Бағдарламаны іске асырудың негізгі міндеттері: - бала бойында маңызды шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік дамытушы орта құру;
- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық тәжірибе мен бала әрекетінің басқа да түрлерін қалыптастыру;
- патриоттық және Қазақстанның мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамзаттық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;
- көп этникалық және көп мәдени мегаполисте ұлтаралық қатынастарды үйлестіру процесінде маңызды звено болып табылатын ұжымда ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру;
- баланы дүниежүзілік және жалпыұлттық құндылықтар рухында дамыту мен тәрбиелеу мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның бірлескен мүмкіншіліктерін пайдалану;
- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бала денесінің толыққанды дамуы үшін қолайлы кеңістік құру;
- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.
Мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың нәтижесі - үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алатын, негізгі құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негіздерін меңгерген, мектепте оқуға даяр тұлға болып табылады.
Бағдарлама бес білім беру саласын («Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») қамтиды және баланың мектепте білім алуға бағытталған әлеуеттік мүмкіндігін ашуды көздейді.
Бағдарлама мазмұнын іске асырубелгілі бір мақсатқа бағытталған, бір-бірімен тығыз байланысты дербес бөлімдерден тұратын білім беру салаларының жұмысын жүргізу болып табылады.
«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.