Лекция №1 Тақырыбы


С асық меңдуана – Дурман вонючий – Datura stramonium L



бет41/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
Байланысты:
кож лекция

С асық меңдуана – Дурман вонючий – Datura stramonium L. Қара меңдуанаға ұқсас, бірақ қара меңдуанаға қарағанда қауіптірек. Әдебиетте жылқылардың улануы және олардың өлім-жітімге ұшырауы туралы деректер бар. Қатты уланғанда қозу процесі нағыз жынданудың клиникасын көрсетеді. Уланған мал көбінде жүректің салдануынан өліп кетуі мүмкін.
Т үймешетен – Пижма обыкновенная – Tanacetum Vulgare L. Сабағының биіктігі 1 метрге жететін, күрделі жапырақты тұқымдас, алтын-сарғыш түсті гүлі бар өсімдік. Өсімдіктің камфораның иісіне ұқсас иісі бар.
Құрамында ерекше зат туйон бар эфир майы, камфора, борнеол, пинен, алкалоидтар мен органикалық қышқылдар бар. Өсімдіктің улылығы ондағы эфир майына байланысты. Ол жергілікті қатты тітіркендіреді, соның салдарынан малдың құсуы, ішінің өтуі байқалады. Эфир майы сіңгеннен кейін бүйректер мен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді: қоздырады, жирылу процесін бұзады, 7 сурет Түймешетен дірілдетіп-қалшылдатады. Буаз малдар іш тастайды. Сиырдың сүті ащы дәмді болады, иісі өзгереді. Сонымен қатар эфир майы тоғышар құрттарға қарсы күшті у. Сондықтан да малдәрігерлік тәжірибеде түймешетеннен ертеден тоғышарларға қарсы дәрілер дайындалып қолданылған.
Түймешетенмен улану туралы деректер ертеден белгілі. Уланған малдың бірінші кезекте орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгереді: мал алғашқыда қатты қозады, артынан депрессия пайда болады; көру процесі бұзылады. Нәжісі қатты, құрғақ, кілегейлі. Уланған мал бірінші тәуліктің ішінде өлім-жітімге ұшырайды.
Емі. Улы заттарды организмнен шығару үшін қолданылатын барлық әдістер пайдалы. Одан кейін уланудың белгілеріне қарай ем жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет