Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе


Вакуоль және клетка шырыны



бет4/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы, EnglishPhoneticsEssays
Вакуоль және клетка шырыны. Вакуоль (латынша vacuus- бос орын, қуыс) деп цитоплазманың клетка шырыны деп аталатын сұйықтықпен толы кеңістігін атайды. Клетка шырыны цитоплазмадан жартылай өткізгіштік қасиеті бар вакуоль мембранасы тонпласты (латынша tanus- көрнеу, грекше, пластос- белгілі пішіні бар) арқылы бөлінген. Олардың пішіндері көпіршік, жіңішке түтікшелер тәрізді. Вакуоль клеткада жүретін тіршілік әрекеттердің нәтижесінде цитоплазмадан бөлінетін сұйық күйіндегі әртүрлі заттар қоспасының алып жатқан орны және эндоплазмалық тордың құрамды бөлігі. Олар осы торда өте жіңішке жолақтар ретінде пайда болады да, зат алмасу өнімдерінің біртіндеп жиналуынан көлемін ұлғайтады.
Вакуольдегі клетка шырынының құрамына енетін еріген заттар конценрациясы сыртқы ортадан жоғары болса, онда оның осмостық қысымы да жоғары болады. Сондықтан судың сырттан клетка қабықшасы арқылы цитоплазма және вакуольге енуі қарқынды жүреді. Судың цитоплазма мембранлары арқылы клеткаға енуі осмос заңына бағынады. Осмос қысымы атмосферамен өлшенеді. Шала өткізгіш мембраналар арқылы судың енуі вакуоль мен клетка сыртындағы ерітіндінің осмос қысымы теңелгенге дейін, яғни ішкі және сыртқы ерітінді конценрациясы бірдей болғанға дейін жүреді.
Тірі клетканың вакуоліне судың ену күші сору күші деп аталады. Судың енуі барысында вакуольдің және протопластың барлық серіктерінің көлемі ұлғаяды да, клетка қабықшасы қысым түсіріп кернейді, бұл қысым- тургор қысымы, немесе тургор деп аталады. Сору күші, тургор қысымы және осмос қысымы бір-бірлеріне тікелей тәуелді. Сору күші осмос және тургор қысымдарының тургор төмендейді. Судың бір клеткадан екіншісіне жылжуы, клеткалардың сору күштерінің айырмашылықтарына байланысты жүргізілген тәжірибенің нәтижесі өсімдіктердің жоғарғы жапырақтарының сору күші төменгі жапырақтарынан жоғарғы екендігін, тамыр клеткаларындағы (тамыр түктеріндегі) тұздардың концентрациясы топырақтағыдан артық екендігін дәлелдеген.
Плазмолиз және деплазмолиз. Плазмолиз кезінде вакуольдегі су мөлшерінің азаюынан цитоплазма клетка қабықшасынан біртіндеп ажырап, клетканың ортасынан қарай ығысып, жиырыла бастайды.
Клетканы вакуольдегі клетка шырының концентрациясынан артық концентрациясы салған кезде пламолиз құбылысы байқалады. Плазмолиз құбылысының пайда болуы үшін сахароза, глицерин, калий селитрасы, ас тұзының ерітіндісі (8%) плазмолитиктер деп аталған заттар қажет .
Клетканы жоғарыда айтылған плазмолитиктердің біріне салсақ,осмос заңы бойынша концентрациясы артық ерітінді вакуольдегі суды сыртқы қарай сора бастайды. Вакуольдің көлемі кішірее түседі, сонымен ілесіп серпімді цитоплазма жиырылады. Бұл құбылыс клетка шырыны мен сыртқы ерітіндінің концентрациясы теңелгенше жүреді. Плазмолиз баяу жүрген кезде цитоплазманың клетка қабығынан ажырауы клетка бұрыштарынан басталады, сондықтанплазмолиз деп аталады. Егер плазмолиз одан ары жалғасатын болса, цитоплазманың бұрыштарындағы жиырылуы бір-бірімен ұштары арқылы қосылып, ішке қарай клетка қабырғасынан әртүрлі көлемде ойыстанып қашықтайды. Бұл ойыс плазмолиз деп аталады. Бұдан кейін цитоплазма біртіндеп клетка қабықшасының ішкі беткейінен түгелдей ажырап, дөңгеленіп клетканың ортасына жиналады. Бұл дөңес плазмолиз деп аталады. Клетканың протопластты бөлігі мен қабықшасының арасындағы кеңістік плазмолитикке толы. Плазмолизденіп тұрған цитоплазма біраз уақытқа дейін тіршілігін жоймайды. Препараттағы плазмолитикті сумен ауыстыру арқылы плазмолизденіп тұрған клеткадағы клетка шырынының концентрациясын арттыруға болады. Осыдан су клеткаға еніп, вакуоль суға қанығып, көлемін біртіндеп ұлғайтады. Осының нәтижесінде клетканың цитоплазмасы бұрыңғы қалпына келеді. Бұл құбылыс деплазмолиз деп аталады. Плазмолиз және деплазмолиз құбылыстары өсімдіктердің тірі клеткаларына ған тән.
Табиғатта плазмолиз құбылысын жаздың аптап күндерінде өсімдік жапырағының солыңқырап, болбырап қалуынан байқаймыз, оны суарғаннан кейін қалпына келуі деплазмолиз көрінісі.
Вакуольдегі клетка шырының химиялық құрамы өсімдіктердің түріне байланысты өзгереді. Дегенмен, негізі құрам бөлігі- су. Клетка шырының құрамындағы заттарды органикалық және минералдық заттар деп екіге бөледі. Органикалық заттар азотты және азотсыз деп тағы екіге бөлінеді. Азотты органикалық заттарға: белоктар (пртеиндер, протедтер), алколоидтар (хинин, морфин, никотин, колхицин, кофейн, кодейн, папаверин) гликоалколоидтар (голанин, дигиталин) жатады. Азотсыз органикалық заттарға мыналар жатады: көмірсулар- моносахаридтер (глюкоза, фруктоза); дисахаридтер (сахароза, мальтоза); полисахаридтер (инулин, петиндер, декстриндер). Глюкозидтер- пигменттер (антоциондар, флавондар); синигрин, амигдалин, кумарин, сапонин, ванилин.
Илік заттар- танин, катехин т.б. Органикалық қышқылдар (қымыздық қышқылы, алма қышқылы, шарап қышқылы, лимон қышқылы). Органикалық қышқылдардың тұздары болады (кальций оксалатының тұздары,т.б.). Минералдық заттарға калий фосфаты, кальций фосфаты, калий нитраты, натрий нитраты, калий хлориді, натрий хлориді, кальций сульфаты, иод, бром жатады. Органикалық заттар протопластың туынды заттары ретінде клетканың құрылымымды жүйелерінде, вакуольдерінде және клетка қабықшаларында (мысалы, көмірсулар және белоктар) жинала алады. Ол заттардың көбінің физиологиялық мәні анықталмаған.
Алколоидтар өсімдіктерде белоктардың ыдырауынан пайда болады, оның құрамында көміртегі, сутегі және шамалы азот бар.
Хинин- хина ағашының қабығында кездеседі, медицинада пайдаланылады. Алаверин, морфин және кодейн-алшынның сүтті шырынында және тұқымында кездеседі. Бұлардан медицинада ауруды басатын және тыныштандыратын дәрілер жасайды.
Никотин- темекі және махорканың жапырағында болатын өте күшті у. Ауыл шаруашылығында зиянкес жәндіктерге қарсы жұмсалады. Глюкозидтер - қанттардың спирттермен, альдегидтермен, фенолдармен ,т.б. азотсыз органикалық заттармен қосындысы болып табылады. Олар кейбір өсімдіктердің клетка шырынында қор заты ретінде , ал ал кейбіреулерінде улы заттар ретінде жиналады.
Глюкозидтер: сапонин- сабыншөп өсімдігінің тамыр сабағында, кумарин- түйежоңышқаның жапырағы мен гүлдерінде, франгулин- итшомырттың қабығында жиналады.
Соланиндер- алқалар тұқымдасының клетка шырынында болатын улы заттар. Олар картоптың өркендері мен гүлдерінде және түйнектерінде кездеседі. Бұл глюкозидтердің құрамында кант және соланинин алколоиды бар.
Пигменттер. Бұл клетка шырынында кездесетін әртүрлі бояу заттары. Оларға антоциан, антохлор, анфеин жатады. Антоциан клетка шырынының реакциясына байланысты алуан түрлі түс береді. Қышқыл ортада- қызыл, қызғылт түс, ал сілтілі ортада көкшіл, көгілдір түс береді. Гүлді өсімдіктерде көп кездеседі. Антохлор сары түс береді. Антофеин күңгірт қоңыр түс береді.
Илік заттар (таннидтер)- күрделі азотты қоылыстар, құрылымы жағынан глюкозидтерге жақын. Олардың дәмі кермек, тұтқыр, антисептикалық қасиеттері бар.
Илік заттар медицинада тұтқыр дәрі-дәрмек жасау үшін, тоқыма өнеркәсібінде маталарды қара-қоңыр бояу үшін қоданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет