Лекция 1 Трансформаторлар


Үшфазалы трансформаторлардың орамаларын жалғау топтары



бет22/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

1.3. Үшфазалы трансформаторлардың орамаларын жалғау топтары. Олардың фазаларын немесе олардың басы мен аяғын маркерлеуді кезек өзгерте отырып жұлдызша және  үшбұрыштап қосудың әртүрлі 12 сұлбасын алуға болады, оны үшфазалы трансформаторда жалғастыру деп атайды.
Сондықтан үшфазалы трансформатордың орамаларын жалғағанда сұлбаның шартты белгілеріне топтық 1 ден 12 ге дейін нөмірлері қосып жазылады,ол сызықтық ЭҚКтің (кернеудің) аттас бірінші және екінші векторлардың арасындағы ығысу бұрышын көрсетеді. Ығысу бұрышының топтық нөмірін 30-ға көбейтіп градуспен анықтайды. Мысалы жалғаудың 6-тобында сызықтық кернеулі ЖК мен ТК ораманың аттас векторларының арасындағы ығысу бұрышы 6 х 30 1800 болады. Трансформатордың жалғау топтамасы оларды қатарласа жұмыс жасауға қосуға мүмкіндік беретін маңызды факторы болып табылады. Әртүрлі топтардағы трансформаторларды параллель жұмысға қосуға болмайды.
Үшфазалы трансформаторлардың жалғау тобы былай анықтайды. Трансформаторлардың орамаларын жалғау сұлбасын олардың қысқыштарының МЕМ стандарттарын көрсете отырып сызады. ЭҚК-тің оң бағытын ораманың соңғы ұшынан басқы ұшына қарай немесе кернеулерді ораманың басқы ұшынан соңғы ұшына қарай көрсетеді. Қосу сұлбасының өзгеруіне қарамастан ЭҚК пен кернеудің оң бағыты өзгеріссіз қалады.(1.16 пен 1.17-суреттер) ЖК мен ТК орамалардың бір-бірінен 1200 бұрышқа ығысқан фазалық кернеулерінің вектордық диаграммаларын біріктіріп сызады(1.16-сурет).
Орамаларды жалғаудың осы сұлбасы үшін Кирхгофтың бірінші және екінші орамаларды тұйық контурына арналған екінші заңы бойынша теңдеулер құрылады. Мысалы  сұлбасы үшін (1.16-сурет)

  • АВ контурына UАВ+UВ–UА=O бұдан UАВ = UА– UВ

  • авуха контурына Uав+Uв–Uа=O. бұдан Uав = Uа– Uв

Фазалық кернеудің векторлық диаграммасында алынған теңдеулерді графикалық жолмен шешу арқылы сызықтық кернеулердің UАВ және Uав векторларының жағдайларын анықтайды (1.16-сурет). ЖК орамасындағы сызықтық кернеудің UАВ = UА–UВ векторын сағат тілінің 12 санына дәлдеп қоямыз. Сонда сол диаграммада үшфазалы трансформатордың ТК орамасындағы сызықтық кернеудің Uав =Uа–Uв, векторы жалғау тобының нөмірін көрсетеді. 1.16-суретте трансформаторлардағы қосудың 12-ші тобы көрсетілген. Сызықтық кернеулердің векторларының орны сағат тілінің ұшы сағат 12-ге тура келеді. Бұл жағдайда UАВ векторы сағат циферблатының минут тіліне Иав векторы сағат циферблатының сағат тіліне сәйкес келеді.



1.16-сурет. Онекінші топтағы үшфазалы кернеу трансформаторы.


Егер екінші орама "Үшбұрыш"  сұлбасы бойынша жалғанса (1.17-сурет), онда фазалық кернеудің векторлық диаграммасы бұрыңғы қалпында қалады (1.17-сурет), себебі олар жалғау сұлбасына тәуелді емес, ал


Кирхгофтың екінші заңы бойынша құрылған теңдеулер былай жазылады
- АВ контуры үшін UАВ+UВ–UА=O бұдан UАВ=UА– UВ
- авzвуа контуры үшін Uав+Uв–Uа=O бұдан Uав=Uа– Uв
Алынған теңдеулерді графикалық жолмен шешу арқылы сызықтық кернеулердің векторларының орындарын,бірінші орамына UАв=UА–UВ және екінші орамыныкі Uав= Uа–Uв , анықтауға мүмкіндік береді.
UАВ векторын (минуттық тіл) сағат тілінің 12 санына келтірсек, екінші орамадағы сызықтық кернеудің Uав векторының (сағаттық тіл) 11 санын көрсеткенін байқаймыз. Демек, трансформатор орамаларының осы сұлбасы бойынша жалғасуы 11 топқа жататынын көреміз.
КСРОда үшфазалы трансформаторлардың орамаларын жалғаудың осы екі тобы стандартталған / -12 және -11, олар сыртқа шығарылған бейтарап ұшы бар немесе жоқ болып та келетін. Бейтарап сымдардың болу, болмауы топтың нөміріне әсер етпейді.

1.17-сурет. Онбірінші топтағы үшфазалы кернеу трансформаторы.


1.4. Үшфазалы трансформаторларды пареллель жұмысқа қосу. Техникалық немесе экономикалық тиімділігіне қарай инженерлік тәжрибеде бір трансформатордың орнына жалпы қуаттылығы бір трансформатордың қуаттылығына тең бірнеше трансформатор қойылып оларды пареллель іске қосады. Мұндай жағдайда жүктеменің қосындысына қарай жүктеменің технологиялық қалыпты тәртібін қаматамасыз ете алатын керекті трансформатор санын ғана жұмысқа қосады. Трансформаторларды паралель қосқанда олардың бірінші және екінші жағынын орамалары өздерінің ортақ шиндеріне жалғанады.


Трансформаторларды параллель жұмыс істеуге қосу үшін белгілі шарттарды сақтау керек олардың негзілері мына үшеуі:

  • пареллель жұмыс істейтін трансформатордың жалғануы бір топқа жатуы;

  • параллель жұмыс істейтін трансформаторлардың қалыпты бірінші және екінші кернеулері тең болуы;

  • пареллель тұйықталудың қалыпты кернеулері олардың арифметикалық орташа мәніне тең болуы немесе одан айырмашылығы 10 % -дан аспауы тиіс.

Егер трансформатор жоғарыдағы шарттарды толық қанағаттандырса ортақ шинадағы жүктеменің қосындысы әрқайсысының қуаттылығына сәйкес бөлінеді.
Қатар істейтін трансформаторлардың қуаттылығы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ үш еседен артпауы тиіс. Мұндайда қуаттылығы төмен трансформатордың қысқа тұйықталу кернеуінің ик%-тік мәні жоғары болуы тиіс. Олардың қуаттылығының айырмасы неғұрлым жоғары болса, қолайлы жағдайда жұмыс жасау мүмкіншілігі де азая түседі.
Қысқа тұйықталу кернеуінің ик % мәндері әртүрлі болып келетін параллель істейтін трансформаторлар арасындағы жүктеменің бөлінуі мынадай қатынаста болады:
S 1/ S2 = S1H ик2/ S2H ик1 (1.84)
ик-үлкен трансформатор аз деңгейде жүктеледі бірақ қуаттылығы аз трансформатордың толық жүктелмеуі жүйенің жалпы қуаттылығына, қуаттылығы жоғары трансформатордың толық жүктелмеуіне қарағанда, аз деңгейде әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет