Бақылау сұрақтары: 1.Құрама есеп түрлерін шығару дегеніміз не?
2. Құрама есеп түрлерін ата және модельдеу дегеніміз не?
3. Екі айырмасы бойынша белгісізді табуға арналған есептер түрлерін ата.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Негізгі әдебиеттер
1.Кененбаева М.А. Математиканы оқыту теориясы және технологиясы. Оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ, 2012.- 156б.
2.Қаңлыбаев Қ.И., О.С. Сатыбалдиев, С.А. Джанабердиева. Математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. -Алматы:Дәуір, 2013.-368б
3.Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы [Мәтін]: оқу құралы / Б.Р. Қасқатаева.- Алматы: Отан, 2016.- 304б.
4.С. Елубаев. Математика есептерін шығару практикумы. Оқулық .- Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2010.- 160 б.
5.Алиева. К.С., Байдыбекова Е. И., Есназар А. Ж. Математика оқыту әдістемесі пәнінен лекциялар кешені.- Шымкент: ОҚМПИ, 2013.- 84б.- (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі).
6.Алиева К.С. Бастауышта математиканы оқыту әдістемесі [Электрондық ресурс]: лекция жинағы / К.С. Алиева [ж.б.].- 757 Кб.- Шымкент, 2013.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
7.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық:Алматы 2011. Бөрібекова, Ф.Б.
8.Бастауышта математика курсының есептер жинағы [Мәтін]: оқу құралы / Шымкент, 2011.- 80б.Байдыбекова, Е.И
Лекция 12
Тақырыбы: Пропорционал шамалармен байланысты есептер есептер Жоспар
1.Пропорционал бөлуге берілген есептер
2.Қозғалысқа берілген есептер түрлерімен жұмыс әдістемесі
1.Пропорционал бөлуге берілген есептер 4-сыныпта енгізіледі. Бұл есептер пропорционал тәуелділік арқылы байланысқан екі айнымалы шамадан және бір немесе одан артық тұрақты шамадан тұрады, мұнда бір айнымалының екі немесе одан артық мәні және екінші айнымалының сәйкес мәндерінің қосындысы берілген, бұл қосындының қосылғыштары ізделінді болып табылады. Пропорционал тәуелділікпен байланысты шамалардың әрбір тобына қатысты пропорционал бөлуге берілген есептердің алты түрін бөліп көрсетуге болады, олардың төртеуінің шамалары тура пропорционал тәуелділікте, екеуі кері пропорционал тәуелділікте.
Бастауыш сыныптарда тек тура пропорционал тәуелділіктегі шымаларды пропорционал бөлуге берілген есептер ғана шығарылады. Бұл есептер төмендегі кестеде көрсетілген:
Санының сәйкес мәндерінің қосындысы берілген. Қосылғыштарды табу керек.
Қыз бала бірдей бағамен 8 кг алма және 4 алмұрт сатып алды. Ол барлығы үшін 2400 теңге төледі. Сатып алынған алма мен алмұрт қанша тұрады?
III
Тұрақты
Бағаның сәйкес мәндерінің қосындысы берілген. Қосылғыштарды табу керек.
Екі немесе одан көп мәні берілген
Қыз бала бірдей бағамен алма мен алмұрт сатып алған. Барлығы 12 кг жеміс. Алма үшін ол 1600 теңге, ал алмұрт үшін 800 теңге төледі. Қанша килограмм алма мен алмұрт сатып алынды?
IIII
Екі немесе одан көп мәні берілген
Тұрақты
Бағаға сәйкес мәндер қосындысы берілген. Қосылғыштарды табу керек
Дүкеннен бірдей мөлшерде шыт пен жібек мата сатып алған. Шыт мата 500 теңге, ал 1300 теңге тұрған. Барлық сатылған заттар үшін 6400 теңге төленген. Барлық шыт пен жібек маталар жеке – жеке қанша тұрады?
IIV
Құнына сәйкес мәндер қосындысы берілген. Қосылғыштарды табу керек.
Тұрақты
Екі немесе одан көп мәні берілген
Дүкеннен бірдей мөлшерде шыт пен жібек маталар сатып алған. Бір метр шыт мен 1м жібек мата 1800 теңге тұрады. Барлық сатып алған шыт мата үшін 1500 теңге ақша, ал барлық жібек мата үшін 3900 теңге ақша түскен. Шыт мата мен жібек мата жеке – жеке алғанда қанша тұрады?
Пропорционал бөлуге берілген есептер бастауыш сыныпта тұрақты шаманың мәндерін табу тәсілімен табу тәсілімен шығарылады.
Пропорционал бөлуге берілген есептерді шығаруға дайындық төртінші пропорционал шаманы табуға берілетін есептерді жақсы шығара білу дағдысымен байланысты. Пропорционал бөлуге берілген есептермен таныстырғанда есепті дайын түрде бермей, балалармен бірге төртінші пропорционал шаманы табуға есептер құрастырған дұрыс. Бұл балалардың осы түрдегі есептер арасындағы байланысты көрулеріне көмектеседі, осының нәтижесінде оқушылар оларды шығару тәсілін жалпылауға тезірек үйренеді.
Балаларға есептердің қысқаша жазуы бойынша есеп құру ұсынылады. Мұнда балалар кестеден есепте берілгендері бойынша есеп шартын талдау жасайды. Есепте не белгілі? Есепте не белгісіз? Есеп шешуін талдау не анализ немесе синтез тәсілімен талданады.
2.Математиканы оқытуда қозғалыс есептерінің алатын орын ерекше. Сондықтан жылдамдық жайында түсінік қалыптастыруға және уақыт, жылдамдық, қашықтық арасындағы тәуелділікті тағайындауға баса назар аударылуы тиіс. Жылдамдық – жалпы алғанда уақыттың бір өлшем бірлігі аралығында қозғалыстағы дененін бара алатын қашықтығы. Демек, жылдамдықтың өлшем бірлігі қашықтық пен уақыттың бірліктеріне байланысты. Егер 1 сағ уақыт аралығында баратын қашықтық километрмен есептелсе, онда жылдамдық сағатына километрмен есептеледі, яғни км/сағ, осы сияқты км/мин, м/мин, м/с, км/с болуы мүмкін. Жылдамдық жайында түсінік қалыптастыру үшін қозғалыстағы денелерді салыстыру керек, мысалы, жаяу адам, трактор, машина, т.с.с. әртүрлі қашықтыққа бара алады, яғни жол жүреді. Уақыт аралықтары бірдей болғанымен, олардың жүретін жолдары әр түрлі. Қозғалыстағы дененің міне осы қасиетін оның жылдамдығы сипаттайды.
Жылдамдық, уақыт және қашықтық шамалары бір ғана дененің қозғалысын сипаттаумен бірге бірнеше дененің қозғалысын да сипаттауы мүмкін. Мұнда денелердің бір мезгілде немесе әр түрлі уақытта қозғала бастауы, қозғалыс уақыттарының ұзақтығы, қозғалысын тоқтататын уақыттары, сондай-ақ қозғалыс бағыттары ескерілуі тиіс.
IV сыныпта кездесу қозғалысына және қарама-қарсы бағытта қозғалысқа арналған есептер енгізіледі. Осы есептердің әрқайсысының берілген мәліметтер мен ізделінді шамаларға байланысты үш түрі болады.
1 түрі – денелердің әрқайсысының жылдамдығы және қозғалыс уақыты берілген, ізделінді шама – қашықтық.
2 түрі – денелердің әрқайсысының жылдамдығы және қашықтық берілген, ізделінді шама – қозғалыс.
3 түрі – қашықтық, қозғалыс уақыты және денелердің біреуінің жылдамдығы берілген, ізделінді шама – екінші дененің жылдамдығы.
Кездесу қозғалысына берілген есептерді енгізуге дайындық мақсатында екі дененің бір мезгілдегі қозғалысы жөнінде дұрыс ұғым тудырудың маңызы зор: балалар егер екі дене бір мезгілде бір-біріне қарсы шықса, онда кездесуге дейін олар жолда бірдей уақыт болады және сөйтіп, екеуі де өздері шыққан пунктер арасындағы барлық қашықтықты жүріп өтетін балалар жақсы анықтауы тиіс.
Балалар осыны жете түсіну үшін төмендегіге ұқсас есеп-сұрақтар енгізілгені жөн:
1) Екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі теплоход жүріп өтті және олар 3 сағаттан кейін кездескен. Кездескенге дейін теплоход жолда қанша уақыт болған?
2) Колхоздан қалаға қарай жаяу адам шықты, сол уақытта қаладан оған қарсы велосипедші шығып, жаяу адамды ол 40 минуттан кейін кездестірген. Кездескенге дейін жаяу адам жолда қанша уақыт болған?
Енді балаларды кездесу қозғалысына берілген есептердің шешуімен таныстыруға болады, мұнда бір сабақта есептің барлық үш түрін енгізіп, берілген есептерді кері есептерге түрлендіру жолымен жаңа есептер алуға болады. Мұндай әдіс балалардың есептің шешуін өздігінше табуларына мүмкіндік береді, себебі жаңа түрдегі есеп олардың бұрын шығарған есептерімен алынатын болады. Мұны нақты мысалдар арқылы анықтаймыз.
Мұғалім мынадай есепті оқиды: «Екі поселкеден бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі велосипедші шығып, олар 2 сағаттан соң кездеседі. Олардың біреуі сағатына 15 км жылдамдықпен, екіншісі 18 км жылдамдықпен жүрген. Поселкелердің ара қашықтығын табу керек».
Осындай талдаудан кейін оқушылар өздері есепті шешудің екі тәсілін табады. Шешулерін түсіндіре отырып, жеке амалдар түрінде, кейінірек өрнек немесе теңдеу түрінде жазуға болады.
Бірінші тәсіл:
15*2=30 (км) – бірінші велосипедшінің жүрген жолы;