1.2. Үшфазалы трансформаторлар орамдарының белгіленуі және жалғану топтары. Жоғары кернеудің фазалық орамаларының басы латынша бас әріппен А,В,С, ал аяғы жағынан,Y, X Z пен белгілейді. Төменгі кернеулі орамның қысқыштарын латын алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді; а,в,с-ораманың басы және x,y,z-ораманың аяғы (1.13). Қысқа болу үшін, фазалық орамаларды бастапқы әріптерімен белгілейді Фаза А(а), фаза В(в), фаза С(с), бір фазалық ораманың басы мен аяғы еркін етіп таңдайды. Онда ораманың қалған екі ораманың басы етіп қысқыштарды алады, содан шығып орамаға орау бірінші ораманың бағытымен жүргізіледі.
1.13-сурет. Үшфазалы кернеу трансформаторы орамасының ұштарын белгілеу.
Үш фазалы трансформаторлардың ортаңғы өзекшесіндегі ораманы табу үшін орамалардың бірін кезекпен желіге қосып, қалған екеуінің қысқышындағы кернеуді өлшейді.
Егер ол кернеу бірдей болса,онда желіге қосылған орама ортаңғы өзекшеде болғаны. Үшфазалы трансформатордың фазалық орамалары «жұлдызң немесе «үшбұрышң сұлбасы бойынша жалғанады.
Үшфазалы ораманы « жұлдызң сұлбасы арқылы қосу оның барлық үш ұшын ортақ түйіншекке жалғап,бас жағын тоқ көзіне немесе жүктемеге жалғау үшін бос қалдырады (1.14-сурет). Ораманы ұшбұрыштан қосқанда, бірінші ораманың басы,келесі ораманың аяғымен қосып барлық орама тұйықталғанша жалғайды (1.15-сурет). Трансформатордың орамаларын « жұлдызң немесе «үшбұрышң етіп қосу Ү немесе деп таңбалайды. Егер жұлдызша қосуда шығарылған бейтарап нүктесі болса, онда сәйкес белгінің қасына «Оң жазады. Мысалы; Ү0/ десе онда жоғары кернеулі орама жұлдызша қосылған, сыртқа шығарылған бейтарап нүктесі болғаны, ал төмен кернеулі орама ұшбұрыштап қосылған.
Үшфазалы трансформатордың орамалары «жұлдызшаң қосылған болса, бір мезгілде шама жағынан әртүрлі екі:
Uл = 3Uф (1.82)
етіп жалғанған фазалық және сызықтық қатынастағы екі кернеу болады. Бұл жүктеме жарықтандыру-күштік түрінде аралас келгенде ыңғайлы. Күштек жүктемесі, мысалы, электр моторлар, әдетте, желідегі сызықтық кернеу 380 Вольт, ал нөлдік өткізгіштерді пайдаланып қосылатын тұрмыстық және жарықтандыратын 220 Вольттық фазалық кернеуге қосылған кездерде (Uф=Uл/3=380/3=220) болады. «Үшбұрыштапң қосқанда фазалық және сызықтық кернеулер өзара тең:
Uл = Uф (1.83)
мұнда жалғауды симметриясыз жүктеме кезінде тұтынушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін қолданылады. Бұл жағдайда трансформатор магнит ағындары мен ЭҚК-тердің гармониялық үшінші құраушының әртүрлі зиянды әсерлерінен қорғалады.
1.14-сурет. Кернеу трансформаторы орамасын «жұлдызң сұлбасымен жалғау.
|
1.15-сурет. Кернеу трансформаторы орамасын «үшбұрышң сұлбасымен жалғау.
|
Сонымен ұшфазалы трансформаторды жағаудың төрт түрі болуы ықтимал: Ү/Y, Y/ КСРО кезінде орамаларды жалғаудың екі түрі ғана стандартталғанҮ/Y, Y/ олардың бейтарап түктелер сыртқа шығарылған немесе шығарылмаған.
Үшфазалы трансформаторлардың орамаларын қосу сұлбасын бірлестіруді таңдап алу тұтынушылардың, сондай-ақ тоқтардың ассиметриялы болу немесе олардың синусоидалық болу ықтималдығын ескере отырып жүзеге асырылады.
Трансформаторлардың бірінші және екінші орамаларын бейтарап өткізгішсіз Ү/Y телсім бойынша қосқанда тоқтардың нольдік тізбектілігі мен трансформатордың екінші орамалары мен оларға жалғанған желілерде, нольдік тоқтардың және үш еселік гармониялылығының бірізділігі болмайды. Бірақ тоқтардың синусоида сыздығы жүктеменің сызықсыз элементтерінің әсерінен, фазалық магниттік орындарында үш еселі гармоника пайда болады, олар өзекті трансформаторлардың магниттік жүйесінің симметриясыздығынан трансформаторлардың май құятын бактарымен металл құрылғыларына тұйықталады, гистерезис құблысы мен құйынды тоқтардан болаттағы шығын ұлғаяды. Жүктеменің симметриясыздығы мен бейтарап өткізгіштің болмауынан "фазаның қисаюы" болады, ол трансформатордың және жалғанған электр тұтынушылардың жұмыстарына кері әсерін тигізеді.
Трансформатордың Y0/ сұлбасы бойынша жалғанған орамалары мен бірінші орамаға қосылған желіде бейтарап өткізгішпен тұйықталудан нольдік тізбекпен қосылған тоқтардың құраушылары өтуі мүмкін. Мұндай жағдайда "фазаның қисаюы" болмайды, және оған қосылған трансформатор мен тұтынушылардың жұмысына қолайлы әсер етеді. "Үшбұрыш" сұлбасы (Y/ немесе ) бойынша жалғасқан үшфазалы трансформатордың орамаларындағы ЭҚК пен тоқтардың үш еселі гармоникасы арифметика бойынша қосылып ораманың ішінде тұйықталады және ЭБЖ –не беріліс [ЭБЖ электр беріліс желісі] болмайды. Магнит ағындарында нөльдік гармоникті және үш еселенетін гармониктер болмайды. Сондықтанда ол орамалардың сұлбасымен қосқандағыдай трансформаторлардың құрлымындағы болаттарда қосымша шығын туғызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |