Арнайы (коррекциялық -түзету) мектептегі саяхат (топ серуен). Саяхат (топсеруен) типтері: Пәндік мазмұны бойынша – тақырыптық және кешенді (пәнаралық).
Сипаттамасы мен оқу міндеттері бойынша – кіріспе, ағымды (кезектегі), қорытынды.
Саяхатты (топсеруенді) ұйымдастыру. - мұғалімнің дайындалуы – мақсат-міндеттерін анықтау, оны жеткізудің мазмұны мен әдістерін іріктеу, топ серуен орнына бару, бақылау объектілерін анықтау және даярлау;
- оқушыларды дайындау – болашақ іс-әрекетке мақсаттандыру, топсеруенді өткізу жоспарымен таныстыру, тәртіп ережелерін қайталау, құрал-саймандармен қамтамасыз ету, тапсырманы орындауға мағлұмат беру.
Топсеруенді жүргізу әдістемесі. 1 кезең. Топсеруенді дайындау және ұйымдастыру.
2 кезең. Оқушылардың зерттелетін объектілерге шығуы. Және сабақ тақырыбы бойынша материалды игреу. Оқушылардың топсеруен кезеңіндегі іс-әрекеті-бақылау, сурет салу, материалды жинақтау, практикалық тапсырмаларды орындау, әңгімелесу.
3 кезең. Топсеруенде жиналған материалдарды өндеу, оның нәтижесін қорытындылау.