Лекция 1-2 Қазақстандағы өлкетанудың міндеті мен мақсаты


Лекция № 9-10. Экономикалық өлкетану



бет2/3
Дата08.06.2018
өлшемі72,25 Kb.
#42088
түріЛекция
1   2   3

Лекция № 9-10. Экономикалық өлкетану. Экономикалық өлкетанудың мазмұны, мәні, көздері. Өлкенің халқын оқу: экономикалық, демографиялық және әлеуметтік аспектілері. Шаруашылықтың құрамы және оның классификациясы. Өлкетану оқу объектісі ретінде кәсіпорындар, елді мекендер және аудандар. 4. Рекреациялық ресурстар және рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін: 1. Біріншіден туристер өзінің саяхат жасайтын ауданның экономикалық географиясында қызығушылық танытады. Олар жергілікті халықтың ауданның табиғат жағдайларын мен ресурстарын пайдалануы және ұйымдастырылуы туралы білуге, шаруашылықтың түрін анықтауға, елді мекендермен және олардың тарихымен танысуға, халықтың мәдениетімен, тұрмысымен танысуға тырысады. Шаруашылық және халық туралы мәліметтердің қайнар көзі статистикалық жинақтар, жергілікті халықпен сұхбат болып табылады. Халық бұл берілген территорияда тұратын барлық адамдар жиыны. Толық мәліметтер белгілі бір уақытта өткізілетін халық санағынан алынады. Халықты оқудың демографиялық аспектілеріне тұрғын халықтың саны, жас және жыныс құрамы, табиғи өсу, миграция, этникалық қрамы және т.б. жатады. Экономикалық аспектілерге қала және ауыл халықтарының ара қатынасы, еңбекке қабілетті адам және еңбек ресурстары, экномиканың қай саласында жұмыспен қамтылған, халықтың еңбек дағдылары, сауаттандырылу деңгейі, халықтың орналасуы және т.б. жатады. Әлеуметтік аспектілерге әлеуметтік құрамы, этникалық құрамы, халықтардың дәстүрлері мен мәдениеті жатады. 2. Әр аймақтың шаруашылығы материалды өндірісті және өндірістік емес салаларды қамтиды. Материалды өндірістің негізгі салалары: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану. Өндірістік емес ортаның салалары: тұрмыс-коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, ғылым, білім беру, өнер, спорт және туризм. Өлкетанушы материалды өндіріс және өндірістік емес ортаның шаруашылықтағы үлестерін анықтауға тиіс. Халықты және кәсіпорындарды сипаттау жоспары «Лабораторлық жұмыстарды орындаудың әдістемелері» бөлімінде көрсетілген. 3. Рекреациялық ресурстар – бұл рекреация үрдісінде адам қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын табиғи-климаттық, әлеуметтік-мәдени, тарихи, архитектуралық және археологиялық, ғылыми және өндірістік, көріністік, діни және басқа да нысандар немесе құбылыстар. Өлкетану жұмыстарында рекреациялық ресурстар мен нақты объекттердің техникалық және экологиялық жағдайы туралы, оларға түсірілетін салмақ пен туристердің келу ағымы, оларды пайдаланудан түсетін табыс, ресурстарды сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған шаралар туралы мәліметтер жиналуы мүмкін. Туризмнің дамуы үшін аумақтардың жарамдылығы мен құндылығын анықтаудың мақсаты болып туристік-рекреациялық ресурстарды зерттеу табылады. Олар туристік-экскурсиялық қызметте жарамды және емдік, сауықтыру-спорттық және танымдық туризмді қажеттіліктерді қанағаттандыратын, табиғи және қоршаған ортада адам қолымен жасалған нысандар мен құбылыстар жиынтығы. Туристік-рекреациялық ресурстар – тарихи ұғым, өйткені ғасырлар бойы ресурстардың кейбір түрлерінің рөлі және олардың құрылымы, туристік қажеттіліктердің көлемі өзгеріп отырды. Бұл табиғи және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа элементтердің айналымға түсуіне әкеп соғады. Туризмнің әрбір түрінің ресурстары ерекше сипатта болады: - Санаторлық-шипажайлық демалыс үшін минералды сулар мен емдік балшықтардың әртүрлі түрлері қолданады; емдік әсер беретін ауа райы мен климат; өзіндік микроклимат тән үңгірлер мен тұздар (спелеотерапия) қолданылады. Қазақстандағы танымал курорттарына келесі курортттар жатады: Сарыағаш, Рахман бұлақтары, Мерке, Алмаарасан, Арасан-Қапал, Жанақорған, Боровой. - Сауықтыру демалыс қолайлы және жайлы климаттық мезгілдерде, сулар, өсімдіктер, жер бедері мен ландшафтың емдік әсер беретін тағы басқа элементтері мен қасиеттері негізінде дамиды. Дұрыс ұйымдастырылған және кең пайдаланған белсенді демалу (жаяу жорық, қайықпен жүзу, велосипедтті пайдалану) адамның физикалық жағынан тың, мықты қылады - Спорттық туризм және категориялық саяхаттар үшін аймақтың өткіштік және кедергілердің болуы (табалдырықтар, өткелдер, асулар), халықтың аз қоныстануы және ауданның алшақтығы сияқты қасиеттері маңызды. - Экскурсиялық туризмнің нысаны ретінде мәдени-тарихи және табиғи көрнекі жерлер, ерекше шаруашылық нысандары, фольклорлық мейрамдар және халықтық мәдениеттің элементтері (ұлттық ойындар, көркем өнері) табылады. Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары болып табылады: 1) қорлар көлемі (минералды сулар дебиті; бағалы рекреациялық аумақтар көлемі; туристік орталықтардың экскурсиялық әлеуеті), ТРС-тің әлеуеттік сыйымдылығын анықтау, игерілу деңгейін анықтау, салмақты оптимизациялау үшін қажет. 2) ресурстардың таралу ауданы (сулы көкжиектердің, жағажайлардың көлемі; орманды, аумақтың сулылығы; тұрақты қар жамылғысының шекаралары) әлеуеттік рекреациялық жерлерді анықтау мен санитарлық қорғау аймақтарын анықтауға қажет; 3) эксплуатация жүргізуге мүмкін кезең (қолайлы климаттық кезеңнің, шомылудың ұзақтылығы, тұрақты қар жамылғысының жатуы) туризмнің мезгілділігі мен туристік ағымдардың ырғақтылығын анықтайды; 4) көптеген ресурстардың аумақтық қозғалмаулығы, рекреациялық инфрақұрылым мен туристік ағымдардың олардың шоғырланған жерлеріне тартылуына әсер етеді; 5) салыстырмалы төмен капиталсыйымдылығы мен эксплуатациялық шығындардың төмен бағасы, инфрақұрылымды жедел құруға, әлеуметтік және экономикалық нәтиже алуға, сонымен қатар ресурстардың жекелеген түрлерін өз бетінше қолдануға жағдай жасайды; 6) табиғатты рационалды қолдану нормаларын сақтау және қажетті рекультивация мен сәулеттендіру шараларын жүргізу арқасында көп рет қолдану мүмкіндігі. Қазіргі уақытта демалыс пен туризм ресурстары тікелей және жанама деп те жіктеледі. Біріншісіне туристер өздері пайдаланатын – ландшафтың әсемдігі мен экзотикалығы, жердің емдік қасиеттері, тарихи-мәдени ескерткіштер және де басқа танымдық объектілер сияқты, ресурстар жатады. Бірақ туристік ресурстарды игеру үшін жанама ресурстарды да тарту қажет – шикі заттық, отын-энергетикалық,материалдық, қаржылық, еңбек қорын т.б. Туристік-рекреациалық ресурстар аймақтық туризмді ұйымдастыруға, туристік аудандар мен орталықтарды қалыптастыруға, олардың мамандануына және экономикалық тиімділігіне әсерін тигізеді. Рекреациялық ресурстар ұлттық мұра болып табылады. Олардың ерекше маңызға ие бір бөлігі, әлемдік деңгейдегі ескерткіштер қатарына жатқызылады. Бұл тізімді жыл сайын ЮНЕСКО анықтап, жаңартып отырады. Өлкетанулық жұмыс барысында рекреациялық ресурстар мен кейбір нысандардың техникалық және экономикалық жағдайы туралы мәліметтер мен оларға түскен салмақ пен келушілер саны, оларды қолданудан түсетін пайда және оларды сақтау мен реконструкциялау бойынша қажетті шаралар туралы мағлұматтар жиналуы мүмкін. Рекреациялық нысандар оларға келуді шектейтін ерекше қорғау режимінде болуы мүмкін, мысалы, ерекше қорғалатын аумақтар (ЕҚТА). Өзін-өзі бақылауға және өздік жұмыстарға арналған сұрақтар: Өзінің өлкенің халқы мен экономикасы туралы мәліметтердің көздері. Статистикалық ақпаратты пайдалану мен анализделу әдістемелерінің ерекшеліктері неде? Рекреациялық ресурстардың әлеуметтік-экономикалық құрылымы қандай? Өзінің өлкесінің халқысын сипаттау қандай жоспар бойынша беріледі? Өзінің өлкесінің шаруашылығын сипаттау қандай жоспар бойынша беріледі? Өзінің өлкесінің шаруашылық объекттерін сипаттау қандай жоспар бойынша беріледі?
Лекция № 11-12. Тарихи өлкетанудың негіздері. Тарихи өлкетанудың пәні. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері. Тарихи өлкетанудың негізгі салалары Өзін-өзі бақылауға және өздік жұмыстарға арналған сұрақтар: Тарих және мәдениет ескрткіштері қандай түрлерге бөлінеді? ҚР қандай заңдары тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз етеді? Архивте жұмыс істеу әдістемесі және құжаттарды тіркеу жоспары қандай? Археологиялық қазбаларды ұйымдастыру мен өткізу ережелері қандай? Архитектура ескерткіштерін сипаттайтын құжаттар қандай? Туристік-рекреациялық жұмыстарды ұйымдастырудағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің маңызы.
Лекция №13 Туристік-өлкетану жұмысындағы өсімдік және жануар дүниесін қоргау мәселелері Табиғатты қорғау ісінің түйінді түсініктері Қазақстанның қорғалатын территорияларына сипаттама Өсімдік дүниесі Жануар дүниесі Қызыл Кітап, оған кіргізілген өсімдіктер мен жануарлар Жануар және өсімдік әлемін қорғауын қарастырудан бұрын осы саланың түйінді терминдеріне тоқталып кеткен жөн. Ең бастасыареал деген түсінік, жануар, өсімдік әлемі. Ареал деп жануардың не болмаса өсімдіктің бір түрі таралған жерді, аймақты атайды Өсімдік дүниесі ол өсімдік жамылғысы, жер бетінің, немесе бір регионның фитоценозының жиынтығы.Өсімдік тек қана түрлілік құрамымен ғана емес, санымен, түрлі тірі ақзалардың формаларының ұйқасымен, олардың динамикасымен және кеңістік кұрамымен сипатталады. Жануар әлемі ө ол тарихи құрылған жануарлардың бір немесе бір неше , Туристік-өлкетану саласының жұмысшылары табиғатты қоргаудағы келесі екі аспектіге көңіл аудару керек: Біріншісі – гидтерге және туристерге ұйымдастырушы мекеме мен (фирма мен)жорық немесе саяхат кезінде табиғатты қорғаудың негізгі ережелері жайлы ақпарат беру. Екінші аспект – туристік мекемелерінің табиғатты қорғау жұмысының материалдық базасы (маршрутты белгілеу және жабдықтау,бивактар үшін, табиғатқа кедергі жасамайтын құрал жабдықтардың жаңа түрлерін пайдалану) Жорық кезінде ботаникалық бақылауларды көбінде шипалы, жабайы және декоративті шөптерді анықтауға пайдаланады. Зоологиялық бақылаулар туристер үшін екі мәселеге бөлінеді: танымдық (номенклатура жайлы және жануарлардың ареалдары туралы ақпарат) сақтау (маршрутты қауыпсыз өту жайлы ақпарат) Өлкетанулық ақпаратты жүйелеу үшін фенологиялық бақылаулар жәйлі ақпарат қажет. 6. Геоботаникалық зерттеулер Геоботаника туристердің қызығушылығын тудырады. Өсімдіктердің біртектілігі географиялық ортаның біртектілігінің көрсеткіші болып табылады, бір типтің екінші типке ауысуы климаттың, тау жыныстарының және табиғи ортадағы өзге өзгерістерге әкеледі. Сондықтан да өсімдіктердің біртектілігі аумақты аудандастырудың бір белгісі болмақ. Өсімдіктерді жазып қана қоймай, гербарий құрастыру қажет. Гербарий үшін жақсы дамыған жапырағы, гүлі және жемісі бар, бұзылмаған өсімдікті таңдаған жөн. Жаңбыры күні немесе таңертеңгісін, шық кеппей тұрмай жинауға болмайды. Өсімдікті тамырымен қазып алып, оны қағаздың арасына ботаникалық папкаға немесе торға салады, папканы тығыз қылып байлайды, үлкен өсімдікті екіге бүктейді, жапырақ пен гүлді майыспайтындай қылып түзейді. Қылқан жапырақты ағаштардан міндетті түрде жаңғақ қоса алынады. Қылқан жапырақ кепкен кезде, шашылып қалмау үшін қылқанды ыстық құмда кептіреді. Жуан және бұлшықты жапырақ пен бұтаны кептірген қиынырақ. Оны ыстық суға пісіріп немесе спиртке аз уақытқа салып, содан кейін қағаз кулекке салып, оны ыстық құмммен көму керек. Егер өсімдік кепкен болса, ол ұшынан ұстап тұрған бұта тік тұрып, майыспайды. Жапсырмада реттік нөмері, өсімдік атауы, толық мекен-жайы мен өскен ортасы, кім және қашан жұлып алғаны көрсетіледі. Егер өсімдіктің ғылыми атауы белгіссіз болса, уақытша жергілікті атауын қолдануға болады. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді жинауға рұқсат етілмейді, сондықтан да жорық немесе экспедиция алдында ҚР Қызыл кітабымен танысып алу керек. Турист-ботаниктің құрал-жабдығы: өсімдікті кептіру үшін пресс, күрекше, үлкен бақшалық пышақ, тысы бар кішкентай күрекше, өсімдікті сақтау үшін фанералық таяқша, газет қағазы, қойын дәптер, жапсырма үшін дәптер, түрлі-түсті қарандаштар, өсімдікті анықтауыш. 7. Зоологиялық және фенологиялық зерттеулер Зоология мен энтомологияны сүюшілер саяхат кезінде жануарлар туралы мәліметті және коллекцияны жинай отырып, елдің зоологиялық байлығын зерттеуге көмек тигізбек. Шыбын-шіркей, құстарды және сүтқоректілерді бақылау оңайырақ. Бақылауларды жүйелі түрде жүргізу керек: мерзімі мен жиналған орны, ауа-райы, бақыланатын объектінің атауы, оның орын тепкен жері, объектінің мінез-құлқы. Объектінің міндетті түрде жапсырмасы болуы керек. Оған күнделіктегі уақытты, объектінің жиналған орны, жинаған адамның аты-жөні жазылу керек. Турист-зоолог пен энтомологтың құрал-жабдығы: жердегі және судағы шыбын-шіркейді аулау үшін әртүрлі ебелектер, морилкалар, эфир, спирт, формалин, қорапшалар, мақта, скальпель, буланған қайшылар, пинцет, жіптер, инелер, газет қағазы, аузы мықты жабылатын ыдыс-аяқтар. Фенология – табиғаттың маусымдық даму заңдылықтары туралы ілімдер жиынтығы. Фенологиялық әдістің негізі көпжылдық бақылаулардың қайталануымен анықталады. Өлкетануды сүюшілер визуалды бақылайды. Бақылауларды дара экземплярға емес, популяцияға жүргізген жөн. Бақылауларды жыл мезгілдеріне байланысты, 2-3 күнде бір реттен кем емес жүргізген жөн. Өсімдіктерді бақылау. Осы аймақта жиі кездесетін өсімдіктерді таңдаған жөн. Көктем мен жазда келесідей құбылыстар бақыланады: - ағаштардағы сөлдің қозғалысын; - бүршік атыуын; - бүршіктің жарылуы – жапырақ ұштарының пайда болуын; - алғашқы жапырақтардың ашылуын; - гүлденудің басталуын; - гүлденудің аяқталуын; - бастапқы тұқымдануын; - жаппай тұқымдануын; - жапырақтардың түске боялуын; - жапырақтардың түсе бастауын; - жапырақтың толығымен түсінен айырылуын; - қоңыр күздің аяқталуын. Жануарларды бақылау. Тозаңдандырушы, бал тасушы, ауыл шаруашылық өсімдіктерге зиян келтіретін шыбын-шіркейді бақылаудың практикалық маңызы зор. Келесі құбылыстарды белгілеген жөн: - ірі түрлердің (имаго) алғашқы және жаппай пайда болуын; - жұмыртқа сала бастауын; - дернәсілдердің пайда болуын; - дернәсілдің көбелекке айнала басталуын. Құстарды бақылау үшін арнайы желі таңдалады. Құстардың белсенді кезі таңертеңгі уақытта бақылаған жөн: - құстардың келу (ұшып өту) уақытын анықтау; жаппай ұшып өту уақытын анықтау; - құстардың ұшып кету уақытын; құстардың жаппай ұшып кету уақытын белгілеу. Бақылауға және өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар Өлкетанушылардың зерттеуі үшін қол жеткізерлік негізгі табиғи компоненттерін атаңыз? Ботаникалық және зоологиялық зертеулерді жүргізу тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет?
Лекция №14-15 Мұражайтану негіздері Мұражай тусінігі Мұражай функциялары 4.Мұражайлардың түрлеріне қарай бөлінуі Қазақстан мұражайларының тарихы «Мұражай» түсінігі адамзаттың мәдени өмірінде екі жарым мың жыл бұрын пайда болды, бірақ олар заттарды жинау түсінігі ретінде қолданған жоқ. Ежелгі гректер алғашында мусейон деп музалар мүсіні орнатылған құрбан шалынатын киелі шырақтарды, атаған. Ол шырақтар бақшада, тау етегінде, бұлақтардың қасында орналасқан. Уақыт өте мусейон деген сөз әдебиет пен, ғылым және ғылыми араласу мен айналысатын адамдардың жиналатын орындарын атай бастады. Мұражайларға екінші өмірді қайта өркендеу дәуірі берді, оны жаңа маңызбен толықтырды. XVI ғасырдың екінші жартысында «мұражай» деп антик уақытының ескерткіштерін, кейінірек табиғат әлемінің үлгілерін және ғажайып немесе сирек кездесетін заттардың жиынтығын және оларды сақтайтын, орындарды атай бастады. Ғылыми білім беру мақсатында құрылған алғашқы ағылшын мұражайы 1683 жылы Оксфорд университетінде ашылды. Ресейде мұражайлардың пайда болуы 1 Петр атымен байланысты. 1714 жылы Петербургта ең алғашқы ресейлік мұражай - кунсткамера ашылды. Дайын коллекцияларды сатып алу, геодезиялық және картографиялық экспедициялар мен ерікті садақа беру арқасында, 1 Петр қысқа мерзім ішінде Еуропадағы ең бай жинаушылардың бірі болды. XIX ғасыр ішінде мұрадай бірте-бірте адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстанда алғашқы мұражайлар Орыс география қоғамының бөлімшелерімен ашылған. Орыс география қоғамының Орынбор бөлімшесінің мүшелері Алтынсарин, Карелин, ағайынды Плотниковтар, Дауылбаев болған. Олар Москва, Санкт-Петербург және Казань бөлімшелерімен тығыз байланыста болды. Олардың алдына қойған мақсат: «статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтерді жинау, өңдеу және тарату». Ол үшін түрлі ғылыми экспедициялар, жергілікті статистикалық комитеттер және өлкетанушылар қоғамы жинаған мәліметтерді өңдейтін, сақтайтын, бір жүйеге келтіретін, көпшілікке көрсететін орын қажет болды. Ондай орын әрине мұражай болды. Әйгілі қазақ ағартушысы, демократ И. Алтынсаринның «Орынбор ведомствосындағы қырғыздардың үйлендіру тойы және құда түсу салты» мен «Орынбор ведомствосындағы қырғыздардың өлікті шығару және ас беру салты» сияқты өлкетану-этнографиялық зерттеулері жарық көрді. А.Е. Қайназарованың мәліметтері бойынша 1913 жылға дейін Қазақстанда 5 тарихи-өлкетану мұражайлар болған: Орынборлық, Семейлік, Жетісулық, Оралдық және Верныйлық. Қазақстанның бірінші мұражайына 169 жыл, ол 1831 жылы Орынбор губернаторы граф Сухтеленнің ынтасымен құрылған. Бірақ негізінде оның басты ұйымдастырушысы болған белгілі орыс ғалымы В.И. Даль. Дәрежесі бойынша екінші орында Семейлік мұражай болған. Ол 1883 жылы 11 қыркүйекте Абай Құнанбаевтің көтермелеуімен Е.П. Михаэлиспен құрылды. Орал өлкетану мұражайы жайлы алғашқы мәлімет 1831 жылы атап өтілген. Оны жергілікте мұғалім Курилин ашқан, сол кішкені ғана мұражайдың негізінде 1870 жылы Орал әскери училищесі жанынан жаңа экспозиция ашылады. 1889 жылы мұражайда этнографиялық және археологиялық коллекциясы айтарлықтай үлкен көлемде болған. Ал Орал аймақтық мұражай осы мұражайдың негізінде 1920 жылы ашылады. Осы жылдан бастап мұражайға тарихи, этнографиялық, археологиялық, қазақтардың тұрмысы, мәдениеті жайылы көптеген материалдар жинала бастайды. Совет өкіметі кезінде 1976 ж. мұражайлар саны 39 жетті, Совет өкіметінің Азия бөлігінде саны бойынша бірінші орында болған. Қазақстанда егемендік алғалы мұражай ісі дамуда. Жаңа формалар, мысалы жеке меншік коллекциялардың пайда болуы, жаңа түрлері ашылуда – Семей қаласында прокуратура тарихы мұражайы т.б. Мұражайтану – мұражай пайда болуын, атқаратын қоғамдық функцияларын, мұражай ісінің теориясы мен методикасын зерттейтін қолданбалы ғылыми дербес пән. Халықаралық тәжірибеде Халықаралық мұражайлар кеңесі қабылдаған ұғым қолданылады: «Муражай – ол қоғам мен оның дамуына қызмет ететін, халық үшін ашық, коммерциялық емес мекеме, ол білім беру, танымдық және сауықтыру мақсатымен адамның материалдық құндылықтарын сақтайтын, зерттейтін, танымал қылатын және экспонаттайтын мекеме». Мұражай заты (экспонат) деп ғылыми, көркемдік, тарихи құндылығы бар заттарды атайды, олар мұражайда сақталады. Мұражай заттары халықтың ұлттық мұрасы болып табылады. Мұражай заты атқа ие болу үшін зат күнделікті пайдаланған ортадан алынып, экспонатқа айналу қажет. Мұражай заты әлеуметтік-мәдени, жаратылыстану ақпараттарды таратушы, ұлттық байлықтың бөлігі. “Мұражай заты” терминін ғылыми ортаға 1930 жылдары зерттеуші Н.М. Дружинин енгізген. Мұражай заттарын келесі топтарға бөлуге болады: мемориалды –тарихта із қалдырған адамның немесе бір тарихи оқиғаға арналған заттарының жиынтығы. Оларға сол адамның өзінің жеке заттары (киімі, қол жазбалары, орден, медальдары т. б.) жатады. Мемориалды заттардың ішінен реликвия заттарын бөліп алуға болады, ол эмоционалдық әсері өте жоғары заттар (мысалы әскери тулар) Типтік заттар, көп заттарға ортақ қасиеті бар заттар, мысалы, бидайдың сорты, автокөліктің үлгісі т.б. Кезінде көп болып шығарылып кейіннен азайып кеткен заттар. Типтік зат үникалды (бірегей) затқа айналуы мүмкін, мысалы жалғыз немесе санаулы экземпләрда сақталса. Ал бір мұражайдың заттар жиынтығы мұражай коллекциясы болып саналады. Мұражай заттарының келесі қасиеттері бар: Ақпараттылығы – мәлімет көзі ретінде. Ішкі мәліметтері (зат атауы, оның қолданылуы, көлемі, формасы, материалы, жасау техникасы, жазулар, таңбалары және т.б.); сыртқы мәліметтері (заттың тарихы, шығү тегі, онымен байланысты оқиғалар мен тұлғалар) Тартымдылығы (аттрактивность) – мұражай көрермендері үшін заттың тартымдылығы (заттың сыртқы көрініс қасиеттері арқылы – формасы, көлемі, түсі, безендірілуі). Экспрессивтігі –заттың белгілі оқиғаға, құбылысқа күәгер болғандай әсер беруі, сезім тудыру қасиеті. Мұражай фонды – мұражай меншігіндегі мұражай заттарының жиынтығы. Олар ғылыми-қосалқы материалдар фонды және мұражай заттарының фонды болып бөлінеді. Ал екіншісі негізгі және ауыстырмалы болады. Негізгі фонд – коллекциялық және дублетный деп бөлінеді. Мұражай зерттеушілер мұражай заттарын бір неше түрге бөледі: Заттық – адам қолымен жасалған, қажеттілік функциясы бар заттар; Қөркемөнерлік Жазбаша түрде қалған ескерткіштер; Кино; Сурет. Мұражай функциялары дегеніміз – мүражайдың институт ретінде қоғаммен турлі қарымқатынастары. Мұражайдың негізгі функциялары: - Құжаттау – бұл функция мұражай фондыларымен жұмыс істеу арқылы іске асады. Әр заттың зерттеу тарихы болады. - Ғылыми-зерттеу – мұражай заттарын зерттеу, анализдеу, сол арқылы мұражай затының кезінде атқарған ролі, практикалық пайдалануы туралы қортынды жасау. - Өткен тарихи кезеңдерді «реконструкциялау» - мұражай заты арқылы өткен ғасырларды көруге болады (мысалы алтын адамның киімі, сақ дәүірі) - Мәдени-ағарту – мұражай арқылы адам жаңа білім алалады, өзінің мәдениет денгейін көтереді. - Рекреативті – мұражайға барудың өзі демалыс болып саналады - Адамгершілік тәрбие функциясы – мұражайдың құндылығы адамның патриоттық сезімін тудырады, адамгершілік тәрбие береді. Мұражайларды жүйелеу. Коллекцияларының масштабы бойынша Тақырыбы бойынша; Атқаратын міндеті бойынша Басқа көрсеткіштер бойынша Көбінде мүражайлар келесідей жүйеленеді: Түрі бойынша (ғылыми-ағарту, ғылыми-зерттеу, оқулық) Меншігі бойынша (мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік) Профилі бойынша архитектуралық-ансамбілдік-архитектура ескерткіштері, сарайлы-парктер ансамбілі, шіркеулер (Әулие-Вознесен соборы); жаратылыс тану – биологиялық, геологиялық, медициналық, палеонтологиялық т.б. тарихи – археологиялық, әскери-тарихи, жалпы тарихтық, этнографиялық; көркемөнерлік – декоративті - қолданбалы, халық өнері ғылыми және техника – авиация космонавтика, автокөлік, темір жол көлігі; мемориалды - көбінде тарихы бар орындардағы мемориалды комплекстер. Қазақстанның әр облысында тарихи-өлкетану мұражайлары бар. Өлкетану зерттеу жүйесінде тарихи-өлкетану мұражайлары екі маңызды мақсаттарды атқарады: барлық табылған материалдарды жинайды; бір өлкені зерттеуінің барлық нәтижесін көрсетеді. Бақылау сұрақтары: Мұражайтанудың негізгі түсініктеріне анықтама беру Мұражайдың негізгі функцияларына сипаттама беру Мұражайлардың пайда болуы мен тарихы. Мұражай фондыларының негізгі турлеріне сипаттама беру. Мұражайлардың профилі, құжаттау тәсілі, меншіктік формасы бойынша жіктелуі. Мұражайлардың мәдени-ағарту жұмысы және олардың ерекшелігі

Қазақстандағы

мұражайлардың қалыптасуы мен негізгі бағыттары

Мемлекеттің тарихи дамуының әр кезеңінде еңбек сіңірген

қоғам

және


мемлекет қайраткерлерінің өмір және еңбек жолдарын насихаттайтын

мұражайлардың қызметі мен бағыттарын зерттеу қазіргі заманғы мұражайтану

ғылымында өзекті мәселе болып табылады.

Қазақстан

Респ

убликасының Президенті



Н.Ә. Назарбаевтың:

«

Егемен



еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны айрықша. Тарихымызды терең

зерттеп, оның тәжірибесінен тағ

ы

лым алу


Қазақстанда

патриотизмді

қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты

шарттарының бірі...»

деген сөздері музей қызмет



інің басты ұстанымы болуға

тиіс.


[1]

Қазақстан

Республикасының тәуелсіздікке қолы жетіп, қоғамның саяси

-

әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани салаларындағы пайда болған



түбегейлі өзгерістер зиялы қауым алдына оларды жаңаша зерделеу міндетін

қойды. Осы м

індетті жүзеге асыруда өткенді бүгінгі күннің биіктері

тұрғысынан тарихи талдаудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының

Президентінің жарлығымен 1998 жыл

«Халық бірлігі мен ұ



лттық тарих

жылы», 2000 жыл

«Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы



еліміздің

тарихының зерттелмей келген қырларын ашуға, ақтандақтардың орнын

толтырып, шындықты қалпына келтіруге мол мүмкіндіктер бер

гені б


аршамызға

айқын.


Қоғамның

белгілі бір даму кезеңдерінде ғылыми іздену, халық

-

ағарту,


мәдени мұраларды сақтау жұмысының жүйесі

-

бұл мемлекеттік маңызы зор



мұражай мекемелерінің жұмысы болып табылады. Қазақстанның мұражайтану

ғылымы саласы дамуы күрделі және жауапкершілігі мол уақытта тұр. Еліміздің

мұражайтану ғылымының алдында көптеген күрделі мәселелер ғылыми шешуін



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет