З)Пікір алмасу және селбесу: басқалармен бірлікте нысана тіктей алатын және сол ны-сананы жүзеге асыра алатын болу; басқалар-дың пікірі мен көзқарасына қүрметпен, түсі-ністікпен қарайтын, өзінің іс-әрекетіне баға бере алатын және тежей алатын болу; әр түрлі қарым-қатынас пен лайықты іс-әрекет-терді пайдаланып селбесе алатын болу, т.б. (4)Жеке тұлға және сезім: өмірге, үйренуге белсенді құштарлық сезімі болу, ар-намысын сақтау және өзіне-өзі сенімді болу; сәтсіздік пен қиыншылықты қаймықпай қарсы алатын болу; тырысшаң, дербес, тәртіпті, кең пейіл және жалықпай ізденетін озық ақылаққа бай болу.
Көңіл бөлетін бір нәрсе, тәлім-торбие, оқыту практикаларында сабақты үйрену нысанасы мен жалпылық даму нысанасын жеке-жеке айырып жүргізу мүмкін емес. Жалпы даму нысанасының дамуын белгілі бір арнайы пенмен жетілдіруге және жеке-дара алға бастыруға болмайды. Сондықтан жалпы даму нысанасы мен пәнді оқыту барысын-дағы нысана қатар дамытылуы, оның үстіне баға-лануы да бірлікте жүргізілуі қажет.
Мысалға физика пәнінің оқыту нысанасын ала-тын болсақ, оған сәйкес бағалау мазмұны төмендегідей болады:
1) Білім және қабілет: Оқушының ортаға қой-ған мәселелерін, істеген физика тәжірибе-лерін, жазған рефераттарын, кішігірім жасам-паздықтарын, ғылыми зерттеу жүргізу іс-қимылдарын объективті түрде есепке алу; оқулық тақырыптары іс-жүзіндегімен байла-ныстырылуы, тақырыптағы физикалық құбы-лыстар іс жүзілік мағына алуы тиіс; оқулық-тағы мазмұндарды өлі жаттаудан, шым-шытырық математикалық есептеулерден сақтанып, тақырып оқушылардың үйрену жағ-дайын түсінуге назар аударатын болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |