Сынып-сабақ жүйесі, сабақ оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы болып саналады. Сабақ – біркелкі жастағы оқушылар топтарының тұрақты құрамының, нақтыланған, бекітілген барлық оқыту бағдарламасынаортақ кесте бойынша оқытылуының ұйымдастыру формасы. Сабақ-оқытудың негізгі ұйымдастыру формасы, бұл жерде оқытушы (мұғалім) оқушылардың ұжымдық танымдық әрекетін нақтыланған уақытта, тұрақты бөлмеде, тұрақты балалар ұжымында жетекшілейді, оқытудың міндеттерін шешуге бағытталған құралдар мен әдістерді қолданады. Сабақ-тұтас, логикалық аяқталған, белгіленген уақыт шектерімен шектелген оқу-тәрбиелік процестің үзіндісі, онда оның барлық негізгі компоненттері: мақсаттары, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастырылуы, күрделі өзара байланыста болады. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісікеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Сабаққа қойылатын талаптар: идеологиялық, дидактикалық. Психологиялық, гигиеналық.
Сабақ функциялары: білім беру, тәрбие, түзете-дамытушы.
Достарыңызбен бөлісу: |