Зәуре. Сонша тез айтасың ба?
Ерлан. Сонша тез айтамын.
Зәуре. Құда түсу қайда қалады сонда?
Ерлан. Соңынан бола жатады.
Зәуре. Дәстүр ше?
Ерлан. Бұзылады.
Зәуре(мәз болып күліп). Көрдің ғой!
Ерлан(күліп). Көрдім.
Зәуре. Бірақ бұлай деуді әзірге қоя тұрайық.
Ерлан. Неге?
Зәуре. Білмеймін. Уақыты болған жоқ сияқты.
Ерлан. Білеміз. Ол уақыт өзі келеді.
Зәуре. Рас айтасың. Ерлан, ресторанға бармай-ақ қойсақ қайтеді?
Ерлан. Қой, болмайды. Көкем мен маманнан ұят.
Зәуре. Кешіксем, папам мен мамам күтіп қалатын болды-ау!
Ерлан. Онда жүр, барып жылдамдатайық.
Берік пен Аманғайша келеді.
Берік. Балалар төмендегі ресторанның мазасы жоқ екен. Осы жақын маңда «Қызғалдақ» дейтін тәуірі бар көрінеді, жүріңдер, соған барайық.