Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе


Сыртқы бөліп шығарушы ұлпалар



бет11/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы, EnglishPhoneticsEssays
Сыртқы бөліп шығарушы ұлпалар. Бұл ұлпалар эпидерма клеткаларынан немесе эпидерма астында (субэпидерма) және одан терең орналасқан клеткалар қабатынан пайда болады.
Бездеуіт түктер (трихомалар) эпидерма клеткаларынан өсіп шығады. Бұлар эфир майларын, шайырды және т.б. заттарды жинап қана қоймай, оларды өсімдік денесінен газ, сұйық және қатты күйінде сыртқа шығарып отырады. Құрылысының алуан түрлілігіне қарамастан, олардың өсімдіктердің жүйелілік топтарына тән морфологиялық тұрақтылығы болады.
Шырындық – тәтті сұйық зат (нектар) бөледі, ол тозаңдандырушы насекомдарды еліктіреді, шырын негізінен гүлдің бөліктерінде кездеседі. Шырындық клеткаларының цитоплазмасы қою жәнеоларды зат алмасу белсенді жүреді. Шығу тегі және алып жатқан орнына қарай шырындық – флоральды және экстрафлоральды деп екіге ажыратылады. Флоральды гүлдерге тән. Ал экстрафлоральды вегетативті мүшелерге тән.
Гидатодтар – (грекше – «гидар», «гидатос» - су, «одос» - жол) сыртқа су тамшыларын және онда еріген тұздарды бөліп шығаратын ұлпа. Оның бөліктері: су устьице, эпитема клеткалары және жапырақтың өткізгіш ұлпаларымен байланысты тамыршасы – талшық шоғы.
Ішкі бөліп шығарушы ұлпалар. Мұндағы жиналған заттар сыртқа шығарылмай, өсімдіктердің ірі паренхималық клеткаларында (идиобластар), клеткааралық қуыстарында, ішкі бездерінде қалады.
Ірі паренхималық клеткалар немесе идиобластар басқа ұлпалар арасында шашырап орналасады. Бұларда әр түрлі заттар – эфир майлары, таниндер, шырыш, қымыздық қышқылының жеке кристалдары друздар және рафидтер жиналады. Бөліп шығарылған заттар жиналатын орындар пішініне, көлеміне, пайда болуына қарай лизигендік және схизогендік деп екіге бөлінеді.
Клетканың тургоры сыртқы орта жағдайларына орай өзгеріп отырады. Өсімдіктердің нөсер жауын, бұршақ, қалың қар жамылғысы, дауыл, жел т.б. ортаның қолайсыз әсерлеріне қарсы тұрушы олардағы қаңқалық қызмет атқаратын механикалық ұлпаларына байланысты. Сонымен өсімдіктердің денесіне таяныш, мықтылық, беріктік және серпімділік қасиет беретін клеткалар тобы механикалық ұлпа деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет