Зәуре. Папаң мен мамаң қандай жақсы адамдар еді!
Ерлан. Несімен ұнап қалды?
Зәуре. Қарапайым адамдар екен.
Ерлан. Зәуре, білесің бе, олар, кеше саған мен айтқандай, «Құда түсеміз», – дейді.
Зәуре (шошып кетіп). Қойшы?
Ерлан. Несі бар?
Зәуре. Мен қорқамын!
Ерлан. Қорқатын түк те жоқ. Ол – ерте ме, кеш пе бір болатын жәйт.
Зәуре. Ал, меніңше, алдымен құда түсу, содан соң үйлену – жаттанды сүрлеу. Үйлену ешуақыт қайталанбас, сан қилы болуы керек.
Ерлан. Дегенмен, ата салттан асқаны жоқ. Құда түсіп барып некелесу – қазақ болу.
Зәуре. Екеуміз онсыз да қазақ емеспіз бе?
Ерлан. Қазақпыз. Бірақ, қазақтығымыз жеткіліксіздеу.
Зәуре. Қайдам? Меніңше, үйлену белгілі бір ереже, формулаға салатын есеп емес. Басқаны қайдам, егер менің тұрмысқа шыққым келсе, ештеңеге қарамаймын, «Болды, біз енді мәңгі бақи біргеміз», – деймін.
Ерлан. Ал мен: «Хұп, болады, Сандыбаева ханым!» – деймін.
Достарыңызбен бөлісу: |