Латын сессия жауаптары 2023 Руникалық көне түркі графикасы


Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: жәдид жүйесі



бет12/41
Дата26.12.2023
өлшемі91,3 Kb.
#199369
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
Латын сессия жауаптары 2023
Дойбы 2023ж, aliev tainy semii proroka mukhammada, тест 300 дб, 5 лекц диф псих, Латын сессия жауаптары 2023, Дарис-7 Көміртегі айналымы (копия)
24. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: жәдид жүйесі
Жәдид жүйесі- араб графикасына негізделген қазақ жазуының бір жүйесі. Ұйғыр жазуынан соң қолданылған жазу болып есептеледі. Жалпы қолданысын қарастырсақ, жазудың екі түрі қарастырылады. Оның бірі бүгін талқыланып отырған « жәдид» жүйесі.
«Жәдид» сөзін араб тілінен аударсақ « жаңа әдіс» деген ұғымды береді екен. Жәдидтің өз ағасы қадимнан бір ерекшелі, тіпті артықшылығы ондағы дауысты дыбыстардың таңбамен жазылуында болып отыр. Неге десеңіз, қадим жазуында тек харакаттар дауысты дыбыстарды диакритикалық белгілермен яғни таңбасыз берсе, жәдид жазуында дауысты дыбыстардың қзіндік таңбалары қолданылды.
Аталған «жәдид» жазуымен алғашқы болған қазақ газеттерінің басылымдары шықты. Ол газеттерге « Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» сынды аты өшпеген газеттерді жатқыза аламыз.
Тағы қоса кететіні, араб сөздерінде ғана қолданылатын, араб сөздеріне ғана тән болып есептелетін таңбалар қазақ төл сөздерін жазу барысында да қолданылуы. Және де түбірге қосымша жалғанған кезде, тіліміз үшін маңызды дыбыс үндестігінің сақталмауы. Қазақ тілінің үндесім заңдылығының үнемі бұзылуы.Сөзімді дәлелдесем:
•«бізні», «мүлкімізні», «аулымызны» сөздері. Бір ғана инвариянттылық принціпі бойынша алынған жұрнақ және жалғаулар.
•«-дар» «-тар» сынды үлгілер таңбаланбады.
•«ү», «ұ», «і», «ы» сынды дыбыстар қоса таңбаланып отырған. Мысалы: «орұсұңұзны» сөзін алсақ болады.
•Жүйеде кітап тілінің сипатын беретін таңбалар жоқтығы.
Барлығы бірлесе халқымыздың тілінен алшақ екенін көрсете түсті де, әліпби, емле ережелері туралы пікірлер озғала бастады.
25. Ұлттық әліпби жасаудың алғышарттары мен маңызы
Ұлттық әліпби бұл кез келген мемлекет үшін алпауытты мәселе.Себебі,Ұлттық әліпби түзу күрделі мәселе екені белгілі.Көптеген нақтыланған әліпбиі бар елдерді талдап қарасақ,тіпті бекітілген әліпбидің өзің бірнеше рет түзегенін байқаймыз.Әліпбиді дұрыс түзу үшін ең алдымен тілдік нормаларды,заңдылықтарды алға тартуымыз керек.Сонымен қатар тілдік заңдылықтар жалпы және ішкі деп екіге бөлінеді.Мысалы,қазақ тілін алсақ,бұл жалғамалы тіл,яғни тіліміз үндесім заңдылығы арқылы жүзеге асады,ішкі заңдылықтарына тіліміздің лексикалық,фонетикалық яғни жалпы грамматикасын айтамыз.Ұлттық әліпби тілдің барынша барлық мәселесін қолдап,қамтып,ұлттық сипатқа ие болуы керек. Ғалымдардың пікірін еске отырып,әліпбидің орфографиясына ерекше мән берілуі тиіс,яғни әліпби дұрыс жазылмаса,орфографияғада тигізетін кері әсері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет