15.«Қазақ» этнонимі, зерттелуі Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді. Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада яғни грекше тілінде “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазахия және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс.
16) Басқа тілдерден(араб, парсы) енген сөздерде кездесетін дыбыстық ерекшелік Қазақ тіліндегі лексикалық құрамының араб және парсы әріптерінің біздің тілімізге еніп, яғни үйренісіп кеткені соншалықты, тіпті осындай басқа жақтан ауысқан элементтердің біразының қазақтың, ежелгі, төл сөздерінен айыру қиын. Бір тілден басқа екінші бір тілге ауысудың,оңай емес екенін бастан өткерген, әрқайсысы бөлек әртүрлі уақыттардан келіп басқа бір тілге енген сөздердің, дыбысы жағынан өзгешелік байқалып, тұрақсыз болып келеді. Әрбір тілдің өзіне ғана арналған ішкі заңдылықтар бар екені белгілі. Белгілі бір әріптердің дыбысы оның фонемалық қадірінің басқа бір тілде басқаша болуы ықтимал. Мысалы, қазақ әліпбиінің тек өзіне ғана тән болатын фонемалық заңдылықтары болады. Яғни айтақ қазақ әліпбиіне ауысып келген араб-парсы әріптері қандай жағдай болмасын өз тіліміздің заңдылықтарына бағынып, соның арқасында өзінің, бірінші фонетикалық түрін өзгертіп жібереді.Мұнысы аса күрделі тілдік өзгеріс әр жағдайда түрліше іске асып отырады. Араб, Парсы және қазақ тілінің құрылысы әр түрлі болып келеді. Парсы әріпберіндегі әсіресе араб әріптеріндегі дауыссыз дыбыстарды қазақ әріптерінен тааба алмаймыз. Сол себепті араб, парсы әріптерін қазақтер мүлде өзгертпей, сол қалпында, дәл сөйлегені жөн. Егерде араб, парсы тілдерінен ауысып келген сөздер һ деген дыбыспен бітсе, онда бұл фонеманың алдында созып сөйлейтін дауысты "а" дыбысы, жіңішке "ә" дыбысына айналып кетеді. Мысалы гонаһ-күнә деген секілді.