Лекция №1 Тақырып. Жалпы және жеке патология негіздері



бет13/33
Дата11.09.2020
өлшемі145,3 Kb.
#77780
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
Лекция ЕДШ
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ МПФК, ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі дене шынықтыру тарихы, 20.10.20. Экономика (Жадыра).., 20.10.20. Экономика (Жадыра)..
Лекция №6

Тақырып. Орталық және шеткері жүйке жүйесі ауруларына және зақымдарында берілетін жаттығулар.

Мақсаты: Ми және жұлын зақымданғанда қимыл-қозғалыстын бұзылуының белгілерімен танысу. Шеткері жүйке жүйесі ауруларына (неврит, невралгия, плексит, радикулит) қолданатын емдік гимнастиканың әдістерін оқып білу..

Дәріс тезистері:

Жүйке ауруларына арналған емдік гимнастика

Жалпы жүйке аурулары орталық және шеткері нерв жүйелерінің зақымдануына байланысты екіге бөлінеді. Орталық (реттеуші) жүйке (ми және жүлын) індетіне шалдыққанда, организмде ай-тарлықтай органикалық өзгерістер байқалады. Ал жоғары реттеуші орталықта, анатомиялық құрылысында ешбір өзгеріс байңалмаса, онда шеткері нерв жүйесі зақымданған болып табы-лады. Оның ішінде айрықша көзге түсетіні — невроздар.

Ми қабы (психикалық қызмет атқаратын мү-ше) негізінен екі процесті орындайды: қозу және тежеу.

Егер соңғы кезге дейін бүкіл психикалық әре-кет тек қана ми қабына шоғырланған деп келсек, қазір ми қабының (мидың терең қабатына ор-наласқан) астына орналасқан заттардың да ат-қаратын ролін дәлелдейтін мәліметтер бар. Олар-дың жай-күйі ми клеткаларының қозуына немесе тежелуіне ықпал етеді.

Ми қабының жұмысына бүкіл организмнің өз-герісі әсер етеді. Организмнің қүрылыс ерекше-ліктеріне қарай көбіне нерв жүйесіндегі реак-циялар соған сәйкес дамып отырады.

Жүйке ауруларының негізгі себептері: оқыс-та жарақаттану, жұқпалы аурулар организмінің улануы, зат алмасуының бұзылуы, шаршап-шал-дығу, зорлану, эмоциялық факторлар т. б. Осын-дай себептерден денеде әр түрлі өзгерістер айңын-далады. Нерв жүйесі зақымданған кезде ең алды-мен қимыл-қозғалыс, одан соң сезімталдық және трофикалың әсерлер кемиді.

Қимыл-қозғалыс әрекетінің бұзылуы адамның мүлде қозғалмай немесе жартылай қимылсыз қалуына әкеп соғады. Оны паралич' және парез, ал халық арасында сал ауруы дейді. Олардың өзі екі түрге бөлінеді: спастикалық немесе сіре-сіп қалу және солып қалу. Бірінші түрі көбінесе ми қабы қатпарлары зақымданганда болады. Онда денеде бұлшық еттер мен тарамыстар тыр-тысып ңалады.

Солған паралич не парез жұлын не шеткері нерв сабақтары зақымданудың салдарынан бо-лады. Мұндай кезде бұлшық ет әлсізденіп, семіп қалады, тарамыс рефлекстері төмендеп әйтпесе тіпті мүлде жоқ болып кетеді. Нерв жүйесі ауруға шалдыққанда бұлшық еттердің немесе буындар-дың қозғалмай қатып қалуы (контрактура) аңғарылады.

Ал сезімталдық бұзылғанда адам ауруды, ыстық-суықты, теріге тигенді, сипағанды түк те сезбейді. Кейде керісінше осы әсерлердің бәрін қат-ты сезініп кетеді.

Трофикалық өзгеріс жұлын мен шеткері нерв жүйесі ауруға шалдықңанда жиі байқалады. Нерв жүйесі зақымданған бөлікте қан-лимфа айна-лымы кеміп, оттегінің жетіспеуіне ұшырайды. Осының өзі терінің ойылуына, жара пайда болып, ісінуіне, тканьдердің өлуіне ықпал жасайды.

Нерв жүйесі аурулары айлап, жылдап ұзаққа созылады. Соның әсерінен жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу мүшелері зардап шегеді. Кейде, өкінішке орай, науқастың еңсесін көтеріп қайта ортаға қосуға мүмкіндік болмаса, ондай адамдар мүгедек болып, жұмыс істеуге жарамай қалады.

Дене тәрбиесі нерв жүйесі ауруының қандай түрі болса да басқа емдеу әдістерімен қатар кеңі-нен қолданылады. Оның тигізетін пайдасы ней-рогумаралды механизм арқылы іске асады. Бе-рілген жаттығулар, бүкіл организмнің қайтарған жауабы іспетті көңіл-күйін көтеріп, қимыл-қоз-ғалысты реттейді. Емдік гимнастиканың әсерінен нерв талшықтарының өткізгіштік қабілеті артып, денеде жаңадан шартты рефлекс қалыптасады.

Емдік гимнастиканың трофикалық қасиеті денедегі қан мен лимфа айналымын арттырып, тканьдердің қоректенуін өсіріп, терідегі сызат алган, жара болған жердің тез жазылуына, нерв талшықтарының қалпына келуіне, ойламаған тканьдердің тез жетілуіне мейлінше ыңпал жасайды.

Аурудың жазылуы осы жаттығуларға сенуіне және оны күнделікті мүлтіксіз орындауына тікелей байланысты.

Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты:

1. Аурудың жалпы жай-күйін, ой-өрісін өсіру.

2. Жүрек-тамыр, тыныс алу, ас қорыту мүше-лерінің қызметін арттыру.

3. Буындардың ңимыл-қозғалысын арттырып, контрактурага (қатып қалу) жол бермеу. За-қымданған жердің бұлшық етін жетілдіру.

4. Зат алмасуын арттырып, жара болған, ойыл-ған жерлерді тез жетілдіру.

5. Компенсациялық әрекетті (орнына қолдану) кеңінен пайдалану.

6. Науқастың өзіне сенімділігін арттырып, жүруге ынталандыру және өз бетінше қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру.

Осы мақсаттың бәрін іске асыру үшін, емдік гимнастиканы ертеңгі гигиеналық гимнастика ретінде, өз бетінше орындалатын сабақ іспетте, мөлшермен жүру, жүзу, механотерапия, еңбекке баулу және массаж түрінде қолдануға болады. Мұнымен қатар паралич болған аяқ-қолды күні бойы әр түрлі бағытта жатқызып қояды (астына жастық салып көтере, оңға-солға бұрып, темен түсіріп т. б.). Сонда буынның қарысып қалуынан сақтайды. Кейде арнайы қалыпқа, тақтаға, тор сымға қолды не аяқты салып таңып қояды. Ол өз салмағымен бос бұлшық еттердің одан бетер созылып кетуіне жол бермейді. Осындай қалыпқа салу күніне бірнеше рет қайталанып, 20—25 ми-нуттан — 3—4 сағатқа дейін созылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет