Дидактикалық мақсаттары бойынша сабақ типтері: Жаңа білімдерді хабарлау сабағы (материалды алғашқы қарастыру сабағы).
Білімдер мен іскерліктерді қалыптастыру мен бекіту сабағы (тәжірибелік-практикалық сабақ).
Білімдерді жалпылау мен жүйелеу сабағы (қайталап-жалпылау сабағы).
Білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды тексеру мен бағалау сабағы (бақылау-тексеру сабағы).
Аралас сабақ (оқыту процесінің барлық буындарын кіргізетін сабақ).
Сабақ құрылымы сабақтың дидактикалық мақсатымен және сабақтардың жалпы жүйесінде сабақтың алатын орнымен белгіленеді Сабақтың негізгі құрылымдық элементтері:
- сабақ басының ұйымдастырылуы;
- алдында өткен материалды тексеру мен өзектілеу;
- сабақтың мақсаттарын және міндеттерін хабарлау, жаңа материалды түсіндіру;
- алынған білімдерді бекіту мен қайталау, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру;
- сабақ нәтижесін қорытындылау, оқушылар іс-әрекетін бағалау;
- үй тапсырмасын хабарлау және оны орындауға оқушыларды даярлау.
Оқытушының (мұғалімнің) сабаққа дайындалуы. - оқу пәнің оқытуға жалпы дайындалу: перспективті-тақырыптық жоспарлау, оқу пәнін оқытуда логикасын анықтау және пән бойынша сабақ жүйесін қарастыру;
- жеке сабақты жүргізуге дайындалу: күнделікті сабақтардың жоспар-конспектілерін құрастыру жеке тақырыпты оқытудың логикасын анықтау, оқу материалын іріктеу, әдістерді, формаларды, құралдарды, жұмыс тәсілдері мен түрлерін іріктеу.