Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Жүйке жүйесінің құрылымы



бет17/60
Дата23.01.2023
өлшемі1,53 Mb.
#166188
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияны п ні, ма саты, принциптері м
1551283593, срс9, гоха хирургия, Дипломдық жұмыс жоспары
Миелит - инфекция немесе уланудан пайда болатын жұлынның ақ және сұр заттарын қамтитын шұғыл қабыну үрдісі.
Инфекциялық миелит біріншілік және екіншілік болып ажыратылады.Біріншілік миелит нейротроптық вирустар арқылы,ал екіншілік миелит вирустық(қызылша,шешек ,қызамық,тұмау)немесе бактериялық(сифилис,бруцеллез,ревматизм,туберкулез т.б.)жалпы инфекциялық аурулар кезінде ,ешекке қарсы егілгеннен кейін ,организмде іріндік ошақ болғанда,т.б. жағдайлар пайда болады.
Инфекция жұлынға қан арқылы тарайды.Оның дамуына аллергиялық реакциялар мен нерв жүйесінің реактивтілігі ықпал жасайды.
Патологиялық анатомиясы.Біріншілік инфекциялық миелиттің үш түрі болдаы.Олар:көлденең немесе шұғыл ошақтық;жедел тұралымды шұғыл;созылыңқы некроздық.
Көлденең миелитке қабыну үрдісі жұлынды көлденеңінен немесе оның жекеленген тұстарының көршілес 1-3 сегменттер деңгейінде қамтиды.Жұлын былжырап,оның қабықтарында күптену белгілері болуы мүмкін,онда переваскулция,лимфоидтық инфильтрация(сүзілі)геморрагия мен жұмсару ошақтары байқалады.
Диссеминденген (таралымды) миелитке миеменсізденген ошақтар мен біліктік цилиндрлердің бүлінуі,өткізгіш жолдардың жоғары және төмен қарай азғындауы тән .Сөзылыңқы некроздық миелит кезінде жұлынның сұр затында басым ,ақ затында задап эндо және мозоваскулиттер ,тамыр тромбозы, перифокальды жұмасру мен периваскулярлық инфильтраттар (сүзбелер)сегментті ядролы нейтроильдік гранулоциттерден құралады.
Клиникасы.Клиникалық көріністер сипаты миелиттік ошақтың деңгейімен анықталады.Егер қабыну ошақтары жұлынның жоғарғы мойын бөлігінде орналасса ,сіреспелі тетраплегия пайда болады.
Кейде миелиттің ауыр түрлеріде шұғыл кезең басталысымен аяқта босаң салдану көрініс беруі мүмкін,соңынан олар сіреспелі салдану белгілеріне ауысады.Орта кеуде сегменттерінің зақымдануына байланысты аяқта сіреспелі тетраплегия пайдаболады.
Миелиттің ауыр шашыранды түрі жұлынның барлық бөлімдерінде көптеген ошақтар дамуына сипатталып,өзгеше неврологиялық белгілердің жиі ауысуымен өтеді.Оны екі ошақтардың біртіндеп жойылып ,жаңаларының пайда болуымен түсіндіруге болады.Бұл аурудың ұзақ қызбалық кезеңі бар латенттік өтетіндігіне байланысты.
Ми жұлын сұйығы түссіз немесе аз мөлшерде клеткасы мен белокты қыншымақ пайда болуымен сипатталады.
Емдік шаралары.Аурудың шұғыл кезеңінде режимді сақтап,антибиотиктер мен сульфаниламидтері, уротропинды пайдалану арқылы қабынуға қарсы қарқынды ем жүргізу керек .Катетризацияға ерекше көңіл аударылады, ал зор жүрмей қалғанда белгілі бір уақытта 6-8 сағат сайын жасалады.
Біріншілік вирустық инфекцияларды 2-3 және жәнеодан да көп күндер бойы мұрынға тәулігіне 5-6 рет 3-4 тамшыдан интерфон тамызады .Бір жасқа дейінгі балаларға -5 мг;2 ден-4 жасқа ейінгілерге 6-10 мг,5-7-10-15 мг,8-10-15мг.т.б.РНК аза немесе ДНК аза бұлшық етке 4-6сағат сайын салынады.
Аурудың алғашқы күндерінен бастап глюкокуортикоидтер ұсынады.Қалыпқа келу кезеңінде емдік дене шынықтыру мен физиотерапиянық(диатермия,аса жоғары толқынды дыбыс дәрі-дәрмектер электрофорезі,ванналар,емдік саз бен парафин кеңінен қолданылады.)
Полиомиелит-нейротроптық вирус әсерінен жұлынныңалдыңғы мүйізін басырақ зақымдандыратын шұғыл инфекциялық ауру.Полиомиелиттік клиникасын бірінші рет 1840 жылы неміс дәрігер –ортопед Якобсон Гейне суреттеген.1887 жылы швед дәрілері Медин бұл инфекцияның жұқпалы екендігін дәлелдеген.Ауруды эпидемиологиялық зерттеудің басталуы оның атымен тікелей байланысты. Полиомиелит – негізінен жұлынның сұр затын зақымдайтын жедел инфекциялық ауру. Бұрын ол балалық шаққа тән деп есептелген. 1883ж. проф. А. Я. Кожевников алғашқы рет полиомиелиттің инфекциялық табиғаты туралы болжамын айтқан және өзінің лекцияларында оның клиникасына сипаттама берген. Кейіннен Д. Гейне мен О. Медин бұл аурудың нақтырақ және толығырақ зерттеген, сондықтан оны Гейне-Медин ауруы деп атап кеткен. Қазіргі кезде осы ауру фильтрленетін вируспен шақырылатындығы дәлелденген. Енді полиомиелитті жалпы инфекцияларға жатқызады, өйткені оның жүйке жүйесінің зақымдануынсыз өтетін түрлері де анықталған.
Полиомиелит жеке, яғни спорадикалық түрде де, эпидемия түрінде де кездеседі.
Аурудың жаздың аяғында және күзде байқалатындығы оның таралуына шыбындар, соналар, кенелер, бүргелер және басқа да жәндіктер қатысады деп болжауға мүмкіндік береді.
Полиомиелитпен көбінесе 4-5 жасқа дейінгі балалар ауырады (31-сурет). Эпидемия кезінде полимиелит 6 айдан 12 жасқа дейінгі балалардың және ересектердің ауырған жағдайлары тіркелген. Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Ұзақ уақыт полиомиелит вирусы тек қана жұлынның алдыңғы мүйіздеріндегі қозғалтқыш нейрондарды зақымдайды деп саналды. Соңғы кезде ауру сонымен қатар жұлынның артқы мүйіздерін де, қабықтарын, түбіршектерін, жұлын түйіндерін, жүйке ұштарын, бұлшық еттерді зақымдайтындығы және миға да тарауы мүмкін екендігі анықталды. Осылай таралуына қарай полиомиелиттің мына түрлерін ажыратады: жұлындық, бульбарлық (сопақша мидағы) және церебральдық (мидағы). Полиомиелитке зақымдаудың тереңдігі жағынан біркелкі еместік тән. Мысалы, патологоанатомиялық зерттеу арқылы толық зақымданған жасушалардың жанында аздап қана зақымданған немесе сау жасушалар кездеседі.
Аурудың ағымында бірнеше кезеңді бөледі. Вирус организмге енгеннен кейін инкубациялық (жасырын) кезең басталады, ол орташа шамамен алғанда 10-14 күнге созылады. Бұл кезеңге өзін -өзі жалпы нашар сезіну, бас ауыру және тәбетінің төмендеуі тән. Балалар әдеттегі қағылездігінен айырылып, салбыр, беймаза болады.
Келесі кезең – аурудың клиникалық көріністерінің айқындалу кезеңі. Оның ағымының өзінде 4 кезеңді бөліп шығаруға болады: салға (паралич) дейінгі немесе менингеальдық кезең, сал кезеңі, қалпына келу кезеңі және қалдықтық кезең.
Ауру дене қызуының 38-400 дейін көтерілуі мен қалтыраудан басталады. Ұйқышылдық немесе беймазалық, бас ауыруы, іш өту, құсу немесе жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі пайда болады. Бір жасқа толмаған балаларда жиі құсу, үлкен еңбегінің көтерілуі мен солқылдауы байқалады. Полиомиелиттің бастапқы кезеңіне ми қабықтарының зақымдану симптомдары тән: желке бұлшық еттерінің тартылуы (кернелуі), Керниг симптомы, арқаның ауыруы. Кейде аурудың басынан-ақ тыныс алу бұзылады. Науқастардың басым көпшілігінде тыныс алудың бұзылуы тыныс алу бұлшық еттерінің салдануы нәтижесінде пайда болады.
Сал ауруы кейде қалтырау кезеңінде пайда болады. Дене қызуы қайбқаннан соң қалпына 5 күнін ішінде белгілі болады да, басында үлкен алаңдарды алып, содан соң белгілі бір шектелген жерде тұрақты кемістік түрінде жинақталады.
Полиомиелит кезінде болатын сал шеткі (перифериялық) немесе босаңсыған деп аталады. Көбінесе екі аяқ, сирегірек екі қол, ал кейде бір аяқ немесе бір қол сал болады. Зардап шеккен аяқ не қол жіп құсап салбырап қалады, түсі көгерген (цианоз), сипап сезгенде суық болады. Сіңірлік рефлекстері жоқ (арефлексия), бұлшық ет тонусы күрт төмендеген (атония), ал 2-3 аптадан кейін бұлшық еттердің семуі (атрофия) дамиды. Егер жұлынның мойын бөлігінің төменгі жағы зақымданса, зақымданған жақта Горнер симптомы байқалады, ол көз саңылауы мен қарашықтың кішіреюімен және көз алмасының шүңіреюімен білінеді. Әдетте 6 аптадан кейін қалпына келу кезеңі басталады. Біртіндеп сал боп қалған аяғының не қолының саусақтары, одан кейін алақандары мен табандары қозғала бастайды. Қалпына келу әдетте біркелкі емес жүреді. Мысалы екі аяғы да зақымданғанда біреуінің қимылдауы тез қалпына келсе, екіншісінікі болар-болмас білінеді. Қозғалыстың қалпына келуімен қатар әртүрлі бұлшық ет топтарының зақымданғандығы нәтижесінде контрактуралар (аяқ-қолдың буындарда қисаюы) пайда болады. Контрактуралар семген бұлшық еттердің әлсіздігінен сау бұлшық еттердің басым күші өзіне қарай бұрып тартуына байланысты болады. Сондықтан аяқ-қол дұрыс емес, қалпына сай келмейтін жағдайда болады. Қалдықтық кезеңде тұрақты сал және контрактуралар сақталады, соның нәтижесінде дененің, аяқтардың немесе қолдардың қисаюы пайда болады. Сал болған қол-аяқта бұлшық еттердің семуімен бірге сүйектердің де семуі байқалады да, олар кейіннен қисайып, морт сынғыш болады. Жоғарыда айтылған кемістіктердің нәтижесінде аяқ-қолдың ұзындығы мен енінің өсуі артта қалада, бұл буынның шығып кетуіне әкеп соғады. Науқастар тіпті жүре алмайды немесе балдақпен жүреді. Іштің және арқаның бұлшық еттерінің салы кезінде омыртқа жотасы әртүрлі қисаяды да, сол үшін науқастардың тұруға, жүруге шамасы келмейді және олар табиғатына сай емес, бұрыс дене қалпында болады. Сырқаттану кезіндегі және одан кейінгі қалдықты кемістікке (салға) байланысты баланың психикалық қызметтері зардап шегеді. Аурудың басында балалар салбыр, енжар, ал кейде тітіргенгіш болады. Ал қалпына келу кезеңінде тез шаршау, көңіл күйдің жиі өзгеруі, жылауықтық, қорқақтық және т.с.с. байқалады.
Осылайша, полиомиелиттің барлық кезеңіндегі психикалық симптомдардың басқа инфекциялар кезінде кейбір балаларда анықталатын астениялық реакциялардан ешқандай айырмашылығы жоқ десе де болады. Ал қалдықты кезеңінде сал нәтижесінде балалардың қимыл-қозғалысы күрт шектелген болады.
Жалпы, полиомиелитпен ауырып шыққан және қозғалыс кемістігі түріндегі қалдықты құбылыстары бар балалар өзінің жағдайына әртүрлі реакциямен жауап береді. Көбінесе олар табандылық, қажырлылық танытады. Бала қоршаған ортаға белсенді түрде бейімделіп, өзінің кемістігінің орнын толтыруға, түзетуге ұмтылады. Алайда қозғалысының кемтарлығына байланысты баланың қоршаған ортаны қабылдауы мен ол туралы түсініктері шектелген болады да, бұл оның мінез-құлқына, қалауына, ақыл-ойына өзіндік әсерін тигізеді.
Дұрыс ұйымдастырылған және жүйелі педагогикалық жұмыс мұндай балалардың көбісіне өзінің сау қатар-құрбыларының деңгейіне жетуге көмектеседі. Нәтижесінде ақыл-ой жағынан ауыр бұзылыстар (кемақылдылық) байқалмайды. Полиомиелитпен ауырып шыққан балалардағы психикалық өзгерістер негізінен мінез бен көңіл күй-жігер саласына қатысты болады және кемістік дәрежесіне, ұйымдастырылған педагогикалық жұмыстың дер кезінде және дұрыс орындалуына байланысты.
Науқас балаларды ауруханаға ерте жатқызудың және емдеудің дер кезінде басталуының аурудан жазу болжамындағы маңызы өте зор. Аурудың жедел кезеңінде толық тыныштық сақтау қажет. Науқастар қатты төсекте аяқтарын жазып жатуы керек. Салбыраған табандарына кішкене жәшік тіреп қою керек немесе шинамен тұрақты қалыпқа келтіру қажет.
Жедел полиомиелитті емдеуде тыныс алудың бұзылыстарымен күресу ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Тыныстың ауыр бұзылыстарында арнайы тыныс қалталары қолданылады, олар ырғақты түрде кеуде қуысының біресе қысылуын, біресе кеңеюін шақырады. Ауыру сезімі басылғаннан кейін бұлшық еттердегі қанайналымды жақсарту үшін және контрактураларды болдырмау үшін жеңіл массаж бен гимнастика жасалады. Сал дамығаннан кейін 4-6 апта өткенде электрлік ем және жылы ванналар қолданылады.
Ортопедиялық және хирургиялық ем кеңінен қолданылады. Операциялар контрактураны жоюға бағытталады. Омыртқа жотасының қисаюы кезінде корсет кию керек, бұл белгілі дәрежеде тік жүруді сақтап қалуға және жүрісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Науқасқа нық тұруға және жүруге мүмкіндік беретін, сонымен бірге жүрген кезде аяқтың барлық буындары қимылдайтындай жағдай жасайтын қадаусыз аппараттар (Н. А. Шенк) қолданылады. Аппараттың ішінде аяқ жазылған түрде болады да, бұл контрактура пайда болуының алдын алып, ауру аяққа сау аяқпен бірдей дерлік жүктеме орындауға жағдай жасайды. Қысқарған аяқ түзелетіндіктен осындай аппарат киген науқастардың жүрісінің қалыпты жүрістен онша айырмашылығы болмайды. Сал аяқ белсенді және пассивті қозғалысқа үнемі қатысып отыратындықтан және денені тіреген кезде жүктеме түсетіндіктен, сәйкес тітіркенулер (импульстер) пайда болып, орталық жүйке жүйесіне жетеді. Қозғалыс кемістігін түзеуге бағытталған осы аппараттан басқа жүруді жеңілдету үшін сал аяқты тұрақтандыру мақсатымен ортопедиялық аяқ киім де қолданылады. Осы атап өтілген барлық ортопедиялық және хирургиялық шаралар зардап шеккен балаларға өздігімен жүріп-тұруға, оқуға және жұмыс атқаруға мүмкіндік береді.
Алдын-алу шаралары сау балаларды инфекциядан қорғауға бағытталады. Ол үшін науқастарды бөлек ұстайды, бөлмелер мен заттарды залалсыздандырады (дезинфекция). Айналасындағылар және балаға күтім жасаушылар қолын жиі жуып, ауыз бен мұрын қуысын залалсыздандырушы ерітінділермен шаюы тиіс. Науқастың ыдыстарын қайнату қажет. Сонымен қатар, жәндіктермен және паразиттермен күресу керек. Қазіргі кезде біздің елімізде полиомиелиттің алдын-алу мақсатымен жаппай егу (вакцинация) өткізіледі. Оның нәтижелері өте жақсы, қазіргі уақытта бұл ауру кездеспейді десек те болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасына сәйкес жақын арада полиомиелитті нағыз шешек (натуральная оспа) ауруы сияқты бүкіл әлем бойынша жоюға қол жеткізу қажет және бұл әбден мүмкін. Сонда тіпті егу жүргізудің де қажеті болмас еді.
Полиомиелиттен кейінгі қимыл бұзылыстары бар балалар үшін олармен арнайы педагогикалық шараларды ұйымдастырудың маңызы аса зор. Мұндай балалар көбінесе жалпы мектеп бағдарламасымен оқи алады. Осы балаларды оқытуды аурудан кейін бейімделудің бастапқы кезеңінде арнайы санаторий-интернаттарда өткізген дұрыс, өйткені онда оқытумен бірге түзетуші емдік шаралар да жүргізіледі. Бұл балалардың өзі сияқтылардың ортасында болуы оған аяушылықпен, ал кейде мазақпен қарауды сезінбеуі тұрғысынан да жағымды әсер етеді. Арнайы мекемеде оқи отырып, бала бірқатар емдік-түзету шараларын қабылдайды, соның ішінде бірінші орында емдік дене шынықтыру мен еңбекпен емдеу тұрады. Емдік дене шынықтырудың арнайы жаттығулары балалардың моторикасын дамытып, оларда нық басуды, кеңістікте тұрақты болу үшін бірқатар қажетті дене қалпын табу қабілетін, керекті қосымша қимылдарды қалыптастырады, протезді тағып жүруге және оны пайдалануға үйретеді.
Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуынан кейін қалған қозғалыс кемістігі бар балаларды дамытудағы аса зор маңызды шаралар – дұрыс ұйымдастырылған еңбек процестері. Омір тәжірибесі көрсеткендей, сәкес жаттығулардан кейін балалар әжептеуір күрделі еңбек процестерін игереді: өздері әртүрлі заттар жасап шығарады., бұл олардың көңіл күйін көтереді, ширақтық береді және т.с.с. Тәрбиелік-педагогикалық тұрғыда өзінің кемістіктерін жеңе алған күшті, қайратты әрі батыл адамдар туралы (А. Мересьев, О. Скороходова, Бибі-ана және т.б.) әңгімелер немесе басқа да шығармалар оқыған пайдалы. Әрине, қозғалыс тарапындағы кемістігі бар баланың сыртқы ортаға бейімделуі тегіс, оңай өтпейді. Бұл жерде ауыр невротикалық реакциялардың нәтижесі ретінде депрессия, үмітсіздік кезеңдері болады. Дәрігер мен мұғалім өзінің кеңесімен, басқа адамдардың өмірінен келтірілген мысалдармен, қайырымдылықпен, жанашырлықпен қарауымен баланың рухани күш-жігерін нығайтатын ересек жақын адамдары болып табылады. Мұндай жағдайлардағы әрі қарай орындалуы тиіс міндет баланың компенсаторлық мүмкіндіктерін дамыту арқылы белгілі дәрежеде өзінің кемістігін жеңе отырып, мектеп бітіруі және әрі қарай пайдалы еңбегін жалғастыруы болып табылады.
Эпидемиологиясы мен этиологиясы.Аурудың қоздырушысын 1908 жылы полиомелиттен каза тапқан баланың жұлынынан Ландштейнер мен Поппер бөліп алған.Энтеровирустарға жататын полиомелиттің үш типі ажыратылады.Виустық бөлшек бір тізбекті РНК-дан тұратын ішкі компонент пен антигендік қасиеті бар белок қабықшасынан құралады.
Ауру ішек қарын ішінен немесе мұрын жұтқыншақ және тыныс жолдары шырынынан вирустар бөліп ығаратын науқастар немесе вирус сақтаушылар арқылы таралады.Инфекция алиментарлық және ауа тамшылық жолмен жұғады.
Полиомиелиттің бүрк етіп таралуы жаз-күз айларында жиі кездеседі.Әйтседе кездейсоқ түрде жыл бойы болып тұрады.6 ай мен 5 жас арасындағы балалар арасында полиомиелит өте жиі кездеседі.Вирус бардық жерде кең тараған.1950- жыодарынан соңы мен 60-шы жылдардың басында Соктың инактивтенген вакцинасын кеңінен қолдану полиомиелитпен сырқаттанушылықты едәуір азайтуға септігін тигізеді.
Патогенезі және патологиялық анатомиясы.Инкубациялық кезең 5-30 күнге дейін ,орта есеппен 7-12 күнге созылады.Бұл мезгілде вирус организмге кірісімен тамақ қорытатын ағзаларда ,мұрын-жұтқыншақта өсіп,өніп,мемфалық фалискулдер қолданылады.Патологиялық үрдістің тұрақтануы әдетте таяудағы 2-3 күнде басталып бұзылған функциялар қалпына келе бастайды.
Болбажұлындық түрі ыныс алуға қатысатын бұлшық етердің салдануы дене және қол-ая бұлшық еттерінің салдануы дене және қол-аяқ бұлшық еттерінің парезі мен салдануының қабаттасуы мен сипатталды.
Понтиндық түрі.Варолиев көпірінде орналасқан бет нерві ядросының оқшау зақымдануының салдарынан сезім бұзылмайды,бұлшық еттерінің бірі немесе екі жақты босаң салдануы байқалады.Мұндайда көз жасы ағу ,ауырсыну сезімділігі мен дәм сезу бұзылымдары болмайды.
Көпіржұлындық түрі- ым бұлшық еттерінің парезі мен дене ,қол-аяқ бұлшық еттері парезінің немесе салдануының қабаттасуы.
Энцефалиттік түрінде ми қыртысы зақымдануының симптомдары естен тану,елестер,сандырақтау, Джексондық ұстамалар,ьт.б. мен қыртыс асты құрылымдарының зақымдану белгілері ( селк ету,бұлшық ет тонусының бұзылуы,хорея тәрізді,миоклониялық,атетоидтық,т.б. типеркинездер) көрініс береді.
Полиневриттік түрі нерв бағаналары басым зақымдануы және оның бойындағы ауырсыну менПасег симптомы арқылы білінеді.Арефлексия тез пайдаболады.
Қалыпқа келу кезеңі .Полиомиелиттік жұлындық түрінде ауру басталғаннан 2-3 апта өткенде қозғалу функциялары қалыпқа келе бастайды және ол жұлынның алдыңғы мүйіздеріндегі функциональдық және органикалық өзгерістердің біліну деңгейі мен басымдылығына байланысты.Қалыптасу үрдісі алғашқы 3-6 айда белсенді болғанымен,кейін баяулап,тағы 1-1,5жылға жалғасады.Жеңіл білінетін парездер 2-4 ай ішінде қалыпты жағдайға келуімүмкін.
Резидуальдық кезең( соңғы құбылыстар) бұлшық еттің семуі, везамоторлық және сектрлық бұзылыстар ,сондай-ақ контрактура әсерінен болатын деформациялар арқылы сипатталады.
Емдеу шаралары.Полиомиелиттің шұғыл кезеңінде организмнің өзіндік ерекшелігі мен нерв бұлшық е жағдайлары мен ескере отырып ,комплексті түрде қолдану қажет.Барлық науқастарға орташа 2-3 жұма бойы төсекте жату режимі тағайындалады.Алғашқы күндерден бастап дұрыс ортопедиялық режимді сақтағанжөн.
Сақтап алғагтақтайда тығыз матрацқа жатқызылады.Аяқ-қолдың дұрыс қалыпқа келуі құм толтырылған қапшықтарды пайдалану ,бинттеу және лангет салу рақылы іске асады.Бұл кезеңде 1 кг дене салмағына 0,5-1,0 мл-ден бұлшық етке 2-3рет гамма-глобулин жіберген дұрыс.Мүмкіндік болса,қанға полиомиелитпен ауырғандардың 50 мл сарысуы жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет