73.Қазақ жазуының теориялық негіздері оқу құралына (Қ.Күдеринова. А., 2008. 275б.) қысқаша аннотация жазыңыз. Кудеринова Құралай Бимолдақызының көлемді еңбегі болып саналатын-«Қазақ жазуының теориялық негіздері» атты оқу құралының әрбір студентке берер пайдасы мол екені айтпасада белгілі.
Оқулықта: алдымен кіріспе бөлімі көрсетілген, 2 тараудан, 272 беттен тұрады. Алғашқы тарауы-Қазақ жазуының теориялық негіздері деп аталса, кейінгі бөлімі-Қазақ жазуының тарихы: әліпби түрлері мен емле мәселелері деп аталады. Оқулық жалпы саны 15 дәріс, 15 семинарды қамтиды, соңында студенттердік өздік жұмыс тақырыптары берілген. Бұл оқулықтың студентке берер көмегі мол, әрі өзіме де көп көмегі тиген көмекші құрал болып есептеледі.
Кітапта жазудың қызметінен бастап, бүгінгі қазақ жазуының латын графикасына көшуіне дейінге барлық тақырып айтылған, әрі бүгінде дауланып жүрген өзекті мәселелер де қамтылған. Яғни бір сөзбен бұл оқулықты-19 ғасырлың 30-шы жылдарынан бастап бүгінге дейін жарық көріп келе жатқан бүкіл еңбектердің қысқа әрі нақты жиынтығы деп айтуға болады. Себебі, бұл көмекші құрал-қазіргі қазақ жазуының мәртебесі мен маңызы және орны жайында толыққанды білім береді деп айтуға әбден болады.
Қ.Б.Кудеринова бұл оқулықты жазарда өзінің ғылымдағы ұстазы-Нұргелді Уәлиді басшылыққа алғаны жөнінде:«оқу құралын жазуда ұстазым, зерттеу жұмыстарымның ғылыми жетекшісі, қазақ жазу теориясын алғашқы болып зерттеген профессор Нұргелді Мақажанұлы Уәлидің терең теориялық кеңестері басшылыққа алынды» деп атап көрсеткен. Және ол өзінің кезекті бір жазу жайлы сөзінде: Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Бүгінде жазу кеңістігі ұлғайғаны соншалық оны-«жазу және мәдениет, жазу – өркениет, жазу – қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тіл, жазу және коммуникация» деп қарасытра аламыз деген болатын.
74. Жаңа латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері.1– тарау. Әріптер емлесі; Тарау қанша параграфтан тұрады. Әр параграф