Пәннің негізгі міндеттері:
- кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытуды ұйымдастырудағы білім, білік және дағдыларды біріктіретін пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру;
- кәсіби іс-әрекетке қажет болатын кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыруға себепкер болу;
- бастауыш мектеп математикасының әдістемесі бойынша курс және диплом жұмыстарын орындауға қажет болатын қарапайым зерттеу біліктерін дамыту болып табылады. |
Пәннің нысаны ‑ бастауыш сыныптар мұғалімінің жоғары педагогикалық :кәсіби білім беру кұрамдасы ретіндегі әдістемелік-математикалық білім.
Пәні - кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқыту әдістемесі бойынша болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы.
Пәнді оқытып-үйрету әдістері - әр түрлі түпнұсқалардан, оның ішінде сабақтарға катысу, СОӨЖ бен СӨЖ-ді орындау барысында ақпарат алу; ғылыми-педагогикалык және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу; бақылау мен педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және жүргізу; озық педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену және жалпылау; әнгіме, сауалнама жүргізу; тестілеу және т.б.
Математиканы оқыту процесiнде балалардыє бiлiмi мен бiлiктерiн,танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл-ғылымның әр түрлi салаларының арасында айқын шекарара жоқ екендiгi және олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста боллатыны туралы түсiнiктердi, сондай ақ дүниеге ғылыми көзқарасты калыптастыруға табиғат құбылыстарының бiртұтастығын,өзара байланысын көрсетуге мүмкiндiк туғызады. Сонда баланың бiр бiр сабақта алуан бiлiмi, әсерi, ойы, қиялы, басқа пәндерге келгенде тежелiп қалмай, әрi қарай жалғастырып дами түсуi, яғни бiр пәннен басқа пәндерге көшудiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.
Пәннің негізгі қызметі мектеп мұғалімінің математиканы оқыту әдістемесі бойынша кәсіби дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Математиканы оқыту әдістемесі психологиялық-педагогикалық пәндерді, сонымен бірге математиканың теориялық негіздерін оқып болған соң қарастырылады. Психология, педагогика және математика курстарын оқып- үйрену барысында математиканы оқыту әдістемесі енгізілгенге дейін қажетті дайындықтан өтті. Олар математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер мен іс-әрекет тәсілдерін, дидактикалық ұстанымдарды және оқыту мен тәрбиелеу барысын құрудың әр түрлі тәсілдерінде көрініс табатын заңдылықтарды, бала дамуының және білім, білік, дағдыны меңгертудің психологиялық заңдылыктарын, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістерін игерген болатын. Ал математиканы оқыту әдістемесі мен бастауыш мектептегі басқа да оқу пәндері бойынша дербес-әдістемелік пәндерді оқытып-үйрету барысында тек кіріктірілген құзыреттіліктерді (коммуникативтік, ақпараттық және проблеманы шешу және т.б.) ғана емес, бастауыш мектептегі математиканы оқытуда практикалық құзыреттіліктерді де қалыптастыру көзделеді.
Пәнді оқытып-үйретудің нәтижесі сабақ беріп көру және өндірістік практиканы өткізуге, шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі, математикадан көрнекі құралдарды дайындау технологиясы, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің тарихы пәндерін енгізуге база болып табылады.
Математиканы оқыту әдістемесі бойынша бастауыш мектеп мұғалімінің дайындығын қамтамасыз ететін оқу пәні, типті әдістемелік ғылым да ұзақ уақыт қалыптасты және дамыды. Әдістемелік ғылымның математиканы оқыту әдістемесінің теориялық негіздері мәселелерін дайындау бағытында жұмысты жалғастырып жатқан және соған сәйкес оқу пәнінде көрініс табатын жақын және алыс шетелдердің педагогтарының кешегі және бүгінгі ғылыми ізденістерінің нәтижелеріне сүйенетіні белгілі.
2.Ғылым ретінде Қазақстан Республикасындағы басқа да әлемдегі елдердегі сияқты бастауыш білім беру аймағындағы математика әдістемесінің қалыптасу және даму кезеңдері білім берудің барлық деңгейлері, соның ішінде бастауыш деңгейіндегі де реформалаумен тағыз байланысты.
Бірінші кезең арифметика әдістемесі мәселелерін дайындаумен сипатталады. ХХ-ғасырдың 70-жылдарына дейін оқытылған арифметика курсы өзіне алгебра және геометрия элменттерін біріктіре отырып, бастауыш мектепке кіріктірілген «Математика» оқу пәнінің ендірілуімен байланысты. Математиканың әдістемсіне ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары математиканы оқыту үдерісіне дамыта оқыту теориясының (Занков Л.В., Давыдов В.В., Эльконин Д.Б.) , білімнің дидактикалық бірліктерін ірлендіру теориясының (Эрдниев П.М.) енгізілуіне орай елеулі өзгерістер болды. Үшінші кезең (ХХ ғ. 90-жылдарынан осы кезеңге дейін ) қазақстандық бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты мен математикадан бастауыш мектепке арналған жаңа оқу-әдістемелік кешеннің (Оспанов Т.Қ. және т.б.) ендірілуімен және кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқыту технологиясының оқытудың нәтижесіне және білім алушының ақыл-ойын дамытуға бағытталған жаңа, қазақстандық моделінің жасалуымен байланысты.
Төртінші кезең қазіргі таңда Т.Қ. Оспанов, Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, Ж.Қ.Астамбаева, Т.П.Кучер, т.б. балама оқу-әдістемелік кешендерінің дайындалып, бастауыш мектептер мектептер тәжірибесіне ендірілуімен байланысты. Бесінші кезең жаңартылған білім беру аясында бастауыш сыныптарға арналған жаңа ОӘК мен бағдарламаларының енгізілуімен, НЗМ-нің Жакупова Г.Ш., Орехова Н.В., Лебедева Н.В. және тібі авторлары дайындаған базалық оқулықтың пайда болуымен байланысты.
Жоғарыда аталған әрбір кезеңде мақсаты мен міндеттерін анықтаумен, мазмұнын іріктеу және құрумен, кіші жастағы мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің сапалық және нұсқалық-бағыттылық аспектілерін тағайындаумен байланысты әдістеменің негізі болып табылатын болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда білім берудің әдістемелік мазмұны алдыңғы қатарлы идеялар мен инновациялық тұжырымдық қағидалар негізінде құрылды.Сонымен бірге, пәнді әр түрлі атаулар (арифметика әдістемесі, математика әдістемесі, математика педагогикасы, математиканы оқыту әдістемесі, математиканы оқыту теориясы мен технологиясы, математика әдістері) арқылы оқыту барысында алдымен арифметиканы, содан соң математиканы оқыту әдістері әдістеменің теориялық негіздерін оқыту әдістемесі және бастауыш мектеп математикасының ұғымдары мен әрекет тәсілдері жүйесін оқыту технологиясын қамтитын әлемдік білім кеңістігіндей негізгі мектептік идеялардың тікелей әсер етуі негізінде жүзеге асты.
Әдістемелік ғылымның негіздерінің даму болашағы қазіргі таңда, жаңа мемлекеттік стандарт ендіру, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде бағдарламалық және әдістемелік қамтамыз ету көзделіп отырған 12жылдық жалпы орта білім беруге көшу мен кредиттік оқыту технологиясы бойынша бакалавриаттың халықаралық білім бағдарламаларын ендіру стандаттау және технологияландыру көзделген біршама өзгерген жағдайда жұмыс жасауға дайын, бәсекеге қабілетті жаңа формация педагогын дайындаумен байланысты.
3.«Математика» пəні бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу жəне қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.
Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-əрекет тəсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне жəне тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пəні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тəсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған жəне оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сəйкес, оқу пəні бірқатар міндеттерді айқындайды. Атап айтқанда:
-логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді жəне математикалық терминдерді
пайдалану біліктілігін дамыту;
-оқу жəне тəжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді
пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін
дамыту;
-сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
-математиканы əлемді суреттеу, модельдеу жəне түсіну тəсілі ретінде қабылдау;
-өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пəндерді меңгеруде, күнделікті
өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
-білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік жəне тəуелсіздік
сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
-түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың жəне суреттеудің
когнитивтік дағдыларын дамыту;
-коммуникативтік жəне əлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу жəне өз көзқарасын
білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз
жұмысын жазбаша жəне ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
-ақпаратты іздестіру жəне таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын
дамытуға негізделген.
4. Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:
а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;
б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;
в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерінкөре білу қажеттілігі.
Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.
Бағалау – бұл қолданыстағы бағдарламалардың талаптарымен салыстырғанда пән мазмұнын меңгерудегі оқушының білім деңгейін анықтау үдерісі. Бағалау келесі көрсеткіштермен сипатталуы керек:
- адекваттылықпен, яғни орындалып жатқан әрекет (дидактикалық және оқу мәселелерін шешу) бойынша (оқушы, мұғалім) пайымдауларының өзін-өзі бағалау сәйкестігімен (сәйкессіздігі) анықталынады;
- сенімділікпен, яғни бағалау тәсілі ретінде қолданылатын көрсеткіштермен байланысты. Оқу жоспарының инвариантты бөлімінің пәндері бойынша бастауыш мектептің 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау – вербалды түрде, ал 2- сыныптан бастап бағалау баллдармен жүргізіледі.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі. Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат. Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. Білім алушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына білім алушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл. Білім алушының оқу жетістігінің деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі. Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы. Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру. Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс. Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі. Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент. Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым. Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы. Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі. Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі. Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.