9. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі нұсқалары (І нұсқа)
10. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі нұсқалары (ІІ нұсқа)
11. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі нұсқалары (ІІІ нұсқа)
12. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі нұсқалары (ІҮ нұсқа)
13. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі нұсқалары және емле ережелері.
Жаңа емле ережелерінің өзіндік, басты ерекшеліктері мен айырмашылықтары болады. ол тіліміздің ерекшелігі мен заңдылығына сүйемелденіп жасалынғанында. Ал алдыңғы ережелерде қазақ тілінің грамматикасының ережесіне қарағанда, орыс тіліндегі грамматикаға көбірек сәйкес әрі дәл келетін. Демек орыс тіліндегі төл дыбыстар осы қалпында сақталынып, осы себепті де кірме сөздерді орыс тілінің айтылу ережесіне сәйкес келтіріп айтатын болғанбыз. Мысалы, о деп жазсақ оны а деп оқимыз деген секілді. сонымен қатар бүгінгі күнде кейбір сөздердің жазылғанында бейжайлық болған , яғни бір модельді сөздердің әртүрлі жазылуы. Енді осы мәселелер, бейжайлықтардың барлығы өз шешімдері мен жауаптарын табуда. Әртүрлі проблемалар аясында пікір әртүрлілігі болады, себебі бұл заңдылық болып есептелінеді. Алайда, осындай сыни пікір-ойлар жоғары нәтижелерге жетуге әсерін тигізеді. Емле және әліпби аясында да ғалымдардың арасында өзіндік қайшылықтар болды. Оларды жасырын етудің керегі жоқ, көпшілік қоғам осыны байқап, біліп отыр. Бір шешімге әкелу үшін орфографиялық жұмыстық топтарының бір емес, бірнеше рет кеңейтілген іс-шаралар және отырыстар өткізілді. Әліпби және емлені саралап, сараптап талқылау үшін біраз ғылыми шаралық семинарлар ұйымдастырылады. Осындай жиындарда ғалымдардың пікірлері және ұсыныстары жан-жақты қарастырылып, сарапталады. Меніңше, ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан басымдыққа, жоғарғы көзқарасқа ие болғаны туралы пікірлер мен ойлар басшылыққа алынды деп есептеймін. Мысалы, "әліпби қатарына 28 таңбаны алғаны дұрыс па?" әлде "һ,ф,в" әріптерді әліпби қатарына еңгізіп," 31 таңбаны алу қажет пе?" деген даулы мәселелерде орфография жұмысының 96% 31 таңба керектігін қолдады. Осылай әр актуальды проблемада ғалымдар мен зерттеушілердің қолдауы я болмаса қолдамауы басты назарға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |