Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет2/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы, EnglishPhoneticsEssays
Әдебиеттер
1. Агелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы.
-Алматы, 1998ж. .
2. Мухитдинов Н.М, Бегенов А.Б, Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. - Алматы, 2001ж. Қазақ университеті баспасы.-
3. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. - Алматы,1994ж.
4.Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растений. -Москва, 2000 г. Изд. «Эдиториал», УРСС.
5. Әметов Ә. Ботаника. -Алматы, 2006ж.
Лекция № 3,4


Тақырыбы: Клетка органодтарының құрылысы мен қызметі. Ядроның құрылысы
Мақсаты: Студенттерге өсімдік клеткасының маңызды бөлігі-цитоплазманың құрылысы мен қызметі, клетканың құрылымдық жүйелері және биологиялық маңызы туралы түсінік беру.
Лекцияның жоспары:
1. Цитоплазма қабықшасы.
2.Цитоплазма органоидтарының құрылысы мен қызметі
3.Ядро- цитоплазманың негізгі органоиды.
4.Ядроның тұқым қуалаудағы маңызы.


Лекция мәтіні: Өсімдік клеткасы негізгі үш бөлімнен тұрады. Олар: клетканы сырт жағынан жауып тұратын біршама қатты және мықты көмірсутекті қабықша: протопласт (грекше протос – алғашқы, пластос – белгілі пішінге ие) – клетканың тірі бөлігі; вакуоль (латынша ваккус – бос деген сөзден алынған), ол әдетте клетка шырыны деп аталатын сұйық қосылыстармен толып тұратын кеңістік.
Клетка қабықшасы және вакуоль протопластың тіршілік әрекет нәтижесінде, клетка дамуының белгілі кезеңінде түзіледі. Протопласта және клетка шырынында (сирек клетка қабықшасында) белгілі бір пішінге ие болатын басқа заттар кездеседі. Оларды туынды заттар (кристалдар, крахмал дәндері, белок, май тамшылары және басқалар) деп атайды. Протопласт күрделі бөлік, органелла деп аталатын әр түрлі компоненттердің жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысының бір-бірінен ажыратуға болатын өзіне тән құрылымы, атқаратын қызметі бар. Клетка органеллаларына: ядро, пластидтер, митохондриялар, рибосомалар, эндоплазмалық ретикулум, диктиосомалар, пароксисомалар, лизосомалар жатады. Әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының органеллалары молекулалық құрылымы бойынша бір-біріне ұқсас, ал химиялық құрамы жағынан жақын, сондықтан да олардың атқаратын қызметі де ұқсас болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда өсімдіктер мен жануарлардың негізгі тіршілік процестерінің көп ортақ жақтарының бар екендігі байқалады. Сонымен қатар олардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Өсімдіктер клеткасының өзіне тән ерекшеліктері – оларда плазмодесмалармен жабдықталған клетка қабықшасының пластидтер және орталықта ірі вакуольдерінің болуы.
Жануарлар клеткасының тағы бір айырмашылығы – жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткасында клетканың бөлінуіне қатысатын центриольдің болмауы. Өсімдік клеткаларының пішіні мен мөлшері әр түрлі, ол клетканың өсімдік денесінде орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты.
Жалпы пішініне қарай өсімдік клеткалары екі типке бөлінеді:

  1. Паренхималық клетка; 2. Прозенхималық клетка.

Паренхималық (латынша – тең және грекше «энхима» - құйылған) клеткалар қабырғаларының диаметрлері барлық бағыттарда бір-бірінен айырмашылықта болмайтын изодиаметрлі клеткалар. Бұған жапырақ клеткалары, жемістердің клеткалары мысал бола алады. Прозенхималық клетканың ұзындығы енінен бірнеше есе ұзын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет