16.Басқа тілдерден (араб, парсы) енген сөздерде кездесетін дыбыстық ерекшелік (егерде ауызша айтсақ) Қазақ тілінің лексикалық құрамындағы араб-парсы сөздерінің тілімізге сіңісіп, табиғи түрде қалыптасып кеткені сондай, тіпті мұндай шеттен ауысқан элементтердің көпшілігін қазақтын, байырғы, төл сөздерінен ажырату қиын. Бір тілден екінші тілге ауысудын, ұзақ жолын басып өткен, əрқайсысы əр түрлі кезеңдерде келіп басқа тілге енген мұндай сөздердің сыртқы, дыбыстық тұлғасы тұрақсыз болып келеді Əр тілдің өзіне тəн ішкі заңдылықтары бар екені мəлім. Белгілі бір тілдегі дыбыстың, фонемалық қасиеті екінші бір тілде өзгеше түрде болып келуі ықтимал. Мəселен, қазақ тілінің тек өзіне ғана тəн фонетикалық заңдылықтары бар. Демек, казақ тіліне ауысқан араб жəне парсы сөздері қалайда қазақ тілінің осы заңдылықтарына бағынып, соның əсерімен өзінін, алғашқы фонетикалық бейнесін өзгертіп жібереді. Бұл аса күрделі тілдік құбылыс əр түрлі жағдайларда түрліше жүзеге асып отырады. Араб, парсы жəне қазақ тілдерінің тілдік құрамы əр түрлі болып келеді. Парсы, əсіресе араб тіліндегі дауыссыз дыбыстардың бəрінің бірдей эквиваленті қазақ тілінен табыла бермейді. Сондықтан араб яки парсы сөздерін қазақтар сол күйінде айнытпай, дəл айтпағаны түсінікті. Қазақ араб-парсы сөздерін қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімдеп қана айтуы мүмкін. Демек, ол араб жəне парсы сөздерін айтқанда қазақ тілінде жоқ дыбыстарды айтпай, аттап өтіп кетуге, яки оның орнына қазақ тіліндегі соған жақындау келетін
Басқа тілдерден (араб, парсы) енген сөздерде кездесетін дыбыстық ерекшелік дыбыстардың бірін қолдануға мəжбүр болады. Ал кейде араб, парсы дыбыстарын шамалы артикуляциялық өзгеріске ұшыратып айта береді Араб-парсы сөздерінің құрамындағы [н] фонемасы сөз ішінде кездесу ыңғайына, яғни өзінің позициясына қарай (сөз басында, сөз ортасында немесе сөз соңында) қазақ тілінде əр түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Егер дыбысы сөз ортасында дауыстыдан соң ұшырасатын болса, онда қазақ тілінде бұл дыбыс көбінесе дерлік сонор й дыбысымен алмасады. Мысалы, араб сөздері: фəһм пайым, пайымдау, зенн зайыр. зейін, заһер Диқан, мəһр мейір, меһман мейман т.б. Парсы сөздері: деһқан Кейде [н] дыбысы дауыссыз дыбыс ғ-мен алмасады: бəһа (парсыша) Қазақ тіліне ауысқанда араб-парсы сөздерінің ортасында кездесетін [н] дыбысы түсіп қалады: баға. қəһр - кəр, зəһр зəр, ашу-ыза, шəһр шəр, пəһлеван- балуан, бəһадур - батыр. Қазақ тілінде зəр жəне шəр формаларымен бірге заһар шəһəр секілді варианттары да қолданылады. Егер зəһəр, шаһар дыбысы араб-парсы сөздерінің басында тұрған болса, онда: қазақ тілінде [н] айтылмай, түсіп калады да, оригиналдағы жіңішке ə дыбысы енді толық жуан а дыбысына айналып кетеді. Мысалы: һəйбəт (араб) — айбат, Һəфтə ауа. - қазақ тілінде түсіп қалып, сөз апта, һəва (парсы) (парсы) əзіл, һəзм əзім, жіңішке дауысты ə дыбысынан басталады: Һəзл һəлак əлек, өлім. Бұлардың бəрі араб сөздері. Ал енді парсы тілінен ауысқан сөздерден бірнеше мысал келтірейік һəм - əм, сондай-ақ тағы да, һəман һəмише əмісе, əрқашанда, һəфту йəк əмен, ұдайы, һəме - əмбе, əптиек (жеке кітапша болып басылған Құранның жетіден бірі), һəр əр, əр түрлі, əркім. сөзінде һ дыбысы айтылмай, түсіп қалады, одан кейінгі и бірден е-ге, ал ч дыбысы ш- ға айналып кетеді. Сонда һич сөзі еш (ешнəрсе, ешкім, мүлдем) болып шығады, һонəр сөзі қазақ тіліне ауысқанда һ айтылмай да, жазылмай да калады. Казақ тілінде бұл сөз е дыбысынан басталады. Сонда бұл өнер болып шығады. Егер араб жəне парсы тілдерінен ауысқан сөздер һ дыбысына бітсе, онда бұл фонеманың алдында созылып айтылатын дауысты а дыбысы жіңішке ə-ге айналып кетеді: гəваһ- куə, гонаһ-күнə тағы басқалар.