Лекция 1 Тақырыбы: «Математиканы оқыту әдістемесі»


Тақырыбы: « мектептегі математиканың ғылыми-әдістемелік негізі ретіндегі пәннің сипаттамасы»



бет4/12
Дата07.07.2023
өлшемі57,92 Kb.
#179347
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекция 1-3 МОӘ-1

Тақырыбы: « мектептегі математиканың ғылыми-әдістемелік негізі ретіндегі пәннің сипаттамасы»

Жоспар
1.Оқу пәні ретіндегі математиканың нормативтік-құқықтық сипаттамасы. Курстың нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері, бастауыш білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі, бастауыш мектептің басқада пәндерімен байланысты.


2.Бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламасы. Мектепалды дайындық пен бастауыш мектептен кейінгі сыныптардың математика бағдарламалары. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы бағыттылық пен сабақтастық.
3.Оқу пәні ретіндегі математиканың ретіндегі нормативтік-процессуалдық сипаттамасы. Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұны. Математиканы оқытудың сыныптар, циклдер мен деңгейлер бойынша кіші жастағы оқушылардың құзыреттілігіне (пәндік, коммуникативтік, ақпараттық, проблеманы шешу) қойылатын талаптар.
4.Пәнішіндік байланыс негізінде оқытудың мазмұнын интеграциялау ұстанымы - бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілерін құрудың әдістемелік негізі.

1.Сонымен бастауыш сыныптарда математиканы оқыту келесі өзәра байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:


1. Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушыларды игеруі;
2. Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен сапалар, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;
3. Дамытушылық: логикалық құрлымдар мен олаудың математикалық стилін дамыта түсу;
4. Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын, ұйымдастыру тәсілдерін (формаларын) іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе оқыту мазмұны мен оның құрлысын анықтау болып табылады.
Бастауыш мектептің математикасын окыту әдістемесінің қазіргі заманғы даму тенденцияларына математиканы оқытудың қазіргі заманғы технологияларын жүзеге асыратын альтернативті оқулықтарды дайындаудың мүмкіндіктерін, әр түрлі ңұсқадағы ОӘК-ні дайындау негізінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді, кредиттік оқыту технологияларына көшумен байланысты БОПӘ мамандығы бойынша оқу құралдарын дайындауды жатқызуға болады. Қазіргі танда бастауыш мектепке арналған жаңа бағдарламалар дайындалуда. Оның негізіне кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың кұзыреттілік, жеке тұлғаға бағытталған, іс-әрекеттік, денсаулық сақтау тұрғысынан қарау мәселелері жатқызылады.
05010200 ‑ Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары негізінде әр төрт жылдан кейін өңделіп, жетілдіріліп, жаңартылып, оның жаңа нұсқасы іске қосылады. Оның үстіне мектептердің 12 жылдық білім беруге көшуі жаңа жағдайда педагогикалық әрекет жасауға дайын болатын жаңа формация мұғалімін дайындауға себепші болып отыр. Осының бәрі математиканы оқыту әдістемесі бойынша типтік бағдарламаны дайындаудың қажеттігін көрсетеді.
Типтік бағдарламаның негізгі бөлімі бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде қарастырылады, ол өз кезегінде студенттерге ғылымның нысанын, пәнін, мақсаттарын, міндеттері мен әдістерін, оқу пәнін оқытып-үйретудің мақсаттылығын сезінуге мүмкіндік береді.
«Математиканың бастауыш курсы - оқу пәні» бөлімі бағдарлы-мотивациялық қызмет атқарады, мұнда студенттер оқу пәні ретіндегі математиканың нормативті-құқықтық және мазмұндық-процессуалдық сипаттамасымен танысады.
«Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру» бөлімінде математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негізі, оның негізгі формасы ретіндегі сабақ, математика сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы оқытылып-үйретіледі. Бұл болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінде сабақтарда оқыту мен математикадан сыныптан тыс жұмыс үдерісін ұйымдастырумен байланысты дидактикалық біліктер қалыптастыруға септігін тигізеді.
«Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері» бөлімінде курс мазмұнының ұксастығына қарай желілерге, мазмұн мен әдістемесінің ұқсастық желілеріне сипаттама беріледі, математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің материалдарын оқытудың жалпы мәселелеріне ерекше мән беріледі, бұл өз кезегінде студенттердің бастауыш курстың пәндік мазмұны мен оны оқытудың әдістемесін бағдарлай алуына мүмкіндік береді.
«Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдерін оқытудың технологиясы» бөлімі бастауыш мектеп математикасының мазмұндық-әдістемелік желілерінің әрқайсысы бойынша ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқытудын процессуалдық аспектілерін нақтылауға арналады. Бұл математика пәнінің ерекшелігін ескере отырып, студенттердің кәсіби біліктері мен дағдыларын игеруге себепші болатын теориялык білімді әр түрлі жағдаяттарда қолдана алудың практикалық біліктеріне машықтандыруға мүмкіндік туғызады.
Математиканы оқыту процесiнде балалардың бiлiмi мен бiлiктерiн,танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет.
2.Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу және мектепке дейінгі ұйымдағы, соның ішінде 5-6 жастағы балалар үшін, педагогикалық процесті бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету әзірлемелерін дайындау қажеттілігі туындап отыр.
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» ұсынылып отырған бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық аспектілерін ашады.
Бағдарлама түрлі өмір жағдайларында жинақталған тәжірибені қолданудың басты көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет