2. Арнайы қызметтерге арналған трансформаторлар. Жалпы қолданымдағы күштік трансформаторлардан басқа арнайы қызметтерге арналған, пісіруге арналған трансформаторларда да кеңінен қолданылады. Сонымен қатар мұндай трансформаторларға: автотрансформаторлар және өлшеуге арналған трансфраматорлар жатады. Арнайы қызметке арналған трансформаторлардың үлкен тобын құрайтындар қатарына радиода және электронды техникада қолданылатын трансформаторлар жатады. Олар тұралы арнайы пәндерде қаралады.
2.1. Автотрансформаторлар.Электротехникалық құрылғылар арасында, жүктеулі кезде кернеуін реттеуге келетін, автотрансформаторлар делінетін трансформаторлар кең таралған.
Олардың негізгі құрылыстық айырмашылығы. Қуаттылығы мен кернеуі шағын автотрансформаторлардың жоғары және төмен кернеулі орамалары біртұтас, өткізгіштерінің көлденең қимасы бірдей, бір қабат болып оралады. Орам сандары, әр орамға 0,5,… 1,0 Вольт келетіндей етіп алынады, бұл бір жағы оқшаулағыштан тазартылған арнайы құрылысты щетканы жылжыту арқылы кернеуді баяу реттеуге мүмкіндік береді. (1.18сурет).
Мұндай автотрансформаторлар бір және үш фазалы етіп жасалады, қалыпты құаттылығы 250 кВА және кернеулері 220…380В болады. Кернеуі 220 Вольттық автотрансформаторлар зертханалық деп аталады (ЗАТР), екінші кернеудің реттелуі нөлден қалыпты мәніне дейін, кейде одан біраз артық деңгейге дейін жетеді.
Автотрансформаторлардың ПЭК трансформаторлардікне қарағанда айтарлықтай төмен.
Кернеулерін өзгету арқылы аса зор емес екі еседен аспайтын трансформаторлар құрылысы жағынан айтарлықтай жоғары қуаттылық пен кернеуге арналып жасалады. Оларды үшфазалы синхронды және асинхронды электрматорларды жүргізуге, сондай-ақ кернеуі бойынша бір-бірінен айырмасы аз байланыс желілерінде пайдаланады. Мұндай автотрансформаторлардың кернеулерін реттеу сырғымалы жанасу жоқ, мысалы: жылжымалы қасқатұйықталған шарғының көмегімен атқарылады.
1.18-сурет. (ЛАТР) автотрансформаторының электр сұлбасы.