64. 1929ж. латын жазуының ережелері қай қаладағы конференцияда қн, қр, қрн, жлм, жлтр, қаны, жаны, малы, пшақ деген қабылданды? 1929 жылы латын жазуының ережелері Қызылорда қаласындағы конференцияда қабылданды. Бұл конференцияда жаңа қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы, емле принциптерін айшықтау, қазақ тілінің емле ережелерін талқылаған. Конференцияға Əлібаев, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы, Юдахин, Бойманов, Байділдин, Тоқтыбаев, Вундцетель, Қ.Жұбанов, Поливанов қатысты. Алғашқы ғылыми конференцияда орфографияға байланысты біршама ұсыныстар жасалды: емле принципі туралы, қысаң езуліктердің емлесі туралы, ерін үндестігі туралы, бірге,бөлек таңбалауға байланысты, кірме сөздердің емлесі туралы, жеке əріптердің емлесіне қатысты айтылды. Қысаң езуліктің емлесіне қатысты сөздің соңында і,ы езуліктері қосымша жалғанғанда түсіп қалса, түбірде де жазылмау. Мысалы: қн, қр, қрн, жлм, жлтр, қаны, жаны, малы, пшақ. Сонымен қатар емле принципі туралы емле принципін фонетикалық принципке негізделеді деген. Яғни сөздің мағынасын айыратын фонема ғана таңбаланады. Осы конференцияда кірме сөздердің емлесі қатты қиындық тудырған. Комиссия бір пікірге келе алмай екі тарапқа бөлінген. Осылай келіп қазақ тілінің алғашқы емле ережесі латын графикасымен бірге қабылданған. Қазіргі емледегі орфограммалар осы конференцияда анықталды.
65. Жазудың пайда болуына əсер еткен факторлар кесте арқылы көрсетіңіз. Алғашқы сурет жазулар табылған өлкелер мен алғашқы ой жазулар табылған өлкелерді атаңыз. Қазақстанның қай жерлерінде сурет жазулар мен ой жазу үлгілері табылған? Жер аттарын атап мысалдар арқылы қысқаша шолу жасаңыз. Жазудың пайда болуына əсер еткен факторлар
1-фактор
Ауызша сөйлесу тиімсіз болды. Өйткені ауызша сөйлесу тек жақын қашықтықта ғана қарым-қарым қатынас жасауға мүмкін болды, алыстан хабар алмасуға мүмкіндік бермеді.
2-фактор
Ақпараттарды сақтап отыру керек болды. Жанында жоқ адамға ақпартты, хабарды жеткізу қажеттілігі туындады. Мысалы, өзінің бір жерге кеткендігін хабардар ету секілді: балық аулауға кеттім т.б.
3-фактор
Адамның эфолюциясымен қатысты болды. Яғни сана- сезімі, ақыл-ойының дамуы шығармашылықтың пайда болуына əкелді. Осы кезде алғаш сурет жазуы пайда болды.
Алғашқы сурет жазулар табылған өлкелер мен алғашқы ой жазулар табылған өлкелер:
Ең алғаш сурет жазулар табылған өлкелер: Египет, Испания, Шумер, Оңтүстік Франция, Ацтек, Қытай жерлерінде, Америка үндістері, Финики, Пасха аралдары.
Ой жазуы табылған өлкелер: Қытай, Греция, Египет, Шумер елдерінде.
Қазақстанның қай жерлерінде сурет жазулар мен ой жазу үлгілері табылған? Жер аттарын атап мысалдар арқылы қысқаша шолу жасаңыз.
Қазақстан жерінен сурет жазулар мен ой жазулары көптеп табылған. Таңбалы сай, Семей, Алакөл, Теректі сайы, Балқаш, Дегерес, Талас ойпаты, Дауылбай тауы, Ақсу, Қарағанды облысы, Қаратау, Ұлытау жерлерінен табылған. Ол жерлерден тасқа, жартастарға ойып, қырып, қашау арқылы салынған. Ол суреттер сол кездегі адамдардың ішкі сезі мен эмоциясынан туған деседі. Əрі тұрмыс-тіршілігін салған.