Қалыптасқан, немесе индукцияланған иммунитет. Өсімдіктердің инфекциялық ауруларға төзімділігін арттыру мақсатында биологиялық және химиялық иммунизация тәсілі қолданылады.
Биологиялық иммунизация – өсімдіктерді патогендердің әлсіздендірілген культураларымен немесе олардың тіршілік өнімдерімен өңдеу арқылы жүргізіледі (вакцинация). Оны өсімдіктерді кейбір вирустық, сол сияқты бактерилық және саңырауқұлақ ауруларынан қорғау үшін қолданады.
Химиялық иммунизация – кейбір химиялық заттардың, олардың ішінде кейбір пестицидтердің де, әсеріне негізделеді. Өсімдіктердің бойында олар зат алмасу үрдісіне қатысып оны ауру қоздырғыштарға қолайсыз бағытта өзгертеді. Бұндай химиялық иммунизаторлардың қатарына фенол қосылыстары – гидрохинон, пирогаллол, ортонитрофенол, паранитрофенол жатады. Бұл заттармен өсімдік тұқымдары немесе жас өркендері өңделеді. Бірқатар фунгицидтердің де иммунизациялық қасиеттері болады. Мысалы, дихлорциклопропан фенол синтезінің және лигниннің түзілу қарқынын арттырып күрішті пирикуляриоз ауруынан қорғайды.
Сол сияқты өсімдік ферменттерінің құрамына кіретін кейбір микроэлементерінің иммунизациялық маңызы бар. Сонымен қатар микроэлементтер негзігі қоректік элементтердің өсімдік бойына енуін жақсарту арқылы өсімдіктердің ауруға төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.