33.Жаңа қазақ жазуында төл әріптер мен кірме әріптердің арақатынасы
Жазу мәселесі сонау жылдардан келе жатқан,қазақ тарихында ойып орын алатын мәселе десек қате болмасы анық.Жазу,әріп мәселесіне келгенде біршама қиындық туғаны барлығымызға белгілі.Осындай жағдайлар барысында,славян жазу әліпбиін Кирилл мен Мефодий тауып берсе,барлық түркі халқына үлгі болған қазақ жазуын Ахмет Байтұрсынұлы жеке шешіп берген болатын.Ахмет Байтұрсынұлының қазақ жазуында еңбегін аямай,бар күш-жігерін салғаны барлығымызға белгілі.Орыс ғалымдары Ахметтің жазу қисынын жан-жақты қарап,зерттеп ешбір мін таптағандарын сонымен қатар,ең озық,ықшам әліпби деп бағалаған болатын.Біраз уақытан кейін еш жасыратыны жоқ,латынға көшетініміз туралы хабар шықты.Бұл жердегі ең басты мақсат-әріптерден жаңылыспай,дұрыс қалпында көшіру болатын еді.Басты проблема болған нәрсе бұл жердегі-қазіргі әліпбиіміздегі 42 әріп таңбасын біз қалай компьютердің 26 түймешесіне сиғызамыз деп мазасы қашып жатқандар да бар.Егер әліпби ретін,құрамын өзгертетін болсақ, демек біз ары қарай оның арғы жағындағы таңба және емле ережелеріне де өзгеріс енгізу керекпіз делінген. Төл әріптеріміздің сақталып қалуына қатысты тағы шешім бар: таңбалардың негізі ретінде түркі мемллекеттері ұсынған ортақ әліпбиіміз болуы керек.Сөздің жазылым түрі бәрімізге түсінікті болады,ал оқылым түрі әртүрлі бола береді делінген.
34.Қазақ ғылыми терминологиясының қалыптасуы. Термин жасаудың қазығын қадаған Ахмет Байтұрсынұлының және басқа да Алаш зиялылары
Қазақ терминологиясының қалыптасуы 60-70 жылдардағы кеңістік дәуірдегі уақытпен тұспа-тұс келеді.Терминология саласы жылдан-жылға даму үстінде. Қоғам әр уақытта даму,қозғалыс үстінде болғандықтан халықтың тұрмысына, ғалымға өзгерістер енген уақытта көптеген жаңа атау-ұғымдар пайда болып, осыған байланысты күнделікті қолданыстағы сөздерден бөлек жаңа мағыналы сөз пайда болады немесе мүлдем жаңа сөздер яғни терминдер пайда болады.Қазақ терминологиясының қалыптасып,дамуына өз үлесін қосқан ірі тұлғалар: А.Байтұрсынұлы,Х.Досмұхамедұлы,М.Әуезов,М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы.Осы атақты тұлғаларымыздың терминология саласын өте жақсы зерттеп,қарағандарын байқаймыз.Себебі,қазақ тілінде жазған еңбектерінде кездесетін ғылыми атаулар дәлел бола алады.Ірі тұлғаларымыздың арасынан Ахмет Байтұрсынұлының есімін ерекше атағанымыз орынды болады.А.Байтұрсынұлы бір емес бірнеше ғылым саласының терминдер жүйесін қалыптастырған.Кез-келген саланы ұғым атауларынсыз оқып-біліп,түсіну мүмкін емес.А.Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғым атаулары мен байланыстарын анықтап,ғылыми ұғым атауларын жасаған.Менің ойымша,кез-келген ұғымға атау қою ол оңай жұмыс емес.Біршама еңбекті,тілдегі шеберлік пен ойдағы ұшқырлықты талап ететін дүние.Сонымен қатар А.Байтұрсынұлы қалыптастырған терминдер жүйесі жылдан-жылға толыға түседі.Біршама көпшілік терминдер қазақ тілі,әдебиет,этнография,жалпы мәдениетке қатысты мол бола түскенін байқаймыз.
35.Қазақша пән сөздер және терминология. «Пән сөз» - деп, қазіргі кітаптарда, журнал, газет, пән (қазақ тілі, алгебра, физика т.б.) қолданыстағы ғылы¬ми терминдерді, «жат сөз» - деп, кірме сөздерді (шет тілдерінен енген сөздер) атағаны көрінеді. Термин латын тілінің «terminus» – «шек, шекара» деген сөздерінен пайда болған.
Қазақ халқы байырғы заманымыздан бері сөзге бай халық.Оны дәлелдеудің де қажеті жоқ деп ойлаймын.Қазақша пән сөздер деп-ғылыми мекемелерде,оқу орындарында қолданылатын сөздерді айтамыз.Мысалы, кітап,газет,журналдарда қолданылатын сөздер тобы.Термин сөздер өз атауы айтып тұрғандай,бір салаға қатысты пайда болған ұғым атаулары.Қазақ тілімізде уітап-журнал,мақалалар көбейген сайын біздің сөзді қорымыз да ұлғая түседі.Менің ойымша,тіл деген нәрсе біліммен бірге өсіп-өрбитін жанды нәрсе.Тілдің өсіп өркендеуі өз бетінде даму үстінде,жанды болуы қажет.Яғни жанды нәрсеміз,өз ағынында,емін-еркін өсіп жетілмек деген сөз.Біз мәдениетімізді күшейту,өркендету арқылы тілімізді дамытамыз.Төңкеріс кезеңдерінен бері тілімізге еніп кеткен біршама жат сөздер бар.Бірақ біз,халық ол сөздерді сіңдіріп,қолданысқа енгізіп алып кетті.Ендігі кезекте ол сөздердің орнына жаңадан қазақ сөзіп тауып енгізу. Жат тілді жоқ қыламыз,қолданыстан аламыз деу біздің қолымыздан келмейді.Бойымызға сіңіп,әр уақытта қолданып жүрген сөзді қалай алып тастай аламыз? Бойға сіңіп кеткен асты қайта құсуға болама? Мысалы ол сөздерге мыналарды жатқызамыз: республика,налок,ыстаж,собрание,әгент, права және тағы басқа да сөздер.Термин сөздер алғашында бізге келгенде жат сөз болуы әбден мүмкін,оны керағар пікір демейміз.Бірақ ол сөздер біздің ыңғайымызға келіп,сөзімізге келісіп,қолданысымызға еніп кеткеннен кейін біз оны жат сөз деген ұғымнан алып тастаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |