуын реттеп, тілдік ерекшеліктеріне қарай жетілдірді.Жазу жүйесі отызыншы жылдарға дейін төте жазу деп аталынып келді.Жазу жүйесінің басты ерекшелігі әрі құндылығы деп мен оның қазақ тілінің төл дыбыстырын сақтауымен қатар морфологиялық дәстүрлі шарттарға негізделгендігін айтар едім.
54.Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы – 1940ж. қазірге дейін қолданылатын 42 әріптен тұратын, құрамында цитаттық принциппен жазу үшін алынған орыс алфавиті әріптері мен араб сөздерінде кездесетін дыбысты беретін таңбалары бар жазу.
Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі кезең-кезеңімен түрлі өзгерістерді, түрлі жаңашалануды басынан өткізе отырып, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен.Көптеген жылдар бойы қазақ халқы араб қаріпіне негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген болатын.Бір мың тоғыз жүз жиырма тоғыз -бір мың тоғыз жүз қырқыншы жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, бір мың тоғыз жүз қырқыншы жылдан бері кирилл әліпбиі қолданылып келеді.Әліпбиге көптеген орыс әріптері енгізілген болатын.Соның негізінде бұрынғы әріптердің қолданысы өзгертілді.Нәтижесінде, бұл жазу үлгісі қазақ тілінің орфографиясына ірі өзгерістер әкелуіне себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет