Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе


Ассимиляциялаушы (фотосинтездеуші) ұлпаларға



бет12/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф

Ассимиляциялаушы (фотосинтездеуші) ұлпаларға тән ерекшелік – олардың құрамына енетін клеткаларда үнемі хлорофилл дәндерінің болуы. Сондықтан да бұл ұлпаны хлоренхима деп те атайды. Атқаратын негізгі қызметі – фотосинтез жүргізу. Фотосинтез кезінде көмірсуларының түзілуі хлоропластарға ғана емес, күн сәулесінің түсуіне де байланысты. Сондықтан хлоренхима негізінен жапырақ пен сабақ эпидермасының астында, кейде одан да тереңірек орналасады. Әдетте, хлоренхима жапырақта, шөптесін өсімдіктердің сабағында, сүректі өсімдіктердің сабағының алғашқы қабағының алғашқы қабығының паренхимасында, шикі жемістерде, эпифитердің ауа тамырларында жинақталады.
Өсімдіктерді әр түрлі мөлшеріндегі хлоренхима клеткаларының мөлшері мен пішіні бірдей емес. Жапырақтағы ассимиляциялаушы ұлпаларды бағаналы, борпылдақ (қос жарнақтыларда) және қатпарлы (қылқан жапырақтыларда) деп бөледі. Бағаналы паренхима клеткалары жапырақ бетінде тік бағытта созылып, бір-бірімен тығыз, тегіс қатар түзіп орналасады. Мұнда хлорофилл дәндері басым болып келеді де, фотосинтез жоғары қарқынмен жүреді. Бағаналы паренхимадан төмен, яғни жапырақтың астыңғы бетіне қарай орналасқан паренхима клеткалары майда, пішіндері әр түрлі, клеткааралық қуыстары молдау болып орналасады. Сондықтан да бұл паренхиманы борпылдақ паренхима деп атайды. Бұл ұлпа клеткаларының құрамында хлорофилл дәндерінің болуына ассимиляцияға қатынасуына қарамастан, олардың атқаратын негізгі қызметі – ауа алмастыру және транспирациялау (су буландыру).
Қатпарлы паренхима клеткалары қатпар түзіп орналасады. Сол арқылы қылқан жапырақтылардың жапырағынан ассимиляциялаушы бетін ұлғайтады.

Әдебиеттер:
1. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж.
2. Агелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж.
3. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. Москва, 1988 г. Изд. Просвещение.
4. Курсанов Л.И. и др.Ботаника, том 1, Москва,1966 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет