Јлдихан Ќалдыбаев


Рауза. Назарбаев Россиямен тең дәрежеде сөйлеседі. Жамал



бет239/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   371
Рауза. Назарбаев Россиямен тең дәрежеде сөйлеседі.
Жамал (байыппен). Россия – алып көршіміз. Онымен достық қарым-қатынасты бұзуға болмайды. Оның үстіне мына нарық заманында қай елге болмасын, керегі рынок. Ресей мен Қазақстан бір-біріне сенімді рынок.
Власов (құшырланып). Әне, көрдіңіздер ме, сіздер, әлсіз мемлекеттер Ресейдің ықпалынан ешқашан шыға алмайсыздар, Экономикалық тәуелсіздіктен құтылуларыңыз мүмкін емес. Экономикалық тәуелсіздік – саяси тәуелсіздіктің алғышарты, жаратушысы.
Рауза. Қазақстан тау-тау астығы мен қат-қат қазба байлығы тұрғанда ешкімге экономикалық тәуелді бола алмайды.
Власов. Қазақстан - шикі зат елі, астықтан басқа ештеңені өңдей алмайсыңдар. Өндірісі жоқ ел өркендемейді.
Жамал (қабағын шытып). Альфред Мойсеевич, сіз не ескіше ойлайсыз, не ештеңе көргіңіз келмейді. Сіз Мәскеудің одақтың бүкіл өндіріс орнын Ресей жеріне орналастырып, одақтас республикаларды шикі зат көзіне айналдырғанын жақсы білесіз.Мұны біздің басшылар да жақсы біледі. Білгені емес пе, қазір барлық қалаларымызда өндіріс кәсіпорындары қаулап өсуіне жағдай жасап отыр. Қазақстанды индустрияландыру картасы жасалған.
Власов. Одан түк те шықпайды. Сіздерде ғылым мен техниканың тіліне жетік маман жоқ.
Рауза. Бар. Бәрі бар. Жоқ болса, Назарбаев жастарды «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқытып, даярлап жатыр.
Власов. Болашағы жоқ тірлік. Шетелде оқыған жастардың көбі сонда қалып қойып жатыр. Олар сөйтеді, әсіресе, қыздар шетелдік жігіттерге байға тиіп кетуде. Неге? Қазақ жастарында патриоттық сезім жоқ. Жастарды айтам, бәрің сондайсыңдар. Алысқа бармай-ақ қазақ тілін алайық. Егер сіздерде ұлтты сүю, париоттық сезімі болса, тілдеріңізді осыншама тәлкекке айналдырар ма едіңіздер. Сөз көп, қазақша сөйлеуге талпынып жатқандар аз.
Жамал (қабағын шытып). Альфред Мойсеевич, сіздің қазақ ұлтын кінәлап сөйлеуге құқыңыз жоқ. Қазақ проблемасын қазақ өзі шешеді.
Рауза (жиіркене қарап). Біз ұлтымызды ешкімге, әсіресе, сіз сияқты еврейге билете алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет